Мәтіндік есептерді шығару. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3A бөлім: Квадраттық функция | Мектеп: Павлодар қаласындағы химия-биология бағыттындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні:Аубакирова З.Ж. | |||||||||||||
Сынып: 8 Сабақ 4 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Мәтіндік есептерді шығару | |||||||||||||
Сабақтың түрі | Білімді қолдану сабағы | |||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.4.2.3 қолданбалы есептерді шығару үшін квадраттық функцияны қолдану; 8.4.3.1 есеп шарты бойынша математикалық модель құру | |||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Квадраттық функцияның графигі мен қасиеттерін есептер шығаруда қолдану | |||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||
Тілдік мақсат
| Оқушылар нақты есепте квадраттық функцияның графигі мен қасиеттерін қалай қолдануға болатынын түсіндіреді. Пәндік лексика және терминология
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
| |||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Құрмет құндылығын бір-бірін тыңдау, түсіну, ой бөлісу арқылы; ынтымақтастық құндылығын жұппен жұмыс, топтық жұмыс арқылы; ал еңбек және шығармашылық құндылығын өздігімен жұмыс жасау, басқалардың жұмысын бағалау арқылы жүзеге асады | |||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Физика, биология, экономика | |||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | |||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар квадрат функцияның қасиеттерін, графигін әртүрлі есептер шығаруда қолдана алады. | |||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||
Сабақтың басы 3 мин 4 мин | Ұйымдастыру бөлімі Амандасу. Сабаққа дайындықтарын тексеру. Сабақтың тақырыбы мен мақсатына тоқталу. Сабақта коллаборативті орта құру. «Атомдар мен молекулалар» ойыны. Мұғалім «атомдар» деген кезде оқушылар сыныпта еркін қозғалады. Ал «4 молекула реакцияға түсті» дегенде олар 4 оқушыдан топ құрайды, «3 молекула реакцияға түсті» дегенде 3 оқушыдан топ құрайды. Осылайша оқушылар 3 оқушыдан шағын топтарға бөлінеді. Үй тапсырмасын тексеру Оқушылар шағын топта бір-бірінің жауаптарын салыстырып, тексереді. | 1-2 слайдтар | ||||||||||||
Сабақтың ортасы 10 мин 10 мин 10 минут 5 мин | Жұптық жұмыс Жұптар мұғалімнің таратқан карточкаларындағы квадраттық функцияның графигінің сұлбасын, формуласын, көбейткішке жіктелген түрін сәйкестендіріп, екімүшенің квадратын бөліп шығарулары керек. Кейін екі жұп бірігіп, бірін-бірі тексереді, толықтырады. Топтық жұмыс Әрбір оқушыға 1 тапсырмадан беріледі. Тапсырмалары бірдей оқушылар бірігіп, есептің шешу барысын талқылайды да, өздіктерінен орындайды. Кейін бірдей тапсырма орындаған оқушылар қайта бірігіп, жауаптарын салыстырады, дұрыс жауаппен бір-бірін тексереді. Келесі топтың тапсырмасымен алмасады. Қиналған оқушыға басқа оқушылар көмек береді. 1. Жұмыс уақытына байланысты еңбек өнімділігі формуласы бойынша өзгереді. Жұмыс күнін 8 сағатқа тең деп есептеп, функцияның графигін құрыңыз. а) Еңбек өнімділігі қандай уақытта ең жоғарғы деңгейге жетеді? б) Еңбек өнімділігі жұмыс күнінің қай уақыт аралығында артады? в) Еңбек өнімділігі жұмыс күнінің қай уақыт аралығында азаяды? г) Еңбек өнімділігі қай уақытта жоғары: жұмыс күні басталғаннан кейін 1 сағаттан соң немесе 5 сағаттан соң? 2. Санақ басталғаннан бастап табиғат қорығындағы бұғылардың саны N келесі формула бойынша модельденген
ең көп болған және қанша болған?
Жеке тапсырма Оқушы тапсырманы өздігінен орындайды, дұрыс жауап арқылы өзін-өзі бағалайды. Қажет болған жағдайда мұғалім оқушыға жетелеуші сұрақтар арқылы көмектесе алады. Биіктігі 5 м және ені 4 м болған жүк көлігі суреттегідей парабола тәрізді туннельден өтуі тиіс. Өлшеу бірлігі-метрмен. а) Туннельдің пішінін бейнелейтін квадраттық функцияны табыңыз. б) Жүк көлігі туннельден өте ала ма? Қосымша тапсырма Тас тігінен жоғарыға лақтырылған. Тас жерге түскенге дейін оның биіктігі h(t) = – 5t2 + 39t заңдылығымен сипатталады, мұндағы h-биіктік, t- лақтырылғаннан бастап санағандағы секундпен берілген уақыт. Тас неше секунд 28 метрден кем емес биіктікте болды? | Қосымша 1 Қосымша 2 Қосымша 3 3 слайд 4 слайд | ||||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин | Рефлексия Әрбір оқушы кезектесіп көршісіне төмендегі сұрақтарды қояды, көршісі жауап береді.
Үй тапсырмасы
| 5 слайд Қосымша 4 | ||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||
Саралау сабаққа тапсырманы таңдау кезінде жүргізілді. Қабілеті жоғары оқушылар сабақ барысында басқа сыныптастарына көмектеседі. | Өзара бағалау мен өзін-өзі бағалау жүргізіледі. Мұғалім оқушыларға жетелеуші сұрақтар қою арқылы көмек көрсетеді. | Сынып бөлмесі желдетіледі, есептер оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай беріледі. | ||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?