Мәтіндік есептерді шығару. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3A бөлім: Квадраттық функция | Мектеп: | |||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||
Сынып: 8 Сабақ 5 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Мәтіндік есептерді шығару | |||||||||||||
Сабақтың түрі | Білімді қолдану сабағы | |||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.4.2.3 қолданбалы есептерді шығару үшін квадраттық функцияны қолдану; 8.4.3.1 есеп шарты бойынша математикалық модель құру | |||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Квадраттық функцияның графигі мен қасиеттерін есептер шығаруда қолдану | |||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||
Тілдік мақсат
| Оқушылар нақты есепте квадраттық функцияның графигі мен қасиеттерін қалай қолдануға болатынын түсіндіреді. Пәндік лексика және терминология
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
| |||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Құрмет құндылығын бір-бірін тыңдау, түсіну, ой бөлісу арқылы; ынтымақтастық құндылығын жұппен жұмыс, топтық жұмыс арқылы; ал еңбек және шығармашылық құндылығын өздігімен жұмыс жасау, басқалардың жұмысын бағалау арқылы жүзеге асады | |||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Физика | |||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | |||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар квадрат функцияның қасиеттерін, графигін әртүрлі есептер шығаруда қолдана алады. | |||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||
Сабақтың басы 2 мин 5 мин | Ұйымдастыру бөлімі Амандасу. Сабаққа дайындықтарын тексеру. Сабақтың тақырыбы мен мақсатына тоқталу. Үй тапсырмасын тексеру Оқушылар көршілерімен біріге отырып, бір-бірінің жауаптарын салыстырып, талқылап, тексереді. | 1-2 слайдтар | ||||||||||||
Сабақтың ортасы 6 мин 10 мин 10 минут 7 мин | Жұппен жұмыс Оқушылар өздері шығарады, жұппен жауаптарын салыстырып, тексереді.
Топпен жұмыс Сынып 4 оқушыдан 2 түрлі топтарға бөлінеді. Әрбір топқа төмендегі бір тапсырма шығару жолымен беріледі, оқушылар тапсырманың шығарылуын топта талқылап, түсінеді, кейін әрбір топтан 1 оқушыдан алынып жаңадан топ құралады. Осы топта оқушылар өздерінің есептерін басқа оқушыға түсіндіреді. Тапсырма 1. Норманд терезесінің пішіні суреттегідей тіктөртбұрыш пен жарты шеңберден құралған. Терезенің периметрі l-ге тең. Терезеден неғұрлым көп жарық түсу үшін оның өлшемдері қандай болу керек? Тапсырма 2. Ұзындығы болатын сым берілген. Ауданы ең үлкен болатын тіктөртбұрыш шығатындай оны қандай өлшемде майыстыру керек? Жеке жұмыс Оқушылардың топпен жұмыс кезінде есепті қаншалықты түсінгендерін тексеру мақсатында топпен жұмыста ұсынылған есептер санмен беріледі. Оқушылар өздіктерінен шығарып, жауаптарын бірдей есеп шығарған оқушымен салыстырады. Жалпы сыныпқа ұсынылатын есеп Тапсырма 1. Ұзындығы 12 м болатын сым берілген. Ауданы ең үлкен болатын тіктөртбұрыш шығу үшін оны өлшемі 3мх3м болатын шаршы ретінде майыстыру керектігін дәлелде. Қабілеті жоғары оқушыларға ұсынылатын есеп Тапсырма 2. Терезенің пішіні тіктөртбұрыштан және жоғарғы жағы жарты шеңберден құралған. Оның периметрі 6 м. Терезеден неғұрлым көп жарық түсу үшін оның өлшемдері қандай болу керек? Қосымша тапсырма Оқушылар алдымен өздері шығарады, кейін тақтада талданады. Бизнесмен шаршы пішінді жер телімін сатып алып, дүкен салғысы келді. Муниципалдық ережеге сәйкес жер телімінің көшеге қарайтын батыс және шығыс шекарасынан 10 метр, шекаралас көрші жер телімінің оңтүстік және солтүстік жағынан 5 метр жақындықта ғимарат салуға болмайды. Дүкеннің ауданын функция түрінде көрсетіңіз. | 3 слайд Қосымша 1 Қосымша 2 Қосымша 3 4 слайд | ||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия Оқушылар шеңбер бойымен тұрып тақтада берілген сөйлемдерді кезекпен-кезек жалғастырады:
Үй тапсырмасы
а) Қоршалған жер телімінің A(x) ауданын функция түрінде өрнектеңіз. б) Ауданы ең үлкен болуы үшін жер телімі шаршы болуы керектігін көрсетіңіз.
| 5 слайд Қосымша 4 | ||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||
Саралау сабаққа тапсырманы таңдау кезінде жүргізілді. Қабілеті жоғары оқушылар топпен жұмыс барысында басқа сыныптастарына көмектеседі. Жеке жұмыс ретінде басқа нұсқа ұсынылады. | Бір-біріне қолдау көрсету арқылы өзара бағалау жүргізіледі. Мұғалім сыныпты аралап жүріп тапсырманы орындау деңгейлерін бағалайды, ауызша кері байланыс береді. | Сынып бөлмесі желдетіледі, сабақ бойы оқушыларды жалықтырмау үшін іс-әрекет түрлері өзгертіліп отырады. | ||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?