Мәтіндік есептерді шығару. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.3A бөлім: Квадраттық функция

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Сабақ 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Мәтіндік есептерді шығару

Сабақтың түрі

Білімді жүйелеу, бақылау сабағы

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу

бағдарламасына сілтеме)

8.4.1.2

y=a(x-m)2, y=ax2+n, y=a(x-m)2+n, a≠0 түріндегі квадраттық функциялардың қасиеттерін білу, графигін салу

8.4.1.3

түріндегі квадраттық функциялардың қасиеттерін білу, графигін салу

8.4.1.4

аргумент мәні арқылы функция мәнін және функция мәні арқылы аргумент мәнін анықтау

8.4.2.3

қолданбалы есептерді шығару үшін квадраттық функцияны қолдану

8.4.3.1

есептің шарты бойынша математикалық моделін құрастыру

Сабақтың мақсаты

Квадраттық функция бөлімі бойынша білім, білік, дағдыларының деңгейін анықтау

Бағалау критерийлері

Дағды

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну

Квадрат функцияның қасиетін біледі

Квадрат функцияның графигін тұрғызудың алгоритмін біледі

Қолдану

Есептерді шығару үшін квадраттық функцияның графигі мен қасиеттерін қолданады

Анализ және синтез

Берілген есепті шығару үшін квадрат функцияның қасиеттері мен графигін қолданады және қандай қасиеттерін қолдану керектігін талдайды

 Тілдік мақсат

 

Оқушылар нақты есепте квадраттық функцияның графигі мен қасиеттерін қалай қолдануға болатынын түсіндіреді.

Пәндік лексика және терминология

  • квадрат функция
  • функция
  • функция мәні
  • аргумент
  • аргументтің мәні
  • ең үлкен / ең кіші мәні

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • ең үлкен / ең кіші мәнге парабола төбесінде ие болады

Құндылықтарды дарыту

Құрмет құндылығын бір-бірін тыңдау, түсіну, ой бөлісу арқылы; ынтымақтастық құндылығын жұппен жұмыс, топтық жұмыс арқылы; ал еңбек және шығармашылық құндылығын өздігімен жұмыс жасау, басқалардың жұмысын бағалау арқылы жүзеге асады

Пәнаралық байланыс

Физика, география, экономика

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Оқушылар қолданбалы есептерді шығару үшін квадраттық функцияны қолдана алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

4 мин

Ұйымдастыру бөлімі

Амандасу. Сабаққа дайындықтарын тексеру. Сабақтың тақырыбы мен мақсатына тоқталу. Сабақта коллаборативті орта құру.

«Атомдар мен молекулалар» ойыны.

Мұғалім «атомдар» деген кезде оқушылар сыныпта еркін қозғалады. Ал «4 молекула реакцияға түсті» дегенде олар 4 оқушыдан топ құрайды, «3 молекула реакцияға түсті» дегенде 3 оқушыдан топ құрайды. Осылайша оқушылар 3 оқушыдан шағын топтарға бөлінеді.

Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылар шағын топта бір-бірінің жауаптарын салыстырып, тексереді.

1-2 слайдтар

Сабақтың ортасы

8 мин

5 мин

20 мин

Жеке жұмыс

Оқушыларға тапсырмаларды өздіктерінен орындайды, кейін дұрыс жауаппен салыстырады.

№1. функциясының ең кіші мәні 1-ге тең, осы функцияның өсу, кему аралықтарын анықтаңыз.

№2. формуласымен берілген параболаның төбесінің координаталарын анықтаңыз.

№3. квадраттық функциясының симметрия осі x=2-ге тең. Осы функцияның Оу осімен қиылысу нүктесін табыңыз.

Жұппен жұмыс

Жұптардың әрбір мүшесіне 1 тапсырмадан беріледі. Олар өздіктерінен шығарып, жауапты мұғалімнің жауабымен салыстырып, жұптарына қалай шығарғандарын түсіндіру керек.

№1. Екі санның қосындысы 18-ге тең. Осы екі санның ең үлкен көбейтіндісі қандай сан болуы мүмкін?

№2. Тікбұрышты үшбұрыштың катеттерінің қосындысы 8 см. Осы үшбұрыштың ауданы ең үлкен мәнге ие болу үшін оның катеттері неше см болу керек?

Бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын орындау

Тапсырмаларды оқушылар өздіктерінен орындайды, орындауға 20 минут уақыт беріледі. Дескрипторлар оқушыларға таратылмайды, ол тексерілген жұмыстармен бірге келесі сабақта беріледі.

Қосымша 1

3 слайд

4 слайд

Қосымша 2

Сабақтың соңы

5 мин

Сабақты қорытындылау

  • Тапсырмалар деңгейі қандай болды?
  • Барлық тапсырмаларды орындай алдыңыз ба?
  • Тапсырмаларды орындауға уақыт жетікілкті болды ма?
  • Қай тапсырма Сізге қиындық тудырды? Неге?

Үй тапсырмасы

  • Егер және функциясының нөлдері болса және белгілі болса, онда а параметрінің мәнін табыңыз, шыққан функцияның графигін салыңыз, қасиеттері жазыңыз.
  • Мал шаруашылығы үшін бір жағы өзен болып келген тік төртбұрыш тәрізді жер телімін қоршау керек. Ол үшін 1000 м қоршау бөлінді. Қоршалған жердің ауданы ең үлкен болуы үшін оның өлшемдері қандай болғаны дұрыс?

5 слайд

Қосымша 3

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау сабаққа тапсырманы таңдау кезінде жүргізілді. Қабілеті жоғары оқушылар топтық жұмыс кезінде басқа сыныптастарына көмектеседі.

Үй тапсырмасын тексеру кезінде және математикалық диктант кезінде өзара бағалау, топтық жұмыс кезінде өзін-өзі бағалау жүргізіледі. Мұғалім сыныпты аралап жүріп, ауызша кері байланыс береді.

Сынып бөлмесі желдетіледі, іс-әрекет түрлері өзгеріп отырады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу