Мәтін есептерді шығару. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 1 сабақ.


 1 сабаққа әдістемелік нұсқаулық

 тақырыбы/бөлімшесі «Квадраттық функция және оның графигі»

  «Квадраттық функция» бөлімі

 

 Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік есептерді шешу

 Оқу мақсаты:

 8.4.2.3 қолданбалы есептерді шығару үшін квадраттық функцияны қолдану;

 8.4.3.1 есеп шарты бойынша математикалық модель құру.

 

 Бұл сабақта оқушылар квадраттық функцияны әртүрлі есептерде қолдануға байланысты тапсырмаларды орындайды.

 

 Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық. Қалыптастырушы бағалауға нұсқаулық

 Сабақтың басында психологиялық жағымды орта құру үшін оқушыларды топтарға біріктіріп, бір-біріне бүгінгі сабаққа тілек айту ұсынылады.

 Жаңа материалды меңгеру кезінде оқушыларға «Павлодар-Ақсу» көпірі туралы мәлімет беріліп, ортаңғы арканың қандай формуламен берілетіндігін анықтау тапсырмасы ұсынылады. Оқушылар тапсырманы жұпта немесе шағын топта талқылай алады. Кейін әрбір топтан бір оқушы топтың шешімін айтады. Мұғалім оқушылардың шешімдерін қорыта отырып тақтада талқылайды. Қабілеті жоғары оқушылар дұрыс шығарып, тақтада көрсетуі мүмкін.

 Кейін оқушылар шағын топтарға бөлінеді, оларға тапсырмалар таратылады. Әрқайсысы өз ойын айтып, топтың қорытындысы таратылған параққа жазылады. Тапсырманы орындап болған соң топтар жұмыстарымен алмасады. Бейнематериал арқылы қаншалықты дұрыс орындағандарын тексереді. Тақтадағы дескрипторлар арқылы өзара бағалау жүргізеді. Кері байланыс береді.

 Жеке тапсырма ретінде оқушыларға бірінші тапсырмадан бастап таратылады. Олар тапсырманы орындап болған соң мұғалімге немесе бұрын шығарып болған оқушыға тексертеді. Дұрыс болған жағдайда келесі тапсырмаға көшеді. Бұл алғашқы сабақ болғандықтан тапсырмалар өте қиын емес және деңгейдің өсуі бойынша берілген. 5 тапсырмаға барлық оқушы жетпеуі мүмкін сондықтан ол тапсырманы үй тапсырмасына қосып беруге болады.

 Қосымша тапсырмалар

 

 В деңгейі

  • квадраттық функция графигі А(0; 2), В(2; 0), С(3; 8) нүктелерінен өтетіні белгілі болса, a, b, c коэффициенттерін табыңыз.
  • k параметрінің қандай мәнінде функция графигі

а) абсцисса осімен екі нүктеде қиылысады;

ә) абсцисса осін жанайды;

б) абсцисса осімен ортақ нүктесі болмайды.

 С деңгейі

Төменде берілген функциялардың графиктерін салыңыз және анықталу облысы мен мәндер облысын, өсу, кему аралықтарын анықтаңыз.

Жауаптары

  • Консерві банкасының түбін тесіп оған су құғанда банкадағы су

заңдылығымен кемиді. Осы функцияның графигін салыңыз.

  • Цельсия градусы мен Фаренгейт градусының

шкалаларының арасындағы байланыс TF=32+1,8· Tc формуласымен беріледі. Кестені толтырыңыз:

Температура

Tc

TF

Мұздың еруі

0о

320

Қайнаған су

1000

212о

  • Футболшы жоғарыға доп лақтырды. Доп не көтерілуі

заңдылығымен сипатталады. Неше секундтан кейін доп жерге түседі?

Шешуі.

 

Жауабы: 3 с кейін.

  • Үңгірдің, құдықтың, шахтаның тереңдігін өлшеудің бір әдісі мынадай: жоғарыдан

тас лақтырылады және оның жермен соқтығысу уақытын бақылайды. Егер дененің еркін түсу заңдылығы , g≈10 м/с2 (9,8 м/с2) формуласымен берілсе, кестені толтырыңыз.

s, м

5

20

45

125

t, c

1

2

3

5

5. Тежелу басталғаннан кейін электропоездтың қозғалысы заңдылығымен беріледі, ал жылдамдығы V=16-0,2t заңдылығымен өзгереді, мұндағы t - уақыт (с), v – жылдамдық (м/с), S – жүрген жолы (м). S=S(t), v=v(t) функцяларының графиктерін салыңыз. Графикті пайдаланып, мына сұрақтарға жауап беріңіз: Қанша секундтан кейін поезд тоқтайды? Оның тежелу жолы қандай?

Шешуі.

Қанша секундтан кейін поезд тоқтайды?

80 с кейін поезд тоқтайды.

Оның тежелу жолы қандай?

=640

Оның тежелу жолы 640 м.

 Қажетті сілтемелер мен әдебиеттер тізімі

  • Мордкович А. Г. Алгебра. 8 кл.: Учеб. для общеобразоват. учреждений. – М.: Мнемозина, 2001.
  • Макарычев Ю. Н., Миндюк Н. Г., Нешков К. И., Феоктистов И. Е. Алгебра. 9 класс: учеб. для учащихся общеобразоват. учреждений /— 7-е изд., испр. и доп. — М.: Мнемозина, 2008.

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу