Квадраттық функция. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 9 сабақ.


 9 сабаққа әдістемелік нұсқаулық

 тақырыбы/бөлімшесі «Квадраттық функция және оның графигі»

  «Квадраттық функция» бөлімі

 

 Сабақтың тақырыбы: Квадраттық функция және оның графигі

 Оқу мақсаты:

 8.4.1.4 аргументтің берілген мәндері бойынша функцияның мәндерін табады және керісінше

 

 Бұл сабақта оқушылар квадраттық функцияның аргументінің мәні арқылы функция мәнін және керісінше функция мәні арқылы аргументтің мәнін табуға байланысты дағдыларын бекітеді.

 

 Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық. Қалыптастырушы бағалауға нұсқаулық

 Сабақтың басында мұғалім оқушыларға кішкене қағаздар таратады. Оқушылар осы қағазға квадраттық функция үшін аргументтің берілген мәнінде функция мәнін немесе функцияның берілген мәнінде аргумент мәнін табуға арналған 1 есептен құрастырады да аттарын жазып мұғалім алдын-ала дайындап қойған қорапшаға салады. Мұғалім тапсырмаларды араластырады, оқушылар бір есептен суырып, шығарады, нәтижені есеп құрастырған оқушы тексереді. Мұғалім сыныпты аралап жүріп жақсы есеп құрастрған оқушының есімін атап, қолдау көрсетіледі.

 Кейін оқушылар мұғалімнің үстелінде жатқан есептер жазылған карточкаларды бір-бірден алады да өздіктерінен шығарады, болған оқушы мұғалімге немесе осы есепті шешіп, өз шешімін қорғап шыққан сыныптасына шешу жолын түсіндіреді. Егер шешімі дұрыс болса, тақтада мұғалімнің алдын-ала сызып, дайындап қойған кестесіндегі есептің нөмірі тұрған бағанынан өз атын жазады және дәл сол есепті шығарған келесі оқушының есепті шешу барысын тыңдай алады.

 Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы ретінде жеке жұмыс ұсынылады. Оқушылар берілген тапсырманы өздері орындайды, кейін мұғалім жұмыстарды жинап алып, басқа ретпен үлестіреді. Сонымен бірге дайын жауап үлгісі мен дескрипторлар таратады. Оқушылар дайын жауап арқылы дескрипторларды пайдаланып өзара бағалау жүргізеді. Нәтижені мұғалімге хабарлайды, жұмысты оқушының өзіне қайтарады.

 Рефлексия кезінде сынып төрт оқушыдан топтарға бөлінеді. Оларға А3 немесе А4 парақтары мен маркерлер таратылады, оқушылар осы парақтарға 2 минут ішінде «Квадраттық функция» ұғымына неғұрлым көп ассоцация жазулар керек. Кейін топтар плакаттарын тақтаға іледі.

 Қосымша тапсырмалар

 В деңгейі

  • Квадраттық функцияның графигі - төбесі А(0; -1) нүктесі болатын және В(-2; 7) нүктесі арқылы өтетін парабола. Осы функцияны формуламен беріңіз.
  • функциясының симметрия осі х=-4 түзуі болса, b коэффициентінің мәнін табыңыз.
  • а) функциясы үшін мәнін табыңыз.

ә) функциясы үшін мәнін табыңыз.

 С деңгейі

  • а) функциясы үшін аргументтің қандай мәнінде

теңдігі орындалады?

ә) функциясы үшін аргументтің қандай мәнінде

теңдігі орындалады?

  • функциясының симметрия осі х=2 түзуі болса, a коэффициентінің мәнін табыңыз.
  • параболасының төбесі А(1;-2) болса және ордината осін В(0;2) нүктесінде қиятыны белгілі болса, a, b, c коэффициенттерінің мәндерін анықтаңыз.

Жауаптары

 Жеке жұмыс

№1. Аргументтің -2; 3,5; мәндерінде функциясының мәні қандай болады?

Шешуі.

 

 

 

№2. Аргументтің қандай мәндерінде функциясының мәні 2; -10; 1 болатынын анықтаңыз.

 

 

 

 

 

 Қажетті сілтемелер мен әдебиеттер тізімі

  • Мордкович А. Г. Алгебра. 8 кл.: Учеб. для общеобразоват. учреждений. – М.: Мнемозина, 2001.
  • Макарычев Ю. Н., Миндюк Н. Г., Нешков К. И., Феоктистов И. Е. Алгебра. 9 класс: учеб. для учащихся общеобразоват. учреждений /— 7-е изд., испр. и доп. — М.: Мнемозина, 2008.

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу