Квадраттық функция және оның графигі. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 7 сабақ.


 7 сабаққа әдістемелік нұсқаулық

 тақырыбы/бөлімшесі «Квадраттық функция және оның графигі»

  «Квадраттық функция» бөлімі

 

 Сабақтың тақырыбы: Квадраттық функция және оның графигі

 Оқу мақсаты:

 8.5.1.3 түріндегі квадраттық функцияның қасиеттерін біледі және графигін салады.

 

 Бұл сабақта квадраттық функцияның қасиеттері мен графигін салу дағдылары жүйеленіп, бекітіледі.

 

 Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық. Қалыптастырушы бағалауға нұсқаулық

 Сабақтың басында үйге берілген тапсырманы оқушылар дайын үлгі арқылы тексеріп, өздерін бағалайды. Қате кеткен оқушылар қай жерінен, неліктен қате кеткендігін ауызша айтып береді.

 Оқушыларға әріптер жазылған парақтар таратылады, мұғалім тақтада тест тапсырмаларын көрсетеді, сыныптың деңгейіне қарай 30 секунд пен 45 секунд аралығында ойлануға уақыт беріледі, кейін мұғалімнің белгісімен оқушылар жауапқа сай әріптерді көтереді, барлығы көтеріп болған соң мұғалім өзіне белгі қойып алып, тесттің жауабын көрсетеді. Бір оқушыдан қалай шығару керектігін ауызша сұрайды да келесі сұраққа көшеді.

 Оқушылар жұпқа бөлінеді. Әрбір жұптың оқушысына екі тапсырма беріледі. Оқушылар осы тапсырмаларды өздіктерінен орындап кейін әркім жұбына шығару жолын түсіндіруі керек. Оқушылардың түсіндіру барысына мейлінше көңіл бөлулерін ескерту керек. Немесе түсінбей отырған тұстары болса, осы есепті шығарып отырған сыныптасынан көмек сұрауларына болатынын да ескерткен жөн. Өйткені сабақтың соңында қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындайтынын айта кету керек. Мұғалім сыныпты аралып жүріп оқушылардың математикалық терминдерді дұрыс қолдануын қадағалап, кері байланыс береді.

 Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындап болған соң бір нұсқаны орындаған оқушылар дәперлерін алмасып, дайын үлгіні пайдаланып, дескрипторлар арқылы бағалау жүргізеді. Бірақ тек қарындашпен тексерулері керектігі ескеріледі. Кейін мұғаліме жұмыстар тапсырылады. Өзара бағалау оқушылардың жіберген қателіктерін дер кезінде түсінулеріне көмектеседі. Ал қарындашпен тексеру тексеру кезінде қандай да бір қателік кетіп қалмауы үшін қажет.

 

 Қосымша тапсырмалар

 

 А деңгейі

b және c –нің қандай мәндерінде A(1; -2) нүктесі параболасының төбесі болады?

 В деңгейі

Егер түрінде берілген парабола М(3; 5) нүктесінен өтетін болса және

Т(1; 2) нүктесі параболаның төбесі болса, онда осы параболаның теңдеуін жазыңыз, графигін салыңыз, 5 қасиетін жазыңыз.

 С деңгейі

Егер және функциясының нөлдері болса және белгілі болса, онда а параметрінің мәнін табыңыз, шыққан функцияның графигін салыңыз.

 Қажетті сілтемелер мен әдебиеттер тізімі

  • Шыныбеков А.Н. Алгебра: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2011.
  • Макарычев Ю. Н., Миндюк Н. Г., Нешков К. И., Феоктистов И. Е. Алгебра. 9 класс: учеб. для учащихся общеобразоват. учреждений /— 7-е изд., испр. и доп. — М.: Мнемозина, 2008.
  • Галицкий М.Л., Гольдман А.М., Звавич Л.И. Сборник задач по Алгебре: учеб. пособие для 8-9 кл.с углуб. изучением математики / М.:Просвещение, 2004.

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу