Бөлшек - рационал теңдеулерді шешу. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 4 сабақ.


 4 сабаққа әдістемелік нұсқалық тақырыбы/бөлімшесі

 «Теңдеулерді шешу»

 «Квадрат теңдеулер» бөлімі

 

 Сабақтың тақырыбы: Бөлшек-рационал теңдеулерді шешу

 Оқу мақсаты:

8.2.2.6 бөлшек-рационал теңдеулерді шешу

 

 Бұл сабақта бөлшек-рационал теңдеулерді шешу дағдысын қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жалғастырылады.

 

 Сабақты ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулық. Қалыптастырушы бағалауға арналған нұсқаулық

 Сабақтың басында ауызша орындауға арналған әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар ұсынылады. Оқушылар жауаптарын шағын тақталарға жаза алады. Олар өз жауаптарын мұғалімге және сыныпқа көрсетеді. Бұл мұғалімге де, оқушыға да пайда болған қиындықтарды дер кезінде анықтап, талқылау ұйымдастыруға көмектеседі. Мұғалім кейбір оқушылардан өз жауабын немесе сыныптасының жауабын түсіндіріп беруді сұрауына болады. Әсіресе, жоғары деңгей дағдысына дамытуға арналған 4 және 5 тапсырмаларға назар аудару керек.

 Кейін оқушылар бөлшек-рационал теңдеулерді шешеді. Мұғалім оқушылардың жұмысын бақылайды және ауызша кері байланыс береді. Сонымен бірге, оқушылар өз жауаптарын өздері тексере алады: олар мәтінде Қазақстан Республикасы туралы шағын деректер арқылы берілген. Жауаптардың сәйкес келмеуі оқушылардың шешімінде қателіктер барын көрсетеді. Бұл кезеңдегі жұмыс жаттықтыру жұмысы болып табылады, сондықтан оқушыларға бір-бірінен көмек сұрауға рұқсат беруге болады.

Келесі кезеңде оқушылар сабақтың оқу мақсатына байланысты құрастырылған қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын өздіктерінен орындайды. Бұл жұмыстың тапсырмалары төрт нұсқада берілген. Жұмыс аяқталған соң оқушылар шағын топта өз шешімдерін талқылап, жауаптары мен шешімдерінің рәсімделуін салыстырады. Бірақ олар дәптерге өзгеріс енгізе алмайды. Дегенмен бұл талқылау оқушылар қандай тәсілді қолданғандары әлі естерінде болғандықтан уақытылы және маңызды жұмыс болып табылады. Талқылау мына сұрақтар төңірегінде болуы мүмкін: сіздің жасаған жұмысыңыздың қай жағы мықты болды, жұмыста қандай қателіктер жіберілді, неліктен, осы қиындықтарды қалай жеңуге болады? Бұл талқылау үй тапсырмасын орындау барысында қайтадан қате жібермеуге көмектеседі.

Қосымша тапсырмалар қызықты құрастырылған және шапшаңдықты қажет етеді.

 

 Түрлі деңгейдегі қосымша тапсырмалар:

 

 В деңгейі

 х-тің қандай мәнінде:

 а) функциясының мәні 2-ге тең;

 б) функциясының мәні -10-ға тең?

 

 С деңгейі

Үшбұрыштардың орнына тепе-теңдік орындалатындай бірмүшелерді қойыңыз:

 

 

 Жауаптары мен шешуі

 

 Мәтіндегі бос рынды толтыруға берілген тапсырмалар

Ауданы ең үлкен облыс () Қарағанды.

Ауданы ең кіші облыс ()Солтүстік Қазақстан.

Тұрғындар саны ең көп облыс Оңтүстік Қазақстан.

Тұрғындар саны ең аз облыс () Атырау.

Қазақстанның ең биік Хан-Тәңірі шыңы () Алматы облысында орналасқан.

Қазақстандағы ең төмен температура (–57º С) (х = 3) Ақмола облысында тіркелді.

 

 Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары

 1 нұсқа. 1. а) 1; б) 2; 9. 2. –3.

 2 нұсқа. 1. а) 2,5; б) –3; 0,5. 2. 5.

 3 нұсқа. 1. а) – 2; б) –1/3; 2. 2. –2.

 4 нұсқа. 1. а) 1/6; б) –0,5; 3. 2. – 5.

 

 Қосымша тапсырмалар

 В деңгейі

 

 а) ;

 б) бөлшек-рационал теңдеулерін құрастырып, оларды шешу керек.

 

 С деңгейі

 Үшбұрыштардың орнына тепе-теңдік орындалатындай бірмүшелерді қойыңыз:

 

  бөлшегін: бөлшектерінің қосындысы ретінде аламыз. Шыққан қосындыны өрнегімен салыстырып, бірінші үшбұрышты х-қа, екіншісін – 2х-қа, ал үшіншісін - 2-ге алмастыру керек екенін аламыз.

 

 Қажетті сілтемелер мен әдебиеттер тізімі:

 

  •  Макарычев Ю.Н., Миндюк Н.Г., Нешков К.И., Феоктистов И.Е. Алгебра. 8 класс : учеб. для учащихся общеобразоват. учреждений – М. : Мнемозина, 2010. – 384 с. : ил.
  •  Панарина В.И. Алгебра. 8 класс. 208 диагностических вариантов. М. : Национальное образование, 2012. – 224 с. : ил.
  •  Шуба М.Ю. Занимательные задания в обучении математике: Кн. Для учителя. М. : Просвещение, 1994. – 222 с. : ил.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу