Квадрат үшмүше. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 5 сабақ.
Сабақты өткізуге әдістемелік нұсқаулар
Сабақ тақырыбы: Квадрат үшмүше
Сабақ түрі: Бекіту сабағы
Оқу мақсаты:
8.2.1.3 квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу;
Сабақ мақсаттары: Оқушыларды квадрат үшмүшенің көбейткіштерге жіктеу арқылы бөлшектерді қысқартуға, теңдеулерді шешуге үйрету.
Сабақ құрылымы:
- Ұйымдастыру кезеңі
- Сабақ мақсатын қою
- Бұрынғы білімдерін белсендіру
- Мәселе қою
- Жұптық жұмыс
- Тақырыпты тереңдету
- Тест
- Сабақты қорытындылау. Рефлексия
Сабаққа қажетті теориялық материал, анықтамалар және т.б.
Теорема 1. Егер және квадрат үшмүшеcінің түбірлері болса, келесі теңбе-теңдік орындалады
Ескерту: Егер квадрат үшмүшесінің дискриминанты нөлге тең болса, яғни формула келесі түрге келеді
Теорема 2. Егер квадрат үшмүшенің түбірлері болмаса, онда оны көбейткіштерге жіктей алмаймыз.
Көрсетілім мен қауіпсіздік техникасына қойылатын нұсқаулар
Материалдың сабақ барысындағы көрсетілімі Power Point бағдарламасы көмегімен жүзеге асады. Слайдтарды мұғалімге сабақтың алдында қарап шығып, оларды бір-бірден көрсетіп отырған жөн. Жауабы бар слайдтарды тек оқушылар өздерінің жауаптарын тексеру үшін ғана қолданыңыз.
Жеке қосымша құжат түрінде жазылған тапсырмалар слайдта болғанымен, оларды параққа басып, әрбір оқушыға жеке ұсынған жөн. Сонымен, олардың сабақ үстінде интерактивті тақтамен жұмыс жасау уақыты азаяды.
Сабақты ұйымдастыру бойынша қосымша әдістемелік нұсқаулықтар
Бұл сабақ белсенді оқыту әдісі негізінде құрылған, өйткені кез келген жаңа ұғым берілер алдында оқушыларға қандай да бір сұрақтар/тапсырмалар беріледі. Содан кейін оқушылардың жауаптары негізінде мұғалім олардың жауаптарын толықтырып, жаңа ұғымның анықтамасын оқушылармен бірге қорытады/жетелейді. Сондықтан, оқушылардың жұптағы/топтағы/бүкіл сыныппен ойларымен бөлісуін қолдаңыз, сұрақ қойылғаннан кейін ойлануға уақыт беріңіз (1-2 мин).
Саралауға арналған қосымша деңгейлік тапсырмалар
Базалық деңгей
Бөлшектерді қысқартыңыз:
Күрделі деңгей
№1. Ықшамдаңыз:
№2. Ықшамдаңыз:
№3 Ықшамдаңыз:
Көбейткіштерге жіктеңіз: а)
б)
в)
Формативті бағалау бойынша ұсыныстар.
Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзара бағалау, өзін-өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы). Оқушылардың сабақ үстіндегі талқылауларға қатысуы мұғалімнің бақылауы бойынша ауызша кері байланыс арқылы бағаланады. Оқушыларға сабақ бойы берілетін жеке, топтық немесе бүкіл сыныптық кері байланыс олардың қателерін айқындап, алдағы уақытта болдырмауына себеп болады.
Жауаптар, тапсырмаларға қойылатын бағалау критерийлері, сабаққа қосымша материалдар.
Тапсырмаларға берілетін жауаптар презентация слайдтарында бар. Олар өзін-өзі, өзара бағалауды ұйымдастыруда пайдалы болады.
Әрбір тапсырманың бағалау критерийлері сабаққа қосымшаларда және қысқа мерзімді жоспарда жазылған.
Қосымша 1 жауаптары:
№1. 1) ; 2) ; 3) ; 4)
№2. а) ; b) ; c) .
Қосымша 2 жауаптары:
1D, 2B, 3D, 4C, 5A, 6D, 7A, 8B, 9C, 10D.
Қажетті интернет-сілтемелер мен әдебиеттер.
Алгебра. 8-сынып: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық/ Шыныбеков Ә.Н. – 3-басылымы. – Алматы: «Атамұра», 2012. 14-бет.
Алгебра. 8 класс : учеб. для учащихся общеобразоват. учреждений / Ю. Н. Макарычев, Н. Г. Миндюк, К. И. Нешков, И. Е. Феоктистов. — 10-е изд., испр. — М. : Мнемозина,
2010. — 384 с. : ил.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?