Квадрат үшмүше жіктеу. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Квадрат теңдеулер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Квадрат үшмүше жіктеу

Cабақтың түрі

Жаңа тақырыпты меңгеру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.1.2 үшмүшеден екімүшенің толық квадратын бөлу;

8.2.1.3 квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • Квадрат үшмүшеден екімүшенің толық квадратын бөліп алады;
  • Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктейді.

Бағалау критерийлері

Оқушы

  • Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу әдістерін біледі;
  • Квадрат үшмүшеден толық квадратты бөліп алады;
  • Квадрат үшмүшені көбейткіштерге әртүрлі тәсілдермен жіктейді.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Квадрат үшмүшенің жіктелуі жайлы ой-толғаулар жүргізеді, квадрат үшмүшенің көбейткіштерге жіктеу есептерінің шешуін түсіндіреді.

Пәнге қатысты лексика және терминология:

Квадрат үшмүше, квадрат үшмүшенің түбірі, еселі түбір, квадрат теңдеу, бірінші/екінші коэффициент, босмүше, квадрат үшмүшені жіктеу, екімүшенің квадратын квадрат үшмүшеден бөліп алу.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Квадрат үшмүшенің түбірі деп ...

Квадрат үшмүшенің түбірлерін табу үшін ...

Егер квадрат үшмүшенің түбірлері болса, онда …

Егер квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу мүмкін болса, онда …

Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеуге болмайды, егер ...

Құндылықтарды дарыту

 

Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Оқуға үйрену, жағдаятты талдау, жаңа шарттарға бейімделу, мәселені қою және шешім қабылдау, топта жүмыс істеу, өзінің жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыру білігі.

Пәнаралық байланыстар

Мұғалім «жіктеу/жіктелу» ұғымының басқа облыстарда кездесуі жайлы мағлұмат береді.

Физикада (оптика). Ақ спектрдың спектрға жіктелуі.

Химияда. Жіктелу реакциясы – химиялық реакциялар, онда бір күрделі заттан екі немесе одан көп қарапайым заттар пайда болғанда.

Биологияда. Жіктелу – органикалық заттың деградациясы, мысалы, көмірқышқыл газ бен су.

Бастапқы білім

7 сынып курсынан оқушылар қысқаша көбейту формулаларын біледі және қолданады, көпмүшелерді көбейткіштерге жақшаның сыртына шығару, топтастыру әдісі арқылы жіктей алады.

Оқушылар бұрын квадрат үшмүше ұғымын оқыды, оның анықтамасы мен түбірлерін табуды біледі.

Білімді белсендіру кезеңінде теориялық материалды қайталау сұрақ-жауап, көпмүшелерді көбейткіштерге жақшаның сыртына шығару, топтастыру әдісі арқылы жіктеуге арналған тапсырмаларды орындау арқылы жүзеге асады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин

2-4 мин

4-5 мин

5-8 мин

  • Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою.

Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.

  • Оқушылардың білім мен біліктерін белсендендіру.

Сұрақ-жауап. Өткен материал бойынша оқушылардың оқылған материалын тексеру мақсатында теория бойынша сұрақ-жауап өткізіледі.

Сұрақтар:

  • Квадрат үшмүше деп не айтылады? Мысалдар келітіріңіз.
  • Қандай квадрат үшмүше келтірілген деп аталады? Қайсысы келтірілмеген?
  • Квадрат үшмүшенің түбірлерін қалай табуға болады?
  • Көпмүшені көбейткіштерге жіктеудің қандай тәсілдерін білесіз?

Мұғалім «жіктеу/жіктелу» ұғымының басқа облыстарда кездесуі жайлы мағлұмат береді.

Қайталау тапсырмалары.

Оқушыларға көпмүшені ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару және топтастыру әдістері көмегімен көбейткіштерге жіктеу дағдыларын белсендендіруге бағытталған есептерді шешу үсынылады.

Тапсырманы орындап болғаннан кейін оқушылар презентациядағы дайын жауаптар арқылы өзара тексеруді орындайды. Мұғалім кейбір оқушылардан көбейткіштерді жіктеуде қолданылған әдістер туралы сұрай алады. Қажеттілігінше мұғалім оқушылардың жауаптары мен шешімдерін түзете алады.

Презентация

Слайд 1-3

Презентация

Слайд 4-5

Презентация слайд 6

Презентация слайд 7

Сабақтың ортасы

8-10 мин

10-12 мин

12-14 мин

14-18 мин

18-20 мин

20-23 мин

23-30 мин

30-39 мин

  • Жаңа материалды оқу.

Мұғалім оқушылармен бірге мысалды талдайды, квадрат үшмүшені толық квадратты бөліп алу арқылы көбейткіштерге жіктейді. Оқушылар сұрақтар қояды, сыныппен талдау жүргізіледі.

Мысал. Көбейткіштерге жіктеңіз: х2 + 14x + 24

Жұптық жұмыс. Келесі сұлбаны жүпта қарастырыңыз. Қорытынды жасаңыз.

Мұғалім оқушылармен бірге квадрат үшмүшені ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару және топтастыру әдісі арқылы көбейткіштерге жіктейді. Оқушылар сұрақтар қояды, сыныппен талдау жүргізіледі.

Мысал. Көбейткіштерге жіктеңіз 2 – 10x + 8.

Осыдан кейін мұғалім оқушыларға квадрат үшмүшені көбейткіштерге оның түбірлерін табу арқылы жіктеудің жаңа әдісін енгізеді.

Мысал. Көбейткіштерге жіктеңіз 2 + 5x 2. Мысал. Көбейткіштерге жіктеңіз -2 + 20x 20.

Жұптық жұмыс. Жұпта келесі сұлбаны қарастырыңыз. Қорытынды жасаңыз.

Тапсырмаларды орындаңыз.

Оқушыларға үшмүшеден екімүшенің толық квадратын бөліп алу тапсырмасы ұсынылады. Оқушылар жеке жұмыс жасайды.

Тапсырма. Параметрдің қандай мәнінде квадрат үшмүше екімүшенің толық квадраты болып табылады?

Оқушылар тапсырманы аяқтауымен слайд бойынша өзара тексеруді орындайды. Қажеттілігінше мұғалім оқушылармен бірге талқылау ұйымдастырады.

4. Есеп шығару.

Мұғалім оқушыларға ең алдымен келтірілген квадрат үшмүшенің көбейткіштерге жіктеу дағдысын қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларды ұсынады. Оқушылар жеке жұмыс істейді. Берілген үлестірмелерді қолданып, барлық жауаптарды бос ұяшықтарға толтырып ұсынулары керек.

Тапсырманы аяқтағаннан кейін мұғалім оқушылардың жауаптарын және шешімдерін бағалайды, содан кейін оқушылар мұғаліммен бірге қорытынды жасайды, жіктеу кезіндегі қиындық туғызған сәттерді айқындайды. Жауаптар презентацияда көрсетіледі.

Бағалау критерийлері

Оқушы

  • Келтірілген квадрат үшмүшені көбейткіштерге дұрыс жіктейді.

Осыдан кейін оқушыларға келтірілмеген квадрат үшмүшелерді көбейткіштерге жіктеу ұсынылады. Оқушылар дәл солай жеке жұмыс жасайды, дәптерде қажетті жазбаларын орындайды. Берілген үлестімелерді қолдана отыра, бос ұяшықтарды толтырады.

Тапсырманы аяқтағаннан кейін мұғалім оқушылардың жауаптары мен шешімдерін бағалайды, содан кейін оқушылар мұғаліммен бірге қорытынды жасайды, жіктеудегі қиындық туғызған сәттерді айқындайды. Жауаптар презентацияда көрсетіледі.

Бағалау критерийлері

Оқушы

  • Келтірілмеген квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеуді дұрыс орындайды.

Қосымша 1 және 2 тапсырмаларын орныдап болғаннан кейін, мұғалім оқушыларға осы тапсырмаларды салыстыруды ұсынады, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсету арқылы.

Презентация

Слайд 8

Презентация

Слайд 9

Презентация

Слайд 10

Презентация

Слайд 11-12

Презентация

Слайд 13

Презентация

Слайд 14

Қосымша 1

Презентация

Слайд 15

Қосымша 2

Презентация

Слайд 16

Сабақтың соңы

39-40 мин

  • Сабақты қорытындылау. Рефлексия.

Мұғалім сабақ мақсаттарына қайтып оралады, олардың жетістіктерінің деңгейін айтады. Келесі сабақтарды жоспарлау мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады:

 Бүгін мен білдім …

 Маған қызықты болды …

 Маған қиын болды …

 Мен ... тапсырмаларын орындадым.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылана алады.

Оқушылардың эмоционалдық көңіл-күйін келесі сурет бойынша бағалауға болады.

Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға қосымша деңгейлік тапсырмаларды ұсынуға болады, олар әдістемелік нұсқаулықта берілген.

Презентация

Слайд 19

Стикерлер

Сабаққа берілген әдістемелік ұсыныстар

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта өзіне сенімсіз оқушылар біршама қабілетті оқушылармен бірге жұпта жұмыс жасайтындай етіп жасалған, сонда олар қабілетті оқушылармен жұмыс жасағанда көбірек біле алады.

Қабілетті оқушылар өздерінің қабілеттерін консультант ретінде айқындай алады.

Жұптағы немесе жеке жұмыстарда Сіз өзіне сенімсіз оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы көмектесе аласыз.

Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.

Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.

Барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп алынған. Іс-әрекеттердің ауысып отыруы ең үлкен нәтижеге қол жеткізу мақсатында оқушылардың күші мен зейінін дұрыс үлестіруге ықпалын тигізеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу