Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 3 сабақ.


Сабақты өткізуге әдістемелік нұсқаулар

Сабақ тақырыбы: Квадрат үшмүшені жіктеу

Сабақ түрі: Бекіту сабағы

Оқу мақсаты:

8.2.1.1 квадрат үшмүшенің түбірі ұғымын меңгеру;

8.2.1.2 үшмүшеден екімүшенің толық квадратын бөлу;

8.2.1.3 квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу;

Сабақ мақсаттары:

Оқушылар:

  • Квадрат үшмүшеден екімүшенің толық квадратын бөліп алады;
  • Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктейді, соның ішінде айнымалыны алдын-ала алмастыру әдісін қолдану арқылы.

 

Сабақ құрылымы:

  • Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою
  • Бұрынғы білімдерін белсендендіру
  • Өздік жұмыс.
  • Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеуді жаңа әдісін түсіндіру. «Box method» – «Қорап әдісі».
  • Тақырыпты күрделендіру.
  • Есеп шығару.
  • Coloring activity – Бояу тапсырмасы.
  • Сабақты қорытындылау. Рефлексия

 

Сабаққа қажетті теориялық материал, анықтамалар және т.б.

«Box Method» - «Қорап әдісі»

 

Көрсетілім мен қауіпсіздік техникасына қойылатын нұсқаулар

 Материалдың сабақ барысындағы көрсетілімі Power Point бағдарламасы көмегімен жүзеге асады. Презентация слайдтарында анимациялар бар, олар экранға шешімдер мен жауаптарды біртіндеп шығаруға немесе қойылған сұрақтарға жауаптарды көрсетуге мүмкіндік береді. Сондықтан презентацияны көрсету барысында тапсырма немесе сұрақты көрсеткеннен кейін үзіліс жасау керек, сөйтіп оқушыларда оларды орындауға және ойлануға уақыттары болады.

 

 Сабақты ұйымдастыру бойынша қосымша әдістемелік нұсқаулықтар

 Сабақтың құрылымы мен ұйымдастырылуы оқушылардың жаңа тақырыпты оқу кезінде өнімді әс-әрекетін көздеген, материалдың пассивті қабылдауын болдырмай. Осыған байланысты мұғалімге оқушыларға жоғары деңгейдегі сұрақтарды қою керек, оларды «жаңалық ашуға» және жаңа материалды меңгеруге итермелейтін, сол уақытта оларға ойлануға қажетті уақытты да ұсыныңыз.

 

Саралауға арналған қосымша деңгейлік тапсырмалар

 Базалық деңгей

  «Box method» – «Қорап әдісі» әдісі көмегімен көбейткіштерге жіктеңіз

 Күрделі деңгей

 «Box method» – «Қорап әдісі» әдісі көмегімен көбейткіштерге жіктеңіз

 

 

 Формативті бағалау бойынша ұсыныстар.

Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.

 Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады. Өздік жұмыстың нәтижелерін қолдана отырып, 8.2.1.1 мақсатына жету бойынша мұғалім қорытынды жасайды

 

 Жауаптар, тапсырмаларға қойылатын бағалау критерийлері, сабаққа қосымша материалдар.

 Тапсырмалардың жауаптары презентацияда жазылған, олар сабақта өзара тексеру мен өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру үшін қолайлы болады.

 Әрбір тапсырманың бағалау критерийлері сабаққа қосымшада жазылған.

 Қосымша 2 жауаптары.

 

 Қажетті интернет-сілтемелер мен әдебиеттер.

Алгебра. 8-класс: Учебник для 8 класса общеобразовательной школы с русским языком обучения/ А.Н. Шыныбеков – 3-издание. – Алматы: «Атамұра», 2012. 288 с.

Алгебра. 8 класс : учеб. для учащихся общеобразоват. учреждений / Ю. Н. Макарычев, Н. Г. Миндюк, К. И. Нешков, И. Е. Феоктистов. — 10-е изд., испр. — М. : Мнемозина,

2010.

https://interneturok.ru/lesson/algebra/8-klass/kvadratnye-uravneniya-prodolzhenie/razlozhenie-kvadratnogo-tryohchlena-na-mnozhiteli

http://lomonosovclub.com/ru/study_lists/34#!/articles/256

http://www.yaklass.ru/p/algebra/8-klass/kvadratnye-uravneniia-11021/teorema-vieta-9116/re-eee0a262-f7db-4e0b-87df-9079beb1b2ce



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу