Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Квадрат теңдеулер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу

Cабақтың түрі

Бекіту сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.1.1 квадрат үшмүшенің түбірі ұғымын меңгеру;

8.2.1.2 үшмүшеден екімүшенің толық квадратын бөлу;

8.2.1.3 квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу.

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • Квадрат үшмүшеден екімүшенің толық квадратын бөліп алады;
  • Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктейді, соның ішінде айнымалыны алдын-ала алмастыру әдісін қолдану арқылы.

Бағалау критерийлері

Оқушы

  • Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу әдістерін білдеді;
  • Квадрат үшмүшеден екімүшенің квадартын бөліп алады;
  • Квадрат үшмүшені әртүрлі әдістермен көбейткіштерге жіктейді.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Квадрат үшмүшенің жіктелуі жайлы ой-толғаулар жүргізеді, квадрат үшмүшенің көбейткіштерге жіктеу есептерінің шешуін түсіндіреді.

Пәнге қатысты лексика және терминология:

Квадрат үшмүше, квадрат үшмүшенің түбірі, еселі түбір, квадрат теңдеу, бірінші/екінші коэффициент, босмүше, квадрат үшмүшені жіктеу, екімүшенің квадратын квадрат үшмүшеден бөліп алу.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Квадрат үшмүшенің түбірі деп ...

Квадрат үшмүшенің түбірлерін табу үшін ...

Егер квадрат үшмүшенің түбірлері болса, онда …

Егер квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу мүмкін болса, онда …

Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеуге болмайды, егер ...

Құндылықтарды дарыту

 

Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Оқуға үйрену, жағдаятты талдау, жаңа шарттарға бейімделу, мәселені қою және шешім қабылдау, топта жүмыс істеу, өзінің жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыру білігі.

Пәнаралық байланыстар

Ағылшын тілімен байланыс «Box method» – «Қораптар әдісі» ұғымын енгізгенде жүзеге асады. Бұл әдіс аңылшын тілді әдебиетте кездесетіндіктен, презентацияда ол ағылшын және қазақ тілінде айтылған.

Зоологиямен байланыс ара тотықұсы туралы қысқаша ақпаратты беру арқылы жүзеге асады, оның бейнесін оқушылар квадрат үшмүшені және басқа да көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу кезінде бояйды.

Бастапқы білім

Оқушылар бұрын квадрат үшмүше ұғымын оқып өткен, оның анықтамасын біледі және түбірлерін таба алады, квадрат үшмүшені оның түбірлерін табу, топтастыру және толық квадратты бөліп алу арқылы көбейткіштерге жіктей алады.

Білімді белсендендіру кезеңінде оқылған материалды қайталау жүргізіледі, ол квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу тапсырмалары арқылы тексеріледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин

2- 6 мин

  • Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою.

Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.

  • Оқушылардың білімдерін белсендендіру.

Оқушыларға квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеуге бірнеше тапсырмалар ұсынылады, оларды орындау кезінде көбейткішке жіктеудің әртүрлі әдістерін атап өту керек.

Мұғалім тапсырмалардың шешімін түсіндіруді ұсынады, оқушылардың тілінің математикалық сауаттылығы бағаланады, қажеттілігінше мүмкін қателер мен түсіндірудегі дәл емес жерлерді түзете алады.

Презентация

Слайд 1-3

Презентация

Слайд 4-5

Сабақтың ортасы

6-10 мин

10-17 мин

17-22 мин

22-30 мин

30-39 мин

  • Өздік жұмыс.

Оқушыларға квадрат үшмүшенің түбірін табу дағдысын дамытуға арналған тапсырма ұсынылады. Тапсырманы орындау барысында оқушыларға оқушылар квадрат үшмүше мен оның түбірлерінің арасындағы байланысты орнату ұсынылады.

Тапсырманы аяқтағаннан кейін мұғалім оқушылардың жауаптары мен шешімдерін бағалайды, кері байланыс береді, типтік қателерді атайды, оқушылардың 8.2.1.1 оқу мақсаты бойынша оқушылардың жетуі бойынша қорытынды жасайды. Бағалау критерийлері және дескрипторлар қосымша 1-де жазылған.

4. Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеуді жаңа әдісін түсіндіру.

«Box method» – «Қорап әдісі».

Мұғалім оқушылармен бірге квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу мысалын орындайды, оқушыларға «Қорап әдісін» деп аталатын әдісті ұсынады. Онда оқушылар арнайы тәсіл бойынша кестені толтырады. Оқушылар сұрақ қойып, талқылау жүргізіледі.

Талқылау аяқталғаннан кейін мұғалім оқушыларға топта жаңа тәсілдің сұлбасы бойынша қорытынды жасауды ұсынады.

5. Тақырыпты күрделендіру.

Осыдан кейін мұғалім оқушыларға квадрат емес үшмүшені көбейткіштерге жіктеуді ұсынады, оны сәйкес алмастыру жасау арқылы квадрат үшсүшеге келтіруге болады.

Мұғалім келесі сұрақты қояды: «Көбейткіштерге жіктеу үшін қандай алмастыру жасау керек?». Тапсырманы аяқтағаннан кейін оқушыларға тапсырмалардың шешімдері көрсетіледі, оқушылар өзара тексеруді орындайды.

6. Есеп шығару.

Мұғалім оқушыларға тапсырмаларды орындауды ұсынады, олар квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу дағдысын дамытуға арналған, соның ішінде «Қорап әдісі» де бар. Оқушылар жеке жұмыс істейді. Мұғалім қажет болса, көмек көрсете алады. Ең көп қиындық туғызған тапсырмалар тақтада орындалады.

Тапсырма аяқталғаннан кейін мұғалім оқушылардың шешімдері мен жауаптарын бағалайды, кері байланыс береді, бар болса типтік қателерін белгілейді.

Бағалау критерийлері:

Оқушы

  • Квадрат үшмүшені көбейткіштерге әртүрлі тәсілдермен жіктейді;
  • Алмастыру көмегімен квадрат үшмүшеге келтірілетін үшмүшені көбейткіштерге дұрыс жіктейді.

7. Coloring activityБояу тапсырмасы.

Оқушыларға квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеуге тапсырмалар ұсынылады, сонымен қатар кубтық көпмүшелерді де әртүрлі тәсілмен. Әрбір тапсырмаға жауаптар нұсқасы ұсынылады, дұрыс жауапты белгілей отыра, оқушы сәйкес түстің атын алады, ол түспен берілген суреттің қандай да бір бөлігін бояйды. («Тотықұс» суреті)

Тапсырма аяқталғаннан кейін мұғалім слайдта суреттің дұрыс боямасын көрсетеді. Оқушылар жұпта өзара тексеруді орындайды.

Бағалау критерийлері:

Оқушы

  • Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеуді әртүрлі әдістермен дұрыс орындайды;
  • Кубтық көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеуді дұрыс орындайды;
  • Дұрыс жауаптарға сәйкес берілген суретті бояйды.

Осыдан кейін мұғалім суретте бейнеленген тотықұс жайлы ақпарат береді.

Ара – өте қанық жасыл, қызыл, көгілдір және сары түсті өте ірі (ұзындығы 95 см-ден) тотықұстардың түрі. Жақсы күтім кезінде оңай қолға үйренеді және қамауда өздерін өте жақсы сезінеді. 30-75 жыл өмір сүре алады, бірақ орташа есеппен 60 жыл. Бұл құстарды колумбқа дейінгі Американың үнділіктері үйде ұстаған және олар қазіргі таңда үйде жиі кездеседі. Астық қоспасын, әртүрлі жеміс-жидектерді ас етеді.

Қосыша 1

Презентация Слайды 6-9

Презентация Слайд 9

Презентация

Слайд 10-11

Қосымша 2

Қосымша 3

Түрлі-түсті қарындаштар, фломастерлер

Презентация слайд 12

Сабақтың соңы

39-40 мин

  • Сабақты қорытындылау. Рефлексия.

Мұғалім сабақ мақсаттарына қайтып оралады, олардың жетістіктерінің деңгейін айтады. Келесі сабақтарды жоспарлау мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады:

 Бүгін мен білдім …

 Маған қызықты болды …

 Маған қиын болды …

 Мен ... тапсырмаларын орындадым.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылана алады.

Оқушылардың эмоционалдық көңіл-күйін келесі сурет бойынша бағалауға болады.

Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға қосымша деңгейлік тапсырмаларды ұсынуға болады, олар әдістемелік нұсқаулықта берілген.

Презентация

Слайд 19

Стикерлер

Сабаққа берілген әдістемелік ұсыныстар

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта өзіне сенімсіз оқушылар біршама қабілетті оқушылармен бірге жұпта жұмыс жасайтындай етіп жасалған, сонда олар қабілетті оқушылармен жұмыс жасағанда көбірек біле алады.

Қабілетті оқушылар өздерінің қабілеттерін консультант ретінде айқындай алады.

Жұптағы немесе жеке жұмыстарда Сіз өзіне сенімсіз оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы көмектесе аласыз.

Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.

Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.

Өздік жұмыстың нәтижелерін қолдана отырып, 8.2.1.1 мақсатына жету бойынша мұғалім қорытынды жасайды.

Барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп алынған. Іс-әрекеттердің ауысып отыруы ең үлкен нәтижеге қол жеткізу мақсатында оқушылардың күші мен зейінін дұрыс үлестіруге ықпалын тигізеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу