Квадрат теңдеу. Квадрат теңдеудің анықтамасы. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 1 сабақ.


1 сабаққа әдістемелік нұсқаулық

«Квадрат теңдеулердің анықтамасы»

«Квадрат теңдеулер» бөлімі

Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеу. Квадрат теңдеудің анықтамасы

 Оқу мақсаты:

 8.2.2.1 квадрат теңдеудің анықтамасын біледі.

 

 «Квадрат теңдеудің анықтамасы» бөлімшесіне 3 сағат берілген. Бұл сабақ - осы бөлімшенің алғашқы сабағы. Сабақта квадрат теңдеу ұғымы енгізіледі.

Теориялық материал

  (a ≠ 0) түріндегі теңдеу квадрат теңдеу деп аталады, мұндағы a, b және с – берілген сандар, ал х – айнымалы.

 а – бірінші коэффициент, b - екінші коэффициент, ал с – бос мүше деп аталады.

 Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық. Қалыптастырушы бағалауға нұсқаулық

 

Сабақтың басында «Қысқаша көбейту формулаларын» еске түсіруге арналған 5 сұрақты қамтитын математикалық диктант жүргізіледі. Мұғалім тапсырманы 2 рет оқиды, оқушылар ауызша шығарып, параққа немесе дәптерге тек жауаптарын жазады. Берілген есептер оңай болғанымен оқушылар кейбір тұстарын ұмытып қалуы мүмкін, тексеру барысында әрбір есепке сыныппен ауызша талдау жүргізген дұрыс. Бұл тапсырмаларға мұқият көңіл бөлулерін сұрау керек. Өйткені сабақ барысында осындай есептерді шығаруға тура келетінін ескертіп кету қажет.

Сабақтың келесі кезеңі мұғалім мен оқушылар арасындағы диалог арқылы жүргізіледі. Тақырып оңай болғандықтан жаңа материалды оқушылар өздіктерінен меңгеруіне ықпал ету керек. Мұғалім тек жетелеуші сұрақтар қояды. Кейін жеке жұмыс жүргізіледі. Оқушыларға екі тапсырманы да бірден бермей, алдымен №1 тапсырманы, кейін №2 тапсырманы берген жөн. Тапсырманың дұрыс жауабын тақтада көрсету керек немесе мұғалімнің бір параққа шығарып мұғалімнің партасына қою керек. Мұғалім сыныпты аралап жүріп, оқушылардың жұмысын бақылайды және қажет болған жағдайда көмек көрсетеді. Тапсырмаларды орындап болған оқушыларды жұптастыра отырып, келесі жұмысқа көшуді ұсыну керек. Әрбір жұпқа арнайы дайындалған тапсырмалар беріледі, оқушылар өздіктерінен шығарады, дайын дескрипторлар арқылы көршісімен алмасып тексереді, келіспеушілік туған жағдайда сыныптасынан немесе мұғалімнен көмек сұрай алады.

Тапсырмалардың жауаптары мен шешуі.

№1 Тапсырма:

Төмендегі теңдеулердің ішінен квадрат теңдеулерді анықта және олардың коэффициенттерін жаз.

Теңдеу

Квадрат теңдеу ме, жоқ па?

Квадрат теңдеудің коэффициенттері

a

-25х + 1 = 0

Жоқ

Ия

2

-5

-3

Ия

-4

3

1

2,5х + 1,5х+3 = 0

Жоқ

Ия

3

0

0

Ия

-1

6

0

Ия

1

0

-13

3х = 0

Жоқ

№2 Тапсырма:

Теңдеулерді квадрат теңдеу түріне келтіріңдер және коэффициенттерін анықтаңдар:

а) 3х(х – 2) + (х – 1)(x + 1) = - 2

b) (2x - 1)2 – (3x + 2)(3x – 2) = 0

c) (x – 4)(x + 4) + (2x + 1)2 = 4x

d) (5x – 1)2 – (5x + 1)2 = (4x + 1)2+(4x -1)2

немесе

немесе

Жұппен жұмыс

І жұп

№1.

Теңдеуді ах2 + bх + с = 0 түріне келтіріңдер:

(x – 3)(3x + 2) = (5х – 4)(3х – 2)

№2. Коэффициенттері арқылы квадрат теңдеу құрыңдар:

а) a = 7, b = - 2, c = 1

b) a = -2, b = 5, c = 3

c) a = -1, b = - 3, c = 7

d) a = 5, b = 4, c = -7

e) a = -5, b = 0, c = -1

f) a = 3, b = 4, c = 0

№3. Квадрат теңдеулерді анықтап, коэффициенттерін табыңдар:

а) 2х2 +3х – 1 = 0

b) 3x + 2 = 2x - 1

c) –x - 3xy = 2xy +1.

d) x2 - 8x – 9 = 0

ІІ жұп

№1.

Теңдеуді ах2 + bх + с = 0 түріне келтіріңдер:

(2x + 7)(7 – 2х) = 49 + х(х + 2)

№2. Коэффициенттері арқылы квадрат теңдеу құрыңдар:

а) a = 37, b = - 2, c = 14

b) a = -12, b = 7, c = 31

c) a = -41, b = - 23, c = 17

d) a = 7, b = 14, c = -2

e) a = -3, b = 0, c = -7

f) a = 15, b = 6, c = 0.

№3. Квадрат теңдеулерді анықтап, коэффициенттерін табыңдар:

а) 3х2 +2х – 3 = 0

b) 4x + 7 = 3x - 4

c) –5x - 2xy = 4xy +7.

d) x2 - 5x – 6 = 0

ІІІ жұп

№1.

Теңдеуді ах2 + bх + с = 0 түріне келтіріңдер:

(x + 7)(x2 – 7х + 49) = х(х + 8)(х – 7)

№2. Коэффициенттері арқылы квадрат теңдеу құрыңдар:

а) a = 21, b = - 24, c = 4.

b) a = -15, b = 7, c = 21

c) a = -11, b = - 31, c = 2

d) a = 17, b = 10, c = -3 1

e) a = -5, b = 0, c = -2

f) a = 4, b = 5, c = 0.

№3. Квадрат теңдеулерді анықтап, коэффициенттерін табыңдар:

а) 5х2 +7х – 2 = 0

b) 6x – 15 = 8x - 3

c) –x -9xy = 3xy + 5.

d) x2 - 9x – 10 = 0

 Қажетті сілтемелер мен әдебиеттер тізімі:

 

  • Шыныбеков А.Н. Алгебра: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2011.
  • Мордкович А.Г. Алгебра. 8 кл.: Учеб. для общеобразоват. учреждений. – М. : Мнемозина, 2001.
  • Макарычев Ю.Н., Миндюк Н.Г. Алгебра. Дидактические материалы. 8 класс: пособие для шк. с углубл. изучением математики – М. : Мнемозина, 2010.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу