Квадраттық түбірі бар өрнектерді түрлендіру. Бөлшектің алымындағы/бөліміндегі иррационалдықтан құтылу. Алгебра, 8 сынып, презентация. 3 сабақ.
№ 3 тақырыпқа әдістемелік нұсқаулықтар
«Квадрат түбірі бар өрнектерді түрлендіру»
Сабақ мақсаттары:
8.1.2.4
бөлшек бөлімін иррационалдықтан арылту;
Сабақты ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулықтар. Формативті бағалау бойынша нұсқаулар.
Сабақтың басында бөлімнің материалын қайталауға уақыт бөлінеді. Өткен сабақтармен салыстарғанда тапсырмалар күрделігі артады, сондықтан балалардың іс- әрекетін ұйымдастырудың басқа стратегиясы беріледі. Сонымен қатар, мұғаліммен қоса, басқа оқушылар бір біріне көмектесуі шарт. Оқушылардың өз жауаптарына тек қана салыстырумен шектелмеуі маңызды. Әрбір оқушы өзінің сыныптастарына шешімдер қолданудағы идеяларын, қажетті терминологияны пайдалана отырып түрлендіруді сипаттауы қажет. Сабақтың осы кезеңінде оқушы тек қана бағалаушы емес, сонымен қатар бағаланушы рөлін де атқарады. Сол себепті жаңа материалды меңгеру барысында оқушылардың білімі мен тәжірибесіне аса назар аударылады. Оқушылардың басым көпшілігі бөлшектің бөлімін және алымын иррационалдықты босату тәсілдерінің ұқсастығын өзбеттерінше түсіне алады. Сол себептен сабақтың бұл бөлігі көп уақытты алуды қажет етпейді. Дегенмен, бөлшектің алымында тұрған өрнектердің түрлерінде айырмашылықтар бар, кейбір уақытта оқушыларға бөлшектің бөлімі мен алымын түйіндес бөлшекке емес, түбірдің астында тұрған түйіндес өрнекті түрлендіру қажет. Яғни, ұсынылған тапсырмалардың жаңалығы өрнекті түрлерін өзгертуде болып табылады.
Бөлшектің бөліміндегі және алымындағы иррационалдықтан босатуға арналған тапсырмаларды орындағаннан кейін оқушыларға балдарды қою схемасы ұсынылады. Қосымша көбейткішті дұрыс анықталған жағдайда, дұрыс жауап болғаны үшін жеке балдар қарастырылған.
Схема оқушыларға тапсырмаларды шешудің әдістерін көрсетеді, сол себепті онымен жұмыс жасау оқушыларға осындай тапсырмалардың шешу жолдарын жақсы түсінуге көмектеседі, жұмыстағы кемшіліктерді көреді.
Сабақта уақыт жеткіліксіз болса, үй тапсырмасының бір бөлігі ретінде оқушыларды үйде схемамен жұмыс жасауға шақыра аласыз.
Қабілеттері жоғары оқушылар үшін қосымша тапсырмалар дайындалады.
Қосыма материалдар
2. а) Өрнекті ықшамда
б) n = 100 болғанда өрнектің мәнін тап.
3. Өрнектің мәні натурал сан екенін дәлелдеңіз:
Ответы, указания
2. а) Бөлшектің бөлімін иррационалдықтан босатқан соң:
б) n = 100 болғанда өрнектің мәні 9-ға тең.
3.Көбейткіштерді топтастырсақ:
14 – натурал сан.
Қажетті сілтемелер мен әдебиеттердің тізімі
- Макарычев Ю.Н., Миндюк Н.Г., Нешков К.И., Феоктистов И.Е. Алгебра. 8 класс : учеб. для учащихся общеобразоват. учреждений – М. : Мнемозина, 2010. – 384 с. : ил.
- Макарычев Ю.Н., Миндюк Н.Г. Алгебра. Дидактические материалы. 8 класс: пособие для шк. с углубл. изучением математики – М. : Мнемозина, 2010. – 157 с. : ил.
- Галицкий М.Л., Гольдман А.М., Звавич Л.И. Сборник задач по алгебре, 8-9 классы. – М.: Просвещение, 2009
- Феоктистов И.Е. Алгебра. 8 класс. Дидактические материалы. Методические рекомендации. – М.: Мнемозина, 2012. – 173 с. : ил.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?