Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 4 сабақ.


Сабақты өткізуге әдістемелік нұсқаулар

Сабақ тақырыбы: Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері

Сабақ түрі: Бекіту сабағы

Оқу мақсаты: 8.1.2.1 арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолдану

Сабақ мақсаттары: Оқушылар:

- арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін біледі;

- арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін квадрат түбірдің мәнін есептеуде және өрнектерді ықшамдауда қолдана алады;

Сабақ құрылымы:

  • Ұйымдастыру кезеңі
  • Үй тапсырмасын тексеру
  • Өткен сабақты қайталау
  • Арифметикалық квадрат түбірдің n-ші дәрежесі
  • Бекіту
    • Бүкіл сынып жұмысы
    • Жұптық жұмыс
  • Үй тапсырмасы. Рефлексия.

Сабаққа қажетті теориялық материал, анықтамалар және т.б.

1-теорема. Көбейтіндінің квадрат түбірі көбейткіштердің квадрат түбірлерінің көбейтіндісіне тең.

Егер және болса, онда .

2-теорема. Бөліндінің квадрат түбірі квадрат түбірлердің қатынасына тең. және үшін, онда

.

3-теорема. Кез келген х үшін теңдігі орындалады.

Жалпы жағдайда , мұндағы k – кез келген натурал сан.

Қасиет: болады, мұндағы , n – натурал сан.

Көрсетілім мен қауіпсіздік техникасына қойылатын нұсқаулар

Материалдың сабақ барысындағы көрсетілімі Power Point бағдарламасы көмегімен жүзеге асады. Слайдтарды мұғалімге сабақтың алдында қарап шығып, оларды бір-бірден көрсетіп отырған жөн. Жауабы бар слайдтарды тек оқушылар өздерінің жауаптарын тексеру үшін ғана қолданыңыз. Сабаққа қажетті материал оқулықтардан және Білімланд сайтынан алынған. Егер осы сайтқа жазылымыңыз болса, онда оны қолдануларыңызға болады.

Жеке қосымша құжат түрінде жазылған тапсырмалар слайдта болғанымен, оларды параққа басып, әрбір оқушыға жеке ұсынған жөн. Сонымен, олардың сабақ үстінде интерактивті тақтамен жұмыс жасау уақытын үнемдеуге болады.

 Сабақты ұйымдастыру бойынша қосымша әдістемелік нұсқаулықтар

Бұл сабақ белсенді оқыту әдісі негізінде құрылған, өйткені кез келген жаңа ұғым берілер алдында оқушыларға қандай да бір сұрақтар/тапсырмалар беріледі. Содан кейін оқушылардың жауаптары негізінде мұғалім олардың жауаптарын толықтырып, жаңа ұғымның анықтамасын оқушылармен бірге қорытады/жетелейді. Сондықтан, оқушылардың сабақтағы іс-әрекеттерін белсенді ету мақсатында жасырын ағаштың атын табу сынды тәсіл қолданылды.

Сабақ бойы немесе аяғында оқушылардың осы тақырып бойынша негізгі қателеріне назар аударып, оларды үнемі басты назарға алыңыз.

Оқушылар жіберетін негізгі қателер мынадай болуы мүмкін:

  • Оқушылар түбір астындағы өрнекті ғана дәрежелеп, жауабын солай қалдырып қоюы мүмкін.

 Формативті бағалау бойынша ұсыныстар.

 Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзара бағалау, өзін-өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы). Оқушылардың сабақ үстіндегі талқылауларға қатысуы мұғалімнің бақылауы бойынша ауызша кері байланыс арқылы бағаланады. Оқушыларға сабақ бойы берілетін жеке, топтық немесе бүкіл сыныптық кері байланыс олардың қателерін айқындап, алдағы уақытта болдырмауына себеп болады.

 

 Жауаптар, тапсырмаларға қойылатын бағалау критерийлері, сабаққа қосымша материалдар.

 

 Әрбір тапсырманың бағалау критерийлері сабаққа қосымшаларда және қысқа мерзімді жоспарда жазылған.

 Қосымша 1.

№1. Жауаптары: 1-3; 2-1; 3-4; 4-2; 5-6; 6-5.

№2. Жауаптары: 1Д; 2Қ; 3Қ; 4Д

 Қосымша 2.

№1. Жауаптар: 7; ; 11; -13.

№2. Жауаптар: ; 121; 144; 144.

№3. ЦЕРАТОНИЯ

№4.

 

 

 Қажетті интернет-сілтемелер мен әдебиеттер.

 

Алгебра. 8-сынып: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық/ Шыныбеков Ә.Н. – 3-басылымы. – Алматы: «Атамұра», 2012.

Алгебра. 8 класс : учеб. для учащихся общеобразоват. учреждений / Ю. Н. Макарычев, Н. Г. Миндюк, К. И. Нешков, И. Е. Феоктистов. — 10-е изд., испр. — М. : Мнемозина,

2010.

Алгебра 8 класс, задания для обучения и развития учащихся, Лебединцева Е.А., Беленкова Е.Ю. Москва: «Интеллект центр», 2013.

Білімлэнд, www.bilimland.kz

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу