Перпендикуляр түзулер. Перпендикуляр, көлбеу және оның проекциясы. Алгебра, 7 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы:

Перпендикуляр түзулер.

Перпендикуляр, көлбеу және оның проекциясы.

Оқу мақсаттары

7.3.2.8

перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясы ұғымдарын меңгеру;

Ауызша тапсырмалар

Мына суреттен тік бұрышты үшбұрыштың белгілерін атап көрсет:

Практикалық жұмыс

Оқушылар тапсырманы орындайды және дескрипторлар бойынша өздерін өздері бағалайды.

Жаңа сабақ

Перпендикуляр түзулер. Перпендикуляр, көлбеу және оның проекциясы.

Анықтама:

Тікбұрыш жасап қиылысқан екі түзу перпендикуляр түзулер деп аталады.

Теорема 1: Бір түзуге перпендикуляр екі түзу өзара параллель болады.

Теорема 2: Егер түзу параллель түзулердің біріне перпендикуляр болса, онда ол екіншісіне де перпендикуляр.

Теорема 3: Түзудің әрбір нүктесі арқылы оған бір ғана перпендикуляр жүргізуге болады.

Теорема 4: Түзуден тысқары жатқан нүкте арқылы осы түзуге бір ғана түзу жүргізуге болады.

Салдар: Параллель екі түзудің арақашықтығы олардың бірінің кез келген нүктесінен екіншісіне түсірілген перпендикулярдың ұзындығына тең.

Жалпы сыныппен жұмыс

1. а және b түзулерінің қиылысуында пайда болған бұрыштардың үшеуі

өзара тең. а ┴ b екенін дәлелдендер.

2. АВ және СD перпендикуляр түзулері О нүктесінде қиылысады. ОЕ және ОF сәулелері ОD сәулесімен бір жарты жазықтықта жатады және <ЕОF=105, <ВОF=28°. DОF және DОЕ бұрыштарын табыңдар.

Үйге тапсырма:

166, №167 Шыныбеков Ә.Н

Сабақты қорытындылау

Рефлексия

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу