Сыбайлас және вертикаль бұрыштар, олардың қасиеттері. Перпендикуляр түзулер. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.


 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

7.1B бөлім: Геометрияның алғашқы мәліметтері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Сыбайлас және вертикаль бұрыштар, олардың қасиеттері

Сабақтың типі

Жаңа білімді меңгеру және бекіту, жаңа материалды бекіту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.1.9 сыбайлас және вертикаль бұрыштардың анықтамаларын білу

7.3.1.10 сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін дәлелдеу және қолдану

 Сабақ мақсаттары

оқушылар сыбайлас және вертикаль бұрыштардың анықтамаларын біледі, осы бұрыштардың түрлерін таниды және бейнелей алады

оқу материалын меңгеру және бастапқы түсіну, меңгеру объектісі аясында байланыстар мен қатынастардың мәнін ұғынады

 Бағалау критерийлері

  • негізгі геометриялық фигураларды біледі;
  • сыбайлас және вертикаль бұрыштардың анықтамаларын біледі;
  • сыбайлас және вертикаль бұрыштарды салады және белгілей алады;
  • сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін біледі және стандартты жағдайларда қолданады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

- бөлімнің ұғымдары мен терминдерін пайдаланады;

- аксиомаларды және теоремаларды тұжырымдайды;

- сызбаның салынуын түсіндіреді;

- есептердің шешу жолын түсіндіреді.

Пәнге тән лексика мен терминология:

- нүкте, түзу, сәуле, кесінді, бұрыш;

- аксиома, теорема;

- бұрыштардың түрлері, сүйір бұрыш, доғал бұрыш, жазыңқы бұрыш, тік бұрыш;

- вертикаль бұрыштар, сыбайлас бұрыштар;

- бұрыштардың градустық өлшемі.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

- кесінділер/бұрыштар тең;

- түзу қандай болса да... ;

- ... нүктесі ... түзуіне тиісті;

- сыбайлас бұрыштардың қосындысы... тең.

 Құндылықтарды дарыту

 

Жұптық жұмыс арқылы бірін-бірі құрметтеу, өзін-өзі бағалаудағы жауапкершілік, қауіпсіздік ережелерін сақтау, ұйымдастырушылық, тәртіптілік пен ұқыптылық тәрізді тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру

 Пәнаралық байланыстар

сызу

 АКТ қолдану дағдылары

Activeboard

 Бастапқы білім

Кесінділер мен бұрыштарды салуда және өлшеуде сызғыш пен транспортирді қолдана алу, фигуралардың теңдігі, геометрияның қарапайым фигуралары жайлы ұғымдарды білу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

 Психологиялық жұмылдыру. Сабақтың тақырыбымен таныстыру, оның мақсаттарының қойылымы. Бұл сабақта оқушылар сыбайлас және вертикаль бұрыштар тәрізді жаңа ұғымдармен танысады, сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін қарастырады.

Оқушылардың жетекші білімдері мен дағдыларын өзектендіру.

(Өтілген мәліметтер бойынша білім мен іскерліктерін жүйелеу)

Өтілген мәліметтер бойынша оқушылардың меңгерілген білімдерін тексеру үшін, сондай-ақ зеректіктікке, жылдам реакция мен ойлауға негізделген теориялық сұрақтар қою. Дербес тақталар көмегімен жұмыс.

Әрбір оқушыға кішігірім дербес тақта беріледі.

Мұғалім оқушыларға бірнеше сұрақтар ұсынады, ал оқушылар өз жауаптарын дербес тақталарға жазу арқылы жауап береді және топ бойынша өздерінің жауаптарын мұғалімге көрсетеді.

Ұсынылатын сұрақтар:

1. Оның басы бар, шегі жоқ? (сәуле)

2. Тік бұрыштың градустық өлшемі? (900)

3. 1 градуста қанша минут бар? (600)

4. Бұрышты қақ бөлетін сәуле? (биссектриса)

5. Жазыңқы бұрыштың градустық өлшемі? (1800).

6. Градустық өлшемі 900 болатын бұрыш қалай аталады?

7. Қай бұрыштың градустық өлшемі үлкен, сүйір бұрыш па, әлде доғал бұрыш па? (доғал)

Әрбір оқушының жауабын қадағалау барысында мұғалім ұсынылған сұрақтарға оқушылардың барлығы дұрыс немесе бұрыс жауап берді ме, игерілген мәліметтер есте қаншалықты сақталды, сол бойынша қорытынды жасайды. Міндетті түрде әрбір жауаптан кейін оқушылардың біреуі, басқа оқушылардың назарын есту арқылы қабылдауға аудара отырып дұрыс жауапты баяндайды.

Презентация

№1-2 слайд

Презентация. Сыбайлас және вертикаль бұрыштар.

http://bilimland.kz/kk

Сабақтың ортасы

10 минут

10 минут

10 минут

Практикалық жұмыс № 1.

Берілген жұмысты әрбір оқушы өз дәптерлерінде жеке орындайды. Берілген тапсырманың алгоритмі төменде көрсетілген.

1) ABС жазыңқы бұрышын салыңыз.

2) Жазыңқы бұрыштың қабырғалары арасында кез келген ВD сәулесін жүргізіңіз.

3) Осы бұрыштардың ортақ қабырғасын жасыл түспен, ал бір-бірінің жалғасы болып табылатын қабырғаларды көк түспен ерекшелеңіз.

Осылайша, әрбір оқушының дәптерінде сызба орындалды. Оқушылардың бұл жұмысты орындау процесін мұғалім қадағалап отырады және соңында бірқатар сұрақтар қояды.

Сұрақтар:

- Қанша бұрыш пайда болды?

- Пайда болған бұрыштарды атап шығыңыз.

- Бұрыштардың атаулары қандай?

- Сыбайлас бұрышқа кім анықтама береді?

Оқушылардың бірнеше талпыныстарынан кейін мұғалім сыбайлас бұрыштардың анықтамасын тұжырымдайды.

Анықтама. Егер екі бұрыштың бір қабырғасы ортақ болып, ал қалған қабырғалары толықтауыш жарты түзулер болса, онда мұндай бұрыштар сыбайлас бұрыштар деп аталады.

Практикалық жұмыс № 2.

Оқушылар берілген жұмысты төменде көрсетілген алгоритм бойынша орындайды.

1) Екі қиылысушы түзу жүргізіңіз.

2) Берілген түзулерді белгілеңіз.

3) Түзулердің қиылысу нүктесін белгілеңіз.

4) Алынған бұрыштарды транспортирмен өлшеңіз.

5) Нәтижелерді дәптерге жазыңыз.

Топтық жұмыс.

Оқушыларды топқа бөлу жыл мезгілдері бойынша жүзеге асады. Мысалы, жазда, күзде, қыста және көктемде туылған оқушылар жыз мезгілдері бойынша бірігеді. Олардың мақсаты өздерінің нәтижелерін топтың басқа мүшелерінің нәтижелерімен салыстыру және сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттері жайлы болжам жасау.

Анықтама. Егер бір бұрыштың қабырғалары екінші бұрыш қабырғаларының толықтауыш жарты түзулері болып табылса, онда мұндай екі бұрышты вертикаль бұрыштар деп аталады. Осыдан кейін оқушылар мұғаліммен бірге презентация слайдтарын қарастыра отырып, сыбайлас және вертикаль бұрыштар жайлы теоремаларды дәлелдейді.

Қосымша

Презентация. Сыбайлас және вертикаль бұрыштар.

http://bilimland.kz/kk

№ 3 - 4слайд

Қосымша

№ 5 – 10 слайд

Сабақтың соңы

8 минут

Рефлексия. Қорытынды жасау.

Оқушыларға сұрақтарға жауап беру ұсынылады. Ол сұрақтар мұғалім оқушылардың өтілген мәліметті қаншалықты жақсы меңгергенін, келесі сабақта неге көңіл бөлу керектігін анықтау мақсатында қойылады.

1) Берілген тақырыпты өту барысында сізге не ұнады?

2) Нені жақсы есте сақтадыңыз?

3) Берілген тақырыпты меңгеру барысында сізде қандай қиындық туындады?

4) Екі түзу қиылысқанда қанша бұрыш пайда болады?

5) Сөйлемді аяқтаңыз "Сыбайлас бұрыштардың қосындысы …".

6) Сөйлемді аяқтаңыз "Вертикаль бұрыштар …".

Үй тапсырмасы.

Өтілген материалды оқу, түсіну, есте сақтау. Сыбайлас және вертикаль бұрыштар жайлы теоремалардың дәлелдеулерін жаттау.

Презентация. Сыбайлас және вертикаль бұрыштар.

http://bilimland.kz/kk

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Кейбір жекелеген оқушылар үшін жетекші сұрақтар қою арқылы қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар үшін кеңестің болмауы.

Ауызша мадақтау, мұғалімнің пікірі

Activeboard – ты санитарлық талаптарға сай қолдану.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу