Сыбайлас және вертикаль бұрыштар, олардың қасиеттері. Перпендикуляр түзулер. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі 7.1B бөлім: Геометрияның алғашқы мәліметтері | Мектеп: | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 7 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Сыбайлас және вертикаль бұрыштар, олардың қасиеттері. Перпендикуляр түзулер. | |||||
Сабақтың типі | Білімді бекіту сабағы | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.3.1.10 сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін дәлелдеу және қолдану | |||||
Сабақ мақсаттары | сыбайлас және вертикаль бұрыштардың, перпендикуляр түзулердің, перпендикулярдың түзуге қатысты анықтамаларын және қасиеттерін қолданады; дәлелді пайымдаулардың дағдыларын қалыптастырады және дамытады; өтілген белгілі мәліметтің мәнін терең ұғынады және оларды қолдану бойынша іскерліктері мен дағдыларын дамытады | |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: - бөлімнің ұғымдары мен терминдерін пайдаланады; - теоремаларды тұжырымдайды; - сызбаның салынуын түсіндіреді; - есептердің шешу жолын түсіндіреді. Пәнге тән лексика мен терминология: - нүкте, түзу, сәуле, кесінді, бұрыш; - теорема; - бұрыштардың түрлері, сүйір бұрыш, доғал бұрыш, жазыңқы бұрыш, тік бұрыш; - вертикаль бұрыштар, сыбайлас бұрыштар; - бұрыштардың градустық өлшемі; - перпендикуляр түзулер Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: - кесінділер/бұрыштар тең; - вертикаль бұрыштар... ; - сыбайлас бұрыштардың қосындысы... тең. - перпендикуляр түзулер . . . жасайды. | |||||
Құндылықтарды дарыту
| Пәнге деген жауапты көзқарас арқылы құрмет көрсету, атқарылған жүмысты талдай білу және бағалай алу қабілеті, қауіпсіздік техникасын, денсаулық сақтау факторларын сақтау. | |||||
Пәнаралық байланыстар | сызу | |||||
АКТ қолдану дағдылары | ActiveBoard, Power Point презентациясы, интернет ресурстар | |||||
Бастапқы білім | Кесінділер мен бұрыштарды салуда және өлшеуде сызғыш пен транспортирді қолдана алу, фигуралардың теңдігі, геометрияның қарапайым фигураларын білу, сыбайлас және вертикаль бұрыштардың анықтамалары; сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін қолдану. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 2 минут 10 минут | 1. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық жұмылдыру. Сабақтың тақырыбымен таныстыру, сабақ мақсаттарының қойылымы. Оқушыларды диалогқа даярлау.
2. Оқушылардың жетекші білімдері мен дағдыларын өзектендіру. Өтілген мәліметтер бойынша оқушылардың меңгерілген білімдерін тексеру үшін теориялық материалдан сұрақтар қою. Карточкалармен жұмыс. (Г,К) Оқушылар екі топқа бөлінеді. Оқушылардың бір тобына сөйлемдердің басы жазылған карточкалар берілсе, ал екінші тобына сөйлемдердің аяғы беріледі. Оқушылардың мақсаты - дұрыс сөйлем шығатындай өз жұбын табуы қажет. Осыдан кейін әрбір жұп өз сөйлемдерін дауыстап айтуы қажет. Сөйлемді оқыған кезде қандай да бір ұғымның, анықтама немесе теореманың тұжырымдамасы шығуы мүмкін. Мысалы, бірінші топтың оқушысына «Вертикаль бұрыштар» жазуы бар карточка берілсе, ал екінші топтың оқушысына «тең» жазуы бар карточка беріледі. «Вертикаль бұрыштар тең» тұжырымы шығатындай екі оқушы бір-бірін табуы тиіс. Міндетті түрде оқушының әрбір жауабынан кейін мұғалім оқушыға кері байланыс беріп отырады. | №1-2 слайд Қосымша 1 | ||||
Сабақтың ортасы 15 минут 2 минут 10 минут | 3. Білімді қатесіз қолдану дағдыларын дамыту мақсатындағы ұқсас жағдайлардағы үлгі бойынша тапсырмалар. Дайын сызбалар бойынша есептер шығару (И). Оушылар жұмыс дәптерлерінде мұғалім ұсынған презентациядағы сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін қолдануға арналған тапсырмаларды орындайды. Ол арқылы оқушылардың функционалды сауаттылық, сондай-ақ сыни ойлау дағдылары дамиды. Тапсырмалар күрделілік деңгейіне қарай іріктеліп алынған. Оқушылар жұмыстың бұл түрін орындау барысында мұғалім бұл үрдісті және қажеттілігіне қарай балаларға жеке кеңестер жүргізеді. Дене шынықтыру минуты 4. Дағдыларды қалыптастыру мақсатында жаңа немесе өзгерген жағдайларда игерілген білімдерінің тасымалы және олардың қолданысы Есептер шығару (К). 1. Сыбайлас бұрыштардың бірі екінші сыбайлас бұрыштың жартысынан 33 градусқа артьқ. Осы бұрыштарды табыңыз. 2.Берілгені . Табыңыз
| Э.Н. Балаян Геометрия Задачи на готовых чертежах для подготовки к ГИА и ЕГЭ 7-9 классы № 3-9 слайдтар Слайд № 10 | ||||
Сабақтың соңы 6 минут | Рефлексия. Қорытынды жасау. Вертикаль бұрыштарды шынайы өмірде қай жерде кездестіре аламыз? Үй тапсырмасы. Сыбайлас және вертикаль бұрыштарды шынайы өмірде қай жерде кездестіресіз? Мысалдар келтіріңіз. | № 11 слайд http://textbooks.nis.edu.kz/ | ||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Кейбір жекелеген оқушылар үшін жетекші сұрақтар қою арқылы қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар үшін кеңестің болмауы. | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Көзге арналған гимнастика. Презентацияны санитарлық талаптарға сай қолдану. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?