![]() |
|
![]() |
Есептер шығару. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.
8.3С бөлім I : Түзудің параллельдігі | Мектеп: ХББ НЗМ Шымкент қаласы | |||
Күні: | Мұғалім аты-жөні: Дүйсенбаев Р.А. | |||
Сынып: 7 С | Қатысқан оқушылар саны: | қатыспаған оқушылар саны: | ||
Сабақтың тақырыбы | Есептер шығару | |||
Оқу мақсаттары | 7.3.3.6 түзулердің параллельдігінің белгілерін қолданып, есептеуге және дәлелдеуге берілген есептерді шығара алады; 7.3.3.7 үшбұрыш бұрыштарының қосындысы туралы теореманы және одан шығатын салдарларды қолданып, есептеуге және дәлелдеуге берілген есептерді шығарады; | |||
Сабақ мақсаты | Оқушы: Түзулердің паралельдік белгілерін біледі, есеп шығаруда қолданады, дәлелдеуде тұжырым жасайды. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теореманы біледі, есеп шығаруда қолданып өзіндік тұжырым жасайды. | |||
Жетістік критерийлері | Оқушы: Параллель түзулерді қиғанда пайда болған бұрыштардың қасиеттерін біледі Үшбұрыштарға қатысты анықтамаларды қолданады Үшбұрыштың ішкі бұрышына қатысты және сыртқы бұрышына қатысты анықтамаларды қолданады. | |||
Тілдік мақсаттар
| Оқушы тақырып бойынша терминдерді қолданады; ұғымдарды математикалық тұрғыда түсіндіруде пайдаланады. Пәнге қатысты лексика мен терминология: Тік бұрышты үшбұрыш Биіктік Медиана Биссектриса Катет Гипотенуза 300 - қа қарсы жатқан катет Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: Қандай катет гипотенузадан 2 есе кіші? Неге? Не байқадыңыз? 300 - қа қарсы жатқан катет ... катет гипотенузаның жартысына тең болса.... | |||
Құндылықтарды тәрбиелеу | Сабақта бір-бірін құрметтеуге, топтық жұмыста белсенділік танытуға, танымдық және зерттеушілік қасиеттерін дамыту. | |||
Пәнаралық байланыс | Бұл тақырыпты оқу келешекте физика, сызу және емтихан тапсыруда қажет. | |||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация, интерактивті тақтаны қолдану | |||
Алдын-ала білімдері | Үшбұрыш. Бұрыш. Тең бүйірлі үшбұрыш. | |||
Сабақ барысы | ||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||
Сабақтың басы 8 мин | І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ барысы Оқушыларды сабақтың міндеттері мен күтілетін нәтижелерімен таныстырғаннан кейін үй тапсырмасын пысықтау үшін тақтада көрсетілген жаттығуларды орындайды:
а және b түзулері параллель, егер ... а) 1=3 (-); б) 5+8=1800 (-): в) 2=6 (+); г) 8+3=1800 (-) ; д) 5=3 (+); е) 7=6 (-); ж) 1+7=1800 (+) ; з) 1+4=1800 (-). Көрсетілген жауапқа сәйкес оқушылар тапсырманы дұрыс орындағандықтарын тексереді. Сыныпты 3 топқа бөлу |
6 слайд
| ||
Сабақтың ортасы 15 мин
12- мин | Топтық жұмыс А деңгейі: а және b паралель түзулерін с түзуі қиғанда пайда болған ішкі тұстас бұрыштар тең. Тұжырым дұрыс па немесе қаншалықты дұрыс? В деңгейі: а және b паралель түзулерін с түзуі қиғанда пайда болған ішкі айқыш бұрыштардың қосындысы 1800-қа тең. Тұжырым дұрыс па немесе қаншалықты дұрыс? С деңгейі: Егер d1 мен d2 паралель болса мына тұжырымның дұрыстығын дәлелдеңіз: b= a+c оқушылар тапсырмаларды орындап болған соң өз тұжырымдарын таныстырады. А деңгейі: №1 үшбұрыштың бір бұрышы 800-қа тең, өзге сыртқы бұрыштарының бірі 1400-қа тең болса, үшбұрыштың басқа бұрыштарын анықта. В деңгейі: №2 есеп Үшбұрыштардың өзге бұрыштарын анықта №3 есеп Үшбұрыштардың өзге бұрыштарын анықта С деңгейі: №1 есеп у-тің мәнін анықта. №2 есеп с-ның мәнін тап? Оқушылар қабілеттеріне қарай топтарға бөлінеді, сонымен қатар деңгейлік топтардағы оқушылардың қабілетін ескере отырып, тапсырмаларды тағыда деңгейге бөлдім. 1 топ: Берілген тапсырмаларды орындаңыз, өзгеде тәсілмен орындауға болатынын ойланып көріңіз. 2 топ: берілген тапсырмаларды екі түрлі әдіспен орындаңыз. 3 топ: тапсырмаларды үш түрлі әдіспен орындауға болатындай етіп өзгертіңіз, тапсырмаларды үш түрлі әдіспен орындаңыз. 1 топтың тапсырмаларын 2 топ тексереді, 2 топтың тапсырмаларын 3 топ тексереді. 3 топ тапсырмаларының орындалуын тақтаға жазып көрсетеді. | таратпа материалдар | ||
Сабақтың соңы 5 мин | Кері байланыс: Қай мақсатқа жеттім деп ойлайсыңдар? Мақсатқа жету үшін тағы не қажет? Оқушылар өзін және сыныптастарын бағалайды Үй жұмысы: Өз еріктеріңмен «Тікбұрышты үшбұрыштар қоршаған ортада» жоба жасау. Оқу §2.3 /53 – 55беттер №171, №174 Уақыт болса, мына сайт бойынша қосымша таныстыруға болады. Тікбұрышты үшбұрыштың қасиеттері қарастырылады және Пифагор теоремасы бойынша қабырғаларын табуға тапсырмалар берілген. | https://www.youtube.com/watch?v=lqIaBAhszu0 |
Қосымша ақпарат | ||
Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-ні қолдану Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі) |
Сабақтың әр кезеңінде сұрақтар мен әр деңгейдегі тапсырмалар бар, сонымен қатар қабілеті жоғары оқушылар үшін қызықты тапсырмалар да бар | Оқушылардың жетістігін олардың жұптасып, топта жұмыс жасау кезінде олардың талқылау кезіндегі іс-әрекеттерін қадағалау арқылы бағаланады. | ИКТ байланыс – өзара бағалау кезінде есептің жауаптарын, қажетті материалдарды қамтамасыз ететін интерактивті бағдарламаны пайдалану. Құндылықтар: Сабақта бір-бірін құрметтеуге, топтық жұмыста белсенділік танытуға, танымдық және зерттеушілік қасиеттерін дамыту. |
Рефлексия Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Әр тапсырма сайын оқушылар назары сабақтың жетістік критерийлеріне аударылып отырды. Әр оқушы өз жұмысына комментарий жасап, критерий бойынша мақстақа жету немесе талпыну деңгейін анықтап отырды. | |
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты). 1: Практикалық жұмыс және деңгейлі тапсырмаларды орындау. 2: Толық түсіндіру арқылы есептер шығару Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)? Проблема тудыратын есептер дайындау. Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім? Жекелеген оқушылар әліде өз ойларын дәйекті жеткізе алмайды, математикалық тілде сөйлеу қоры аз. Сызба жұмыстарын орындау барысында ұқыпсыз орындаған оқушылар кездесті. Өз тарапымнан оқушылармен есептердің шарттарын сауатты, сызбаларн дұрыс сыза білуге дағдыландыруым керек. Мұғаліммен оқушы кері байланысы бойынша келесі сабағыма өзгеріс енгіземін. |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 керемет тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру