Мәтінді есептерді шығару. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 7.3В Қысқаша көбейту формулалары | Мектеп: Петропавл қ., химия-биолгоия бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалім аты-жөні: Атаманова Б.Ж. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: | Келген оқушылар саны: | Жоқ оқушылар: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Мәтінді есептерді шығару | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың түрі | Білімді кешенді қолдану сабағы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаттары | 7.5.3.1 Есептің шарты бойынша математикалық модель құрастыру; 7.5.2.2 Мәтінді есептерді теңдеу және теңсіздік құру арқылы шығару. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты | Мәтінді есептерді шығаруда қысқаша көбейту формулаларын қолданады | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар мақсатқа жетті, егер: - қысқаша көбейту формулаларын біледі; - математикалық модель құрастырады; - мәтінді есептерді шығару үшін қажетті формуланы пайдаланады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар:
Қажетті сөз-тіркестер:
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды тәрбиелеу |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Өзін-өзі тану | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақтаны қолдану дағдысы. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдын-ала білімдері | - қысқаша көбейту формулалары, - көпмүшелерге амалдар қолдану; - мәтінді есептерді математикалық модельдеу | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0 - 3 мин |
Ойлау - ми арқылы жүзеге асырудың жоғарғы функциясы. Дәл қазір сіздердің миларыңыздың қай бөлігі белсенді екенін тест арқылы тез анықтауға болады. Суретке қараңыздар (анимациясы слайдта). Егер суреттегі бегемот сағат тілі бойынша айналса, онда сіздердің миларыңыздың сол жақ бөлігі белсенді (логика, анализ). Егер суреттегі бегемот сағат тіліне қарсы айналса, онда сіздердің миларыңыздың оң жақ бөлігі белсенді (көңіл-күй және ішкі түйсік). Математикалық қабілеттілік: Сандар мен символдар да мидың сол жақ бөлігі бойынша анықталады. Мәтінді есептерді шешу үшін қажетті логикалық аналитикалық әдістер де мидың сол жақ бөлігі әсер етеді. Кейбір адамдар кезекпен оң жаққа және сол жаққа айналғанын көре алады. Ғылыми түрде бұл тест дәлелденбеген, біз оны қалжың ретінде қарастыруымызға болады, бірақ шынайылықтың бір үлесі бар. Мидың екі жақ бөлігі де жақсы жұмыс істеу үшін жаттығу орындайық, ол ойлау қабілетін арттырады, естеу сақтау қабілетін дамытады, назарларыңыздың тұрақтылығын жоғарылатады. Құлақ –мұрын. Сол қолыңызбен мұрныңыздың ұшын, оң қолыңызбен сол жақ құлағыңызды ұстаңыз. Бір мезетте құлағыңыз бен мұрныңызды жіберіп, шапалақ ұрыңыз және қолдарыңызды ауыстырып керісінше жасаңыз. | Презентация Слайд № 1 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ ортасы 5 мин 5 мин 25 мин |
Қазір біз ойлау қабілеттеріңіз қаншалықты жылдам екенін тексереміз, сондай-ақ қысқаша көбейту формулаларын еске түсіреміз. 5 – 6 оқушыдан топ құрап ойынды бастаймыз.
Қысқаша көбейту формулалары бізге не үшін қажет? (әртүрлі жауап нұсқасын тыңдайық). Сіздерге ойлануға қарапайым есеп, нақтырақ айтқанда оның тиімді шешімін табуға ұсыныс жасаймын. Есеп. Профессор мен Ермектің бақшасы шаршы түрінде. Профессордың бақшасының қабырғасы 92 м, Ермектікі 88 м. Бір бақшаның ауданы екіншісінен қаншаға артық? Жауаптарды тыңдайық. Есептің шешімін видео арқылы көрейік. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын бірлесіп айқындау.
1 есеп (теңдеу құруға): Егер қабырғасы х см шаршыға 3см-ге арттырса, онда пайда болған шаршының ауданы шаршының ауданынан 39см2-ге артық болады. Кіші шаршының периметрін анықтаңыздар. Шешуі: Бірінші шаршының қабырғасы х см болсын.
(х+3)2 өрнегі х2-тан 39 см2-ге артық екені белгілі. Теңдеу: 5 см - бірінші шаршының қабырғасы, 5+3 = 8 см – екінші шаршының қабырғасы Р= 4*5=20 см. Жауабы: кіші шаршының периметрі 20 см. 2 есеп: (теңсіздік құруға) Шаршының қабырғасын 4см-ге арттырды. Пайда болған шаршының ауданы бастапқы шаршының ауданынан 32см2-ге артық болатындай бастапқы шаршының қабырғасының ұзындығы қанша болуы керек? Шешуі: Бірінші шаршының қабырғасы х см болсын.
(х+4)2 өрнегі х2 –тан 32 см2-ге артық екені белгілі. Теңсіздік: Жауабы: бірінші шаршының қабырғасы 2см-ден артық болуы тиіс.
Физикалық есепті бірлесіп талдау (видео талдау) Тапсырма: Тордың көлемін анықтауға арналған есепті шешіңіздер. (Бір оқушы тақтада, қалғандары орындарында жеке орындайды, кейін салыстырады, жұппен қарастыруға болады). Есептің берілген (мұғалім тақтаға жазады): Шешуі: Егер a=17, b=7, онда Жауабы
Шешуі: Бірінші сан n болсын.
Теңдеу: Бірінші сан – 2, екінші сан – 3. Квадраттарының қосындысы: 4+9=13 Жауабы: 13
Шешуі: Бірінші сан n болсын.
Теңсіздік: Бірінші сан . Ендеше, бірінші сан – 2, екінші сан- 3. Жауабы: 2, 3.
Шешуі: Бірінші залда х қатар болсын.
Теңдеу: Кіші залда 15 қатарда 15 орыннан, екінші залда 18 қатарда 18 орыннан. Барлық орын 15*15+18*18=549. Жауабы: Кинотеатрға бір мезетте 549 көрермен қатыса алады. Мұғалім әр есептің шешуін әрбір жұптардан тексереді, жұппен жұмысты қадағалайды, қажет жағдайда оқушыларға нұсқау беру үшін диалогқа қатысады. Әр есепті оқушылардың біреуі қысқаша рәсімдейді және шешу жолын баяндайды.
Қосымша Есептерді жылдам шығаратын оқушыларға қосымша ретінде геометриялық есеп. Геометриялық есеп Тікбұрышты параллелепипедтің ұзындығы енінен 5см-ге артық және биіктігінен 5см-ге кіші. Бүйір бетінің ауданы 244см2. Параллелепипедтің өлшемдерін табыңыздар.
Шешуі: АВ (ұзындығы) x см болсын, онда AA1(биіктігі) - (x+5) cм, AD(ені) - (x-5) см. S = 2SABCD + 2SAA1D1D + 2SAA1B1B, шарты бойынша – 244 см² SABCD = x(x-5); SAA1D1D = (x-5)(x+5); SAA1B1B = x(x+5) Теңдеу: 2x(x-5) + 2(x-5)(x+5) + 2x(x+5) = 244 x(x-5) + (x-5)(x+5) + x(x+5) = 122 x² – 5x + x² – 5² + x² + 5x = 122 3x² = 122+25 3x² = 147 x² = 49, x > 0 (мағынасы бойынша) x = 7 AB = 7 см – ұзындығы AA1 = 7 см + 5 см = 12 см – биіктігі AD = 7 см – 5 см = 2 см – ені Жауабы: 7 см; 12 см; 2 см). | Қосымша «Tarsia» Презентация Слайд № 2 http://bilimland.kz/ru/home#lesson=10023 Презентация Слайд № 3- 5 Презентация Слайд № 6 Презентация Слайд № 8 – 9 Презентация Слайд №7 http://bilimland.kz/ru/home#lesson=10024 Презентация Слайд №8 http://bilimland.kz/upload/content/lesson/11206/media/c7b7f5f923ffe07d9d1185a85e79cffb/index.html Қосымша 1 Қосымша 2 Презентация Слайд № 9-11 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 2 мин | Кері байланыс: (әр әдіске сұрақтары бар кеспелер алдын ала дайындалады) Эдварда Де Боно Алты қалпақ әдісі Сабақты талдау үшін Эдварда Де Бононың Алты қалпақ әдісі идеясын қолданамыз.Жұпқа бөлініп, әр жұп өзіне түскен қалпақ бойынша қысқаша кері байланыс жазады. Жасыл қалпақ Жасыл қалпақ – өсімдіктердің, молшылықтың, табыстылықтың түсі. Жаңа идеялар туындап, шығармашылық бастауын алады. Сонымен 1-ші топ «Сабақта алған біліміміз қажет болады ма?»-деген сұраққа жауап береді. Сары қалпақ Сары түс – күн көзінің, тіршілік түсі. Сары қалпақтағы адам оптимизмге толы, ол артықшылықтарды іздестіреді. 2-ші топ сабақтың жақсы кезеңдерін баяндайды. Ақ қалпақ Ақ түс таза қағаз беті сияқты алалықсыз және объективті. Фактілер, ақпарат, сұрақтар негіз болады. 3-ші топ фактілер, ақпарат, сұрақтарға сүйене отырып сабақ барысын баяндайды. Қызыл қалпақ Қызыл түс ашуды, шиеленісті білдіреді. Қызыл қалпақта адамды эмоциялар, сезу, сезімдер билейді. 4-ші топ сабаққа байланысты менде қандай сезімдер туындайды деген сұраққа ойларын айтады. Қара қалпақ Қара түс – қараңғылық, қаһарлық, бір сөзбен айтқанда – суық. Қара қалпақта адам қауіптілік танытады. 5-ші топ сабақта не жүзеге аспады, нені толықтыру қажет деп ойлайтындарын жазады. Көк қалпақ Көк қалпақ – аспан түсі. Ол ұйымдастыру және басқарумен байланысты. 6-шы топ сабақта неге қол жеткіздік? Болашақта не істеу керек? деген сұрақтар бойынша өз пікірлерімен бөліседі. Үйге тапсырма: «Сен– маған, мен - саған» ойынына дайындалу. Әр оқушы үйде мәтінді есептер үшін қысқаша көбейту формулалары қолданылатындай кеспе дайындап әкеледі. Бірінші топқа теңдеу арқылы, екінші топқа теңсіздік арқылы шығарылатындай есептер дайындайды. Шешімін парақтың сыртына жазу. (Келесі сабақта: Көршілес партада отырған оқушылар кеспемен алмасады, шығарады, жауабын салыстырады және бір-бірін бағалайды. Әрбір дұрыс жауап үшін 1 ұпай беріледі. Есептің шешімін мұғалім алдын ала тексереді). | Кері байланыс | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?