Жануарлардың сипаты. Дуадақ Қ. Жармағамбетов. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, презентация слайд.


Бөлім: Қоршаған ортаны қорғау

Сабақтың тақырыбы:

Дуадақ

Оқу мақсаттары:

4.2.6.1 кейіпкердің, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалау;

4.3.2.1 таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа сюжеттер енгізу, өлең (төрт жолды) жазу

Бағалау критерийлері:

-әңгімені түсініп оқиды;

-кейіпкерлерін анықтайды;

-кейіпкерлердің іс – әрекетін салыстырады және бағалайды;

-мәтінге жаңа оқиға қосады;

-қатесіз жазады

«Артығын тап» ойыны

Дескриптор:

- Артық атты тауып, айтады;

- Неліктен артық екенін дәлелдейді;

Жануарлардың сипаты

« Айлакер түлкі» қазақ ертегісі

https://www.youtube.com/watch?v=qpbhfw6mMS0

Бұл жануарлар туралы не білесің?

Дескриптор:

- Сұрақтарға жауап береді;

- Олардың іс-әрекетін бағалайды;

ҚБ: «Ду қол шапалақ»

Көңіл-күйлер мекені

Сергіту

Жоғары болсын бағамыз

Білімнен бақыт табамыз

   Жануарларды танып білуге

  Даланы шарлап барамыз.

« Дуадақ құсы» бейнефильмі

/ 02.00-04.20/ https://www.youtube.com/watch?v=lMNvrR3Nfw0

Дескриптор:

- Дуадақ туралы тыңдайды;

- Олардың іс-әрекетін бағалайды;

ҚБ: «Ду қол шапалақ»

Дуадақ

Дескриптор:

- Мәтінді тізбектеп мәнерлеп оқиды.

- Түсініксіз сөздердің астын қарындашпен сызады.

ҚБ: «Бас бармақ»

Сөздік жұмыс

Даңғыл жол – бөгетсіз, кедергісіз кең жол.

Мекиен дуадақ – ұрғашы дуадақ.

Бәйек болу – жаны қалмай құрақ ұшу.

Қанатын қомдау – қанаттарын ұшуға ыңғайлау.

Топтық жұмыс

1-топ. Мәтіндегі кейіпкерлерді ата.

2- топ. Жазушы дуадақтың сыртқы бейнесін қалай сипаттаған? Дуадақ туралы мәлімет жина.

3, 4 -топ. Құстың балапанын қорғау сәтін тауып, оқы.

5-топ. Әңгімені оқығанда өзің қандай сезімде болдың?

Дескриптор:

- Әр топ өз сұрағына жауап береді.

- Кітаптан тауып, оқиды, талдайды.

- Басқалары тыңдайды, келіспесе өз пікірін қосады, бағалайды.

ҚБ: «Бас бармақ»

Пікір алмасу Бағала

Дуадақ мәшиненің артынан ұмтылмағанда балапанынан айрылуы мүмкін бе еді?

Дуадақ қандай құс?

Мәтіндегі қай кейіпкерге мінездеме берер едің?

Дескриптор:

- сұраққа жауап береді.

- кейіпкерлерге мінездеме береді және салыстырады

Шығармашылық жұмыс

1) Дуадақтың балапанын құтқару үшін жасаған әрекетін немен теңестірер едің?

2) Сөз тіркесінің мағынасын түсіндір

Аспан айналып жерге түскендей...

3) «Дуадақ» әңгімесіндегі жүргізуші Қалтайға қандай сұрақтар қояр едің?

Дескриптор:

- Сұраққа жауап береді, жазады.

- Сұрақтар қояды, жазады.

ҚБ:Алақай! Жарайсың! Әттеген-ай! белгісімен екі жұп бір-бірін бағалайды.

Жұптық жұмыс

Дескриптор:

кестедегі сөйлемдерді сәйкестендіреді;

Өз ойын дәлелдейді.

Сторителлинг «Дуадақ»

Дуадақ (лат.Латын тілі Otis tarda) — тырнатәрізділерТырнатәрізділер (мұндай бет жоқ) отрядының бір тұқымдасына жататын құсҚұс. Шығу тегі жөнінен тырналарға ұқсас болғандықтан оларды бір отрядқа жатқызады. Дене тұрқы тауыққа ұқсас. Дуадақ — үнсіз әрі сақ жүретін құс. ҚұрлықтаҚұрлық жүруге, жүгіруге бейімделген үш бармағы болады. Салмағы 4 — 11 кг, ірілері 20 кг-ға жетеді.[2] Шөл,шөлейт далада мекендейді.Дуадақтар жасағында 24 түр бар,ҚазақстандаҚазақстан олардың үш түрі бар: безгелдекБезгелдек, жорға дуадақЖорға дуадақ, дуадақ (Otіs tarda). Дуадақтың қауырсыныҚауырсын (мұндай бет жоқ) тығыз келеді, мойны қысқа әрі жуан. ҚанатыныңҚанат ұзындығы 570 — 670 мм. Құйымшақ бездері болмайды. Қауырсындарының түсі ашық қоңырқай, ұсақ қара жолақтары бар. Қазақстанның оңт.-шығысындағы шөлейтті далада, тау бөктерінде топтанып, кейде жекелей тіршілік етеді. Дуадақ — жыл құсы. Көктемде ұшып келеді де, қазан — қараша айларында жылы жаққа ұшып кетіп, Мекиендері 2 — 3 сарғыш, тарғыл жұмыртқасын жердегі ұяларынаҰя салады, оны 20 — 30 күндей шайқайды. Балапандары ширақ болады. Дуадақ өсімдіктерменӨсімдіктер, кейде ұсақ жәндіктермен де қоректенеді

Сергіту

Өзіндік жұмыс

Дескриптор:

-мәтінге оқиға қосады;

-ойын жүйелі жеткізеді;

-қатесіз жазады.

Мәтін мазмұнын еске түсір. Бір оқиға қосып жалғастырып жаз. Жазған жұмысыңды тексер.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу