Түрлі дереккөздерден ақпарат алу. «Қара құлып» Сайын Мұратбеков. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, дидактикалық материал.


 1-қосымша

 

Қара құлып (әңгіме)

Бiздiң үйде сыртын әшекейлеп сырлаған үлкен ала сандық бар. Сандықтың iшi неше түрлi кәмпиттерге толы. Бiрақ сол сандықтың аузында үлкен кiсiнiң қос жұдырығындай қара құлып тұрады. Қара құлып мелшиген тастай суық. Сүйкiмсiз құлып. Өзi зiлдей ауыр-ақ. Апам ол сандықты тым сирек ашады. Онда да үйге қонақ келе қалғанда дастарқанға жақсы кәмпит салу үшiн ашады. Жайшылықта құмартып жүретiн кәмпиттердi мен де тек сол уақытта жей аламын. Бiр күнi бiздiң үйге апамның бауыры келдi. Ол кiсi өзiмен бiрге Жақан деген баласын да ала келiптi. Жақан менен бiрер жас үлкен. Бiз мәре-сәре боп, қуанысып қалдық. Жақанның келгенiне әсiресе мен қатты қуандым. Апам шай әзiрлеп, дереу әлгi сандығын ашты. Оның iшiнен тәттi кәмпиттерден уыс-уыс қып алып, дастарқанға салып жатыр. Менiң жоғары жағымда сандыққа мойнын соза қарап отырған Жақан:

– Кәмпиттерiң көп екен, – деп қояды. Сол күнi түстен кейiн Жақан екеуімiз үйде оңаша қалдық. Мәтіннің бірінші бөлігі 2. – Кел, кәмпит алып жейiк, – дедi Жақан. – Қара құлып ше? – Пiшту, сөз бе сол да! – деп Жақан сирек тiстерiнiң арасынан шырт еткiзiп қойды. – Кәне, маған шеге тауып бершi. Мен оған құлыпты бұзуға болмайтынын айтып едiм, ол: – Әй, өзiңнiң кәмпит жегiң келе ме? – дедi. – Иә. – Ендеше, неге тұрсың? Бар, тез бiрдеңе әкел. Мен жүгiрiп барып, қорадан шеге алып келдiм. Жақан тағы да шырт еткiзiп түкiрiп қойып: – Қазiр сенiң қара құлпыңды… – дедi де, шегенi құлыптың тесiгiне салып жiберiп, бұралақтатып айналдыра бастады.

Мен оның бұл ожарлығына қайран қалып қарап тұрмын. Қара құлып, өзi зiлдей ауыр құлып… Мәссаған, ашылды да кеттi… Ала сандықтың iшiндегi орау-орау кәмпит терге Жақан екеуімiз қойын-қонышымызды толтырып алдық та, зытып тұрдық. 3.Кешкiсiн апам қабағы түсiп, бiздi жабырқау қарсы алды. Бiрақ ұрыспады. Қара құлып, өзi зiлдей ауыр құлып, ала сандықтың үстiнде жатыр. – Апа, сандықтың аузын неге жаппайсың? – дедiм мен бiрде шыдай алмай. – Жауып қайтем, бәрiбiр сен құлыпты ашуды үйренiп алдың ғой, – дедi апам. – Ақылың бар болса, кәмпиттi сұрап жерсiң, ақылың жоқ болса, ұрлап жей бер. Мен не дерiмдi бiлмей, ұялып төмен қарадым. Содан былай ала сандықтың аузына құлып салынбайтын болды. Ал мен апамның рұқсатынсыз кәмпит алмайтын болдым. Ендi бiр күнi қара құлып ешкiмге керексiз болып, қораның бұрышында жатыр екен. (ҚБ) «Жұлдызша» әдісі Оқушылардың шығарманың тақырыбын және қорытынды бөлімі негізінді сюжеттің дамуын болжау, оның себебін түсіндірулері бағаланады.

Сайын Мұратбеков

1. Күй https://www.youtube.com/watch?v=XtCNj41f96Y

Ұқсастық

Айырмашылық

[attachment=26432:didakt_-mater-trli-derekkzderden-aparat-alu.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
» Мұғалімдер ұрлап жатыр: Петропавлда осындай жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды.
» 🏡Үй алуды мақсат еткендерге тағы бір жағымды жаңалық😍
Пікір жазу