Хан Абылай. Бұхар жырау «Хан Абылай атандың». Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім: Атақты тұлғалар Күні: Сынып: 3 | Мектеп:Астана қаласы, №54 мектеп-лицей Мұғалімнің аты-жөні: Оразбекова Г.А. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||
Сабақ тақырыбы | Хан Абылай. Бұхар жырау «Хан Абылай атандың» | |||||||||||
Оқу мақсаттары | 3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау; 3.2.6.1 кейіпкердің портретін сипатта, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау. | |||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: кейіпкерге мінездеме береді, өлең бойынша сұрақтарға жауап береді; Көптеген оқушылар: өлеңдегі оқиғаның негізінде сюжеттің соңын болжайды, кейіпкердің іс-әрекеті туралы ойын айтады; Кейбір оқушылар: кейіпкердің мінез-құлқының өзгеру себебін анықтайды, іс-әрекетін өлеңнен тауып бағалайды. | |||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||
Тірек сөздер | Оқушылар: Өлең мазмұны туралы өз ойын айта алады. Өлең бойынша сұрақтарға жауап бере алады. Кейіпкерді сипаттай алады. Пәнге қатысты лексика мен терминология: Алтын тақ, жетім мен жесір, әділдік, хан ием. Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Суреттегі қазақ батырлары екенін білдім, себебі ... Абылай Хан атанды, өйткені ... | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Бұл сабақ академиялық өмір бойы білім алуға ынталандырады, еңбек пен шығармашылық және топта жұмыс істеу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағыталған. Қазақ халқының тарихын білуді және оны құрметтеуді, елін сүюді, өз елінің патриоты болуды насихаттау. | |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Берілген тірек сөздерден мәтін құрастырып жазу барысында қазақ тілі пәнімен байланыс пайда болады. Батырлар мен хандар туралы атай алуы дүниетану пәнімен байланыс пайда болады. | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта, https://www.youtube.com/watch?v=nbzQxa0euaw | |||||||||||
Алдыңғы білімді игерулері | Оқушылар атақты тұлғалар туралы біледі. Бар білімді белсенді ету топтық жұмыс арқылы жүзеге асырылады. Өлеңдегі оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды. | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы 0-3 минут | Ширату тапсырмасы. Оқушыларды кір қыстырғышта ілінген жасырын сөздерді таңдау арқылы 4 топқа біріктіреміз. 1-топ: «Бөгенбай» 2-топ: «Қабанбай» 3-топ: «Абылай» 4-топ: «Наурызбай» Оқушылар сөздерді таңдап, ол туралы өз ойын айтады, топтарға бірігеді. Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру. Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру. | Сөздер жазылған парақшалар, жіп , кір қыстырғыш, интербелсенді тақта қосымша1 | ||||||||||
Сабақтың ортасы 4-10 минут
11-21 минут
22-29 минут 30-36 минут |
(МК, Ұ,) Суретпен жұмыс «Миға шабуыл» әдісі арқылы берілген суретке зер сала отырып, берілген сұрақтарға мұғалім көмегімен жауап береді.
Қосымша мәлімет: Батыр деп - ерлік жасаған, елін, жерін сыртқы жаудан қорғаған ер жүрек батырларды айтамыз. Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Алпамыс, Қобыланды, Амангелді, Исатай, Махамбет деген көптеген батырларымыз бар. Ендеше балалар, бүгін біз қазақ батыры Абылай хан туралы айтамыз. Абылай қазақ халқының ханы болған. Абылай ханның шын аты Әбілмансұр. Абылай 1711 жылы дүниеге келген. Абылай ханның әкесінің аты Уәли. Түркістанда билік жүргізген. Абылай хан жоңғарлармен, қалмақтармен шайқасқан. Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің ақылына жүгінген. Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі. (Б) «Күншуақ» Күннің шуағына тапсырма бойынша түсінгенін, түсінбегендерін жазады. 2 - тапсырма (Ө, Т, МК) «Бірлесіп оқу» әдісімен Бұқар жыраудың «Хан Абылай атандың» өлеңін түсініп оқиды. Автор жайлы мәлімет: Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668—1781) — қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы Қазақ-жоңғар соғысының бастаушысы әрі ұйымдастырушысы, атақты Абылай ханның ақылшысы. Дәптермен жұмыс: Сөздік Бұқар жырау- Абылай ханның тұсында өмір сүрген жырау. «Рефлексия» әдісіне сүйеніп:
Сұрақтар: -Суретте кімдер бейнеленген? -Қазақ батырлары неге атқа қонды? -Ақбоз атқа мінген батыр кім деп ойлайсың? Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі. (ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.
3-тапсырма (ЖЖ, ОТ) «Ойлан-жұптас-бөліс» стратегиясы бойынша берілген кестемен жұмыс жасайды. Үлгі:
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Оқушылар бірге жұмыс жасап, ақпаратты іздеуге немесе өз идеяларын айтуға үйренеді. Мәтін құрастыруда кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді. (Б) «Бағдаршам» әдісі Жасыл түс – барлығын оқып үлгердім, өлеңнің кейбір тұстары түсініксіз болды. Қызыл түс – оқып үлгермедім, өлеңді түсінбедім Сары түс – барлығын толық оқыдым, түсіндім 4 - тапсырма (МК, Ө) «Әдеби шеңбер» әдісінің «Қорытындылаушы» бөлімі бойынша берілген анықтамалардың мағынасын ашатындай мәтін құрастырып айтады. Анықтамалар: Абылай - батыр. Абылай – хан. Абылай – қолбасшы. Үлгі: Абылай елін жоңғарлардан қорғаған батыр. Ол батырларды талай шайқастарда демейтін ақылды қолбасшы болды. Өзінің әділдігі мен әдептілігі, ақылдылығы арқасында хан атанды. Қосымша: Kazak Ablai Khan(Абылай хан). Бейнебаян көреді. Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады.Оқушылар бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады. (Б) «Ауызша кері байланыс» әдісі «Жарайсың», «Керемет», «Жақсы». Осы кері байланыс арқылы оқушылар өздері пайдалана алатын кері байланыс тілін қалыптастырады. | Оқулықтың 46-бетіндегі батырлар суреті, қосымша 2 Слайд 4,5 Слайд 6 Слайд 7 Оқулық 46-47-беттер, түсіндірме сөздік,Абылай хан , Бұқар жырау суреті,
Слайд 8 Кесте сызылған парақ, маркер, қосымша 3
Слайд 9 Плакат, маркер, https://www.youtube.com/watch?v=nbzQxa0euaw | ||||||||||
Сабақтың соңы 37-40 минут | Кері байланыс «Аяқталмаған сөйлем». Бүгін мен не білдім ... Мені қызықтырғаны ... Қиындық туғызғаны ... Мен өзімді .... сезіндім. Мен ... қолданып көремін Менің қолымнан келеді ... | Слайд 10 А4 парағы, маркер | ||||||||||
Саралау Төмендегі саралау тапсырмаларын сынып оқушыларының қажеттілігіне қарай мұғалім өз өзертіп отыруы қажет. | Бағалау | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
2,3,4 тапсырма – «Тапсырма бойынша саралау» негізінде «Ойлан, жұптас, бөліс», «Рефлексия», «Әдеби шеңбер» әдістер арқылы тапсырмалары орындалады. Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі. «Уақыт арқылы саралау» негізінде «Миға шабуыл» әдісі арқылы тапсырма орындалады. Бұл тапсырма кезінде пікірлерді дәлелдеуде мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі. | Өзін –өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы, «Бағдаршам», «Ауызша кері байланыс», «Смайлик» әдісі Дескриптор:
| Демалыс кезіндегі қауіпсіздікті сақтау, өз заттарына ұқыптылықпен қарау. | ||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия | ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?