Асқақтаған кірпіштер дидактикалық материал. 3 сынып. Әдебиеттік оқу


Қосымша №1

Зәулім үй

 Қаланың күнгей жақ шетi қашаннан құлазып жатушы еді. Ол тұста жазды күнi мал жайылатын. Балалар асыр салып, доп ойнайтын. Ал қысты күнi әппақ қар басып, алай-түлей боран түтеп тұратын. Бiрлi- жарым бейсауыт өткен ат-шаналы жүргiншiлер мен шаңғы тепкен балалардың айқыш-ұйқыш iздерi ғана жататын.

 

 Өткен жазда осы араға дүбiрлетiп көп құрылысшы келдi. Аспанмен тұтасқан тырна мойын жүк көтергiш крандар пайда болды. Көп ұзамай зәулiм биiк үйлер бой түзей бастады. Бұл ара Сәулелер тұратын ескi ағаш үйден онша қашық емес. Бiрде Сәуле терезеден осылай қарап тұрды да:

 – Әке, анау үлкен-үлкен үйлер кiмдiкi? – деп сұрады.

 – Ол үйлердi бiзге салып жатыр. Бiткен соң, осында кiшкентай үйлерде тұратындар сонда көшедi, – дедi әкесi.

 – Ой, әке! Шын айтасың ба?

 – Шын айтам.

 – Розаның, Мараттың үйлерi де көше ме?

 – Көшедi, әрине.

 

 Сәуле содан былай күн сайын әлгi биiк үйлердiң қасына келiп, қашан бiтер екен деп, ынтығып бақылап тұратын болды. Бiр күнi Сәуле есiк алдында ойнап жүр едi, қасынан үлкен бiр жүк мәшинесі өтiп бара жатты. Үстiнде үйме етiп тиеген кiрпiшi бар. Бiр кезде мәшине арықтан өте берiп едi, сақыр-сұқыр етiп теңселдi де, бiр кiрпiш жерге түсiп қалды. Мұны керген Сәуле қол бұлғап, айқай салды. Бiрақ жүргізуші естiмедi. Аялдамастан кете барды. Сәуле жүгiрiп келiп, түсiп қалған кiрпiштi көтерiп алды да, мәшине соңынан жүгiрдi. Ол ентiгiп, алқынып, құрылыс басына келдi. Арада бiр сағаттай уақыт өткенде әлгi кiрпiш жылдам биiктеп бара жатқан үлкен үйдiң қабырғасынан өзiне құтты орын тауып, игiлiкке асты.

Қосымша №2

Қосымша №3

құрылысшы

кірпіштер

Сәуле

Зәулім үй



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу