👈 қаріп өлшемі 👉

Екі шыбын. 3 сынып


Екі шыбын

Ахмет Байтұрсынов

Бір Өгіз күні бойы тартып сабан,

Қайтты елге сабанымен кешке таман.

Мүйізінде Қара шыбын отыр еді,

Кез болды бір танысы жолда оған.

Танысы мұны көріп келе жатқан ,

Астында өгізі бар сабан артқан:

«Көзіме күні бойы көрінбеп ең,

Келесің ,сөйле,-дейді –сен қай жақтан? »

Сонда бұл мұрнын көкке көтереді,

Адамсып, маңазданып жөтеледі:

«Жер жыртып күні бойы, шаршап келем,

Мазалап сұрап саған не керегі?»

Адамды кейбір түрлі алып еске,

Қарасақ, ғибрат бар бұл кеңесте.

Біреудің я қайратын, я дәулетін

Өзімсіп жүретіндер бар емес пе?

Кейбіреу көтереді мұрнын көкке,

Өз әлін өзі білмей еттім дейді,

Біреудің шылауында жүріп текке

1-қосымша

Суреттерді пайдаланып, тақырыпты болжаңдар.

2-қосымша

Мысалдағы шыбындардың мінез-құлқына баға беріңдер.

[attachment=25320:didakt_-mater-7-sabak-1.docx]
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Айлакер-алаяқтар интернетте делдалдарды қалай және қандай мақсатпен іздейді 26.11.2022
» Түркия: Ыстанбұлда тағы жарылыс 17.11.2022
» Қазақстандықтар тісін тегін емдете алады: Шарттары қандай? 08.11.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы