Ине мен жіп. 3 сынып


 Ине мен жіп

 

 - Ине мен жіп ежелден дос еді. Олар әдемі қобдиша ішінде түйме, түйреуіш, оймақ -бәрі жұптары жазылмай, тату-тәтті тұратын.

 Бір күні екеуі сөзге келіп қалды.

 - Әй, ине!-деді жіп ашуланып. –Босат мені! ... Сенімен қосақталып жүре беремін бе? Шаршадым... Тәуелсіздік алып, жеке-дара өмір сүрейін. Ойлап отырсам, дос болып бірге жүретіндей жан емессің. Денең сыпа, бойың бір қарыс, аштан қатқандай әлжуазсың. Мына маған қарашы. Зат біткеннің сұлумын. Өмір бойы адамға қызмет жасап келемін. Үзілген түймелерді қадап, жыртылған киімдерді тігемін. Шалбар, жейде атаулының сөгілген тігісін бәз-баяғы қалпына ұқсатып, ымы-жымын білдірмей қалпына келтіремін. Басым жетпейтін бір нәрсе, неге адам бізді қосақтап қойған. Осыған қайран қаламын. Еңбегім еш, тұзым сор. Сен болсаң менің арқамда күн кешіп жүрсің. Айтшы, әйтпесе кімге, не үшін қажетсің? Алда -жалда адам қолына кіріп кетсең, зар қақсатасың... Қорқыныштысың. Керек болса жексұрынсың...

 Ине жіптің сөзін бөлмей аяғына дейін тыңдады да, былайша жауап қайтарды:

 Досым, сен өйтіп тәкаппарлық жасама! Шынын айтқанда түймені қадайтын да, жыртықты жамайтын да, сөгілгін тігісті бұрынғы қалпына келтіретін мына мен болам. Менсіз не істер едің?! Еш кәдеге жарамай шұбатылып, босқа жатар едің... Ал адамдар саусағына шаншып алмауы үшін абайласын! Сақ болсын! Қажет болса оймақ кисін! Өзім барып ешкімге соқтықпаймын! Қойған жерінен табылам. Қақ-соқпен ісім жоқ.

 -Айтқан уәжің орынды. Расында, екеуіміздің бірімізсіз-біріміздің күніміз жоқ екен... Кешірім өтінім. Қателігімді түсіндім...-Жіп ұялып төмен қарады.

 -Бұдан былай достығымызға сызат түспесін! Кел, төс қағыстырайық!

 Жіп инені орап, тас қылып құшақтады.

 Толымбек Әбдірайым

1-қосымша. Суреттер арқылы болжа.

 

2-қосымша. Мәтін бөдіктері:

1-бөлім. «Ине мен жіптің достығы»

2-бөлім. «Жіптің ашулануы»

3-бөлім. «Иненің жауабы»

4-бөлім. «Қателігін түсіну»



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter




Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу