Эпостық спектакльдер (8 сынып, IV тоқсан )

 Эпостық спектакльдер (8 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім тақырыбы: Театр өнері мен мәдениеті
Сабақтың тақырыбы: Эпостық спектакльдер
Оқу мақсаттары: О8.2.4.1 - тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау
Сабақ мақсаттары:
Оқушылар:
• Қазақ тіліндегі стильдің құрылымын анықтайды.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту:
Сыныптың әр бұрышына мұғалім «Театр өнері мен мәдениеті» қатысты сөйлем немесе сөздерді ақ параққа жазып іліп қояды. Оқушылардың қолдарына сол сөз немесе сөйлемдердің жауабын немесе сұрағын карточкаға жазып береді. Оқушылар сыныпты айналып жүріп, өзінің қолындағы тапсырмаға қатысты парақты табады. Барлығы тауып болған соң, бірлесе жүріп әр парақтың жанына барады. Өз парағының жанына келгенде, сол оқушы өзіне қатысты оқу материалын түсіндіреді. ЖЖ
Мәтінмен жұмыс кезеңі.
1-тапсырма.
Алдымен, оқушылар «Эпостық спектаклдер» тақырыбындағы мәтінді мұқият оқып, негізгі ақпаратты табады.
Мысалы,
...Қазақ драматургиясының эпостық –тарихи тақырыпқа жазылған пьесалары республикадағы ұлттық театрлардың сахнасында үздіксіз қойылып келеді. Қазақ театрларының жылдам дамып, бас-аяғы он-он бес жылдың ішінде кәсіби өнер биігінен көрінуіне ықпал жасаған шығармашылық құбылыстың бірі – эпостық дастандар мен фольклор негізінде жазылған пьесалардың театр репертуарында берік орын алуы.Уақыт талабына сәйкес бұл пьесалардың көркемдік сапасы автормен, театрмен бірге өсіп, драматургиялық шоқтығы биіктей түсті...
2-тапсырма.
Оқушылар төмендегі мәтіндерді мұқият оқып, ғылыми және публицистикалық стиль ерекшеліктеріне қарай анықтайды және тілдік тұрғыдан салыстырады.
1-мәтін:
...Қазақ театрының әр кезеңінде сахнадан түспей, үнемі жүріп келе жатқан спектакльдердің бірі – Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» трагедиясы. Пьеса әуелі ұйғыр, Семей, сонан кейін барлық қазақ театрларында қойылды. Орыс, татар, башқұрт, украин, қарақалпақ, қырғыз сахналарына шығуынан оның ұзақ сахналық тарихы басталады.Жалғыз ғана драма театрының сахнасына 1940, 1943, 1953,1971 жылдардағы қойылымдарының өзінен спектакльдің дәстүрлік тарихын байқау қиын емес...
2-мәтін:
Орта ғасыр эпосы орта ғасырларда саяғттаушы әншілермен және халықтармен жасалған ерлік халықтық әңгмелер. Эпостарды арфа және вилоа сияқты ән құралдарымен айтқан.
Әдетте эпостар әрқайсысы 8 жолдан тұратын 30-50 строфтардан тұрады. Кейде актерлар эпостың мазмұнын қойып, өз көзқарастарын енгізген...
3-тапсырма.
Төмендегі ақпараттарға дұрыстығына сай «шын» немесе «өтірік» сөзін қой.
1. Эпостық –тарихи тақырыпқа жазылған пьесалар әлемдік сахнада қойылып келеді.
2. Эпостық дастандар мен фольклор негізінде жазылған пьесалар театр репертуарына оң әсер етті.
3. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» трагедиясы ұйғыр, Баянауыл, сонан кейін барлық қазақ театрларында қойылды.
4. 1953 және 1971 жылдары қойылған спектакльдер бір – біріне ұқсас болды.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 992



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі