Алтын орда мұрагері (6 сынып, II тоқсан )

 Алтын орда мұрагері (6 сынып, II тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тарихи тұлғалар
Сабақтың тақырыбы: Алтын орда мұрагері
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.4.2.1 Екпіннің түрлерін (сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін) сөз және сөйлем ішінде орынды қолдану.
Сабақтың мақсаты: Мәтіндерді қолдана отырып, екпіннің түрлерін дұрыс қоюға үйрету.
Сабақ барысы: Оқушылардың қызығушылықтарын ояту мақсатында алдымен мұғалім мынадай сұрақтар қоя отырып, тапсырманы орындауға шақырады:
1-тапсырма
 Екпін дегенді қалай түсінеміз?
 Екпіннің қандай түрлері бар?
2-тапсырма
Мұғалім оқушыларға екпін және оның түрлерін толықтай түсінулері үшін тақтаға назарларын аударуларын сұрайды және екпіннің түрлеріне бір тоқталып түсіндіріп өтеді. Осы тұста мұғалім екпіннің ережесінен гөрі қолданысына нақты тоқталып өткені жөн.
Екпін сөйлем ішінде бір сөздің, буынның, дыбыстың
немесе тіркестің көтеріңкі айтылуы.
3-тапсырма
Оқушылар мәтіндерді оқып, екпін түсетін сөздер мен тіркестерді анықтайды. Төменде берілген кестеге сай түрлерін ажыратады.
1-мәтін
... Ортағасырлық алып мемлекет шығысы Ертіс өзенінен, батысы Дунайға дейінгі аралықты алып жатты. Бату ханның бар күш-жігерін жұмсауының арқасында хабар алысу ісі жақсы жолға қойылды. Ең шеткері орналасқан аймақтармен де байланыс күшейе түсті. Халық санағы жүргізіліп тұрды, салық жүйесі қалыптасты, кеден жұмыс істеді, жалпыға бірдей ортақ заң бекітілді. Сондай-ақ, әлем тарихында алғаш рет осыншама байтақ жерге ақша бірлігі жүрді.
«Алтын Орда хандары»
2-мәтін
Бату хан Қырым, Укек, Қазан, Қажы-Тархан (Астрахан), Сарайшық секілді тағы басқа ірі-ірі қалалардың негізін қалаған деп есептеледі. Алтын Орда дәуірінде жалпы саны 150-ге жуық қала, мыңдаған елді мекендер бой көтерді. Алтын Орда хандары қала мәдениетін көркейтуге, қолөнер мен сауда ісін жандандыруға тырысты. Сайын хан, яғни, текті әмірші атанған Бату хан құрған алып мемлекеттің уақытындағы күш-қуаты, құдіреті осындай істерден көрінеді.
«Алтын Орда хандары
Мұғалім оқушыларға орындаған жұмыстарымен оқып, бөлісулерін сұрайды. Сынып алдында оқушылар орындаған тапсырмаларын оқиды. Оқушылардың жұмыстарын мұғалім тыңдап, кері байланыс береді, дескрипторлар бойынша өз-өздерін бағалатады.
ДЕСКРИПТОРЛАР
 оқылым мәтіндерінен екпін түсетін сөздер мен тіркестерін анықтайды;
 екпіннің түрлерін ажыратады;
 оның қолданысын түсіндіреді.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 865



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі