Құндылықтарымызды сақтайық (6 сынып, I тоқсан )

 Құндылықтарымызды сақтайық (6 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ұлттық және отбасылық құндылықтар
Сабақтың тақырыбы: Құндылықтарымызды сақтайық
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.4.2.1 екпіннің түрлерін (сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін) сөз және сөйлем ішінде орынды қолдану
Сабақтың мақсаттары: Екпінді орынды қолдану.
Сабақ барысы: ТЖ.
Оқушылар топта ұлттық құндылықтарды сақтаудың қоғам, мемлекет үшін пайдасын кластерге түсіреді.
Кластерлерін сынып қабырғаларына іліп қояды.
ТЖ.
Оқушылар мұғалім ұсынған мақал-мәтелдерді оқиды. Мақал-мәтелдерде айтылған құндылықтарды анықтайды.
Тапсырма:
Мақал-мәтелдермен танысыңдар. Әрқайсысында қандай құндылық айтылғанын анықтаңдар.
Дескриптор:
1. Мақал-мәтелдерде айтылған құндылықты анықтайды.
2. Өз пікіріне дәлел келтіреді.
Топтар өз жауап нұсқаларын ұсынады, басқа топтармен салыстырады.
Оқушылар мақал-мәтелдердің үшеуін таңдап, «Құндылықтарды сақтау - парызымыз» тақырыбында пайымдау мәтінін дайындайды. Өз пікірлерін білдіру барысында мәтін идеясын жеткізетін сөздерге екпін қойып айтады. Сабақтың басында жасаған кластерлерін қолданады.
Тапсырма:
Мақал-мәтелдердің ішінен кем дегенде үшеуін таңдаңдар. Осы мақалдарда айтылған құндылықтар туралы «Құндылықтарды сақтау - парызымыз» тақырыбында пайымдау мәтінін дайындаңдар.
Мәтінді сынып алдында айтып беріңдер.
Дескриптор:
1. Пайымдау мәтінінің құрылымын сақтайды:
- Кіріспеде өз пікірлерін (позицияларын) білдіреді.
- Негізгі бөлімде мақалдарда айтылған құндылықтардың әрқайсысына тоқталады. Оларды сақтаудың маңызын түсіндіреді.
- Қорытындыда бұл құндылықтарды сақтаудың адам, қоғам, мемлекет, әлем үшін пайдасын айтады.
2. Мәтіндегі идеяны жеткізетін сөздерге логикалық екпін түсіріп айтады.
Бағалау.
Топтар бір-бірін бағалайды.
Бағалау парағы
Бағаланатын топ:
Бағалаушы топ:
№ Дескриптор Комментарий
1 Кіріспеде өз пікірлерін (позицияларын) білдіреді
2 Негізгі бөлімде мақалдарда айтылған құндылықтардың әрқайсысына тоқталады.
3 Оларды сақтаудың маңызын түсіндіреді.
4 Қорытындыда бұл құндылықтарды сақтаудың адам, қоғам, мемлекет, әлем үшін пайдасын айтады.
5 Мәтіндегі идеяны жеткізетін сөздерге логикалық екпін түсіріп айтады. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 154



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?