Табиғатты қорғау -біздің міндетіміз - 4 сынып
Сынып сағаты | № 5 | |
Сынып жетекші: | ||
Күні: | 29.09.2025 | |
Сынып: 4 | Қатысқаны: Қатыспағаны: | |
Сабақтың тақырыбы: | «Табиғатты қорғау -біздің міндетіміз» Қауіпсіздік сабағы (10 минут) № 5-сабақ «Бейтаныс адамға көмек көрсетуге болама» | |
Сынып сағатының мақсаты: | •Оқушыларға табиғатты қорғаудың маңызын түсіндіру; •Табиғатты аялауға, сүйе білуге тәрбиелеу; •Экологиялық мәдениет қалыптастыру. | |
Қауіпсіздік сабағының мақсаты: | •Оқушыларға бейтаныс адамдарға көмек көрсетудің қауіпсіз жолдарын түсіндіру. •Қауіпті және қауіпсіз жағдайларды ажырата білу дағдыларын қалыптастыру. •Өзін-өзі қорғау тәсілдерін үйрету. | |
Қауіпсіздік сабағының міндеті: | Оқушыларға бейтаныс адамдарға көмек көрсетудің қауіпсіз жолдары мен өзін -өзі қорғау тәсілдерін үйрету | |
Құндылықтарды дарыту: | ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ:Қазақстанның тарихын,мәдениеті мен дәстүрлерін, оның тәуелсіздігін және оны сақтаудың маңыздылығын түсіну,қоршаған ортаға қамқорлық жасау; | |
Апта дәйексөзі: | «Тәуелсіз елдің ертеңі білімді ұрпақ қолында» | |
Сынып сағатының барысы:
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Ресурстар |
Сынып сағатының басы: 10 мин | ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалады I. Ұйымдастыру кезеңі Амандасу, оқушыларды сабаққа бейімдеу. Табиғат туралы мақал-мәтелдер айту. II. Кіріспе бөлім Мұғалімнің кіріспе сөзі: «Табиғат – біздің ортақ үйіміз. Оны қорғау – әрқайсымыздың парызымыз. Егер біз табиғатты сақтасақ, табиғат та бізді сақтайды». | Оқушылар әнұран орындайды. Жұдырық түйістіру арқылы бір-біріне еңбек туралы жақсы тілек айтады. Бейнеролик көреді. | Көңілді әуен |
Сынып сағатының ортасы 20 | III. Негізгі бөлім 1. Әңгіме-дәріс: Табиғатты қорғаудың жолдары: орман-тоғайды сақтау, қоқыс тастамау, суды үнемдеу, жануарларды қорғау. Оқушылар топқа бөлінеді: 2. Топтық жұмыс: «Біздің табиғатты қорғау жоспары» тақырыбында постер жасау. 3. Ойын-жаттығу: «Дұрыс – бұрыс» (экологиялық әрекеттер көрсетіледі, балалар дұрыс-бұрыс екенін айтады). 4. Өлең оқу, мақал-мәтел айту. IV. Қорытынды бөлім «Егер мен табиғат қорғаушы болсам...» атты шағын эссе немесе ауызша ой бөлісу. | Оқушылардың пікірлерін тыңдауу Әр топ өз жұмыстарын қорғайды. Оқушылар тапсырмаларды орындайды Оқушылар сұраққа жауап береді | Ақ қағаз, фломастерлер Тақырыптық слайдтар мен суреттер. Презентация немесе бейнеролик Постер жасауға арналған құралдар |
Қауіпсіздік сабағы 10 мин | Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру «Көмектесу – игі іс» тақырыбында шағын пікірталас. Оқушыларға сұрақтар: «Сізден бейтаныс адам көмек сұраса, не істер едіңіз?» «Барлық бейтаныстар қауіпті ме?» Тақырыпты таныстыру: Мұғалім сабақтың мақсатын түсіндіріп, бейтаныс адамдарға көмек көрсету кезінде қандай қауіптер болуы мүмкін екенін талқылайды. Негізгі бөлім: 1. Бейтаныс адам қандай жағдайда көмек сұрауы мүмкін? ✅ Жол немесе бағыт сұрау. ✅ Телефон немесе ақша сұрау. ✅ Бір жерге ертіп баруды өтіну. ✅ Өзін нашар сезініп, көмекке шақыру. ✅ Балаларға немесе жануарларға көмектесуді сұрау. Қауіпсіздік ережелері: ✅ Жағдайды бағалау: Бейтаныс адамның сөздері мен әрекетін бақылау. Қоршаған ортаны тексеру (адам көп пе, қауіп бар ма?). Көмектесудің қандай тәсілі қауіпсіз екенін ойлау. ✅ Қауіпсіз көмек көрсету: Егер адам шын мәнінде көмекке мұқтаж болса (мысалы, науқас немесе қарт адам) – жақын маңдағы үлкендерден немесе полициядан көмек сұрау. Жол немесе бағыт сұраса – ауызша айтып беру, бірақ бірге еріп кетпеу. Телефон сұраса – өзіңіз хабарласып беруге болады, бірақ телефоныңызды бермеу. Егер адам сенімсіз көрінсе – сыпайы түрде бас тарту және алысқа кету. ❌ Қауіпті әрекеттер: Бейтаныс адамның сұрауы бойынша белгісіз жерге бармау. Телефон, ақша немесе жеке ақпарат бермеу. Егер адам сізді бір жерге баруға шақырса, келісім бермеу. Ситуациялық тапсырмалар: Мұғалім әртүрлі жағдайларды сипаттайды, оқушылар оларды талқылап, дұрыс әрекеттерді табады. Мысал: «Сізден бір адам телефоныңызды сұрады, ол қоңырау шалу керек екенін айтты. Не істейсіз?» «Бір адам сізден баласын немесе мысығын табуға көмектесуді сұрады. Не істер едіңіз?» Топтық жұмыс: 1-топ: «Қауіпсіз көмек» – қандай жағдайларда көмек көрсетуге болатынын талқылайды. 2-топ: «Қауіпті жағдайлар» – күмәнді жағдайлар мен алаяқтықтың белгілерін анықтайды. 3-топ: «Дұрыс әрекеттер» – бейтаныс адам көмек сұрағанда жасалатын дұрыс әрекеттерді жазады. «Дұрыс-бұрыс» ойыны: Мұғалім бірнеше тұжырым айтады, оқушылар «Дұрыс» немесе «Бұрыс» деп жауап береді. Мысал: «Егер бейтаныс адам сенен көмек сұраса, сен онымен бірге баруың керек.» (Бұрыс) «Егер бейтаныс адам күдік тудырса, оған көмектеспей, басқа адамдардан көмек сұрау керек.» (Дұрыс) Қорытынды бөлім 1. Рефлексия: «Мен бүгін үйрендім...» әдісі – оқушылар сабақтан алған негізгі ойларын айтады2. Қорытындылау: Мұғалім бейтаныс адамдарға көмектесу – жақсы іс екенін, бірақ әрқашан қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін түсіндіреді. | Оқушылардың тыңдау. Сұрақтарға жауап береді Оқушылар олардың мағынасын анықтап, не үшін қажет екенін түсіндіреді. Әр оқушы шешімдерін қорғап, түсіндіреді. Оқушылар сұрақтарға жауап береді Әр топ өз жұмысын постер түрінде дайындап, қорғайды. | Презентация https://www.youtube.com/watch?v=hftM9yB25r4&list=PLA5eCSY2FeoQLLocS-IEuEG9KjOrJzvPM&index=36 Тақырыптық слайдтар. Тақырыптық бейнероликтер. |
Сабақтың соңы 5 мин | Оқушылар біз бүгін сіздермен қоғамдасғы өте өзекті екі тақырыппен таныстық, ой бөлісіп, пікір алмастық. Бүгінгі сынып сағатынан алған білімдеріңіз өмірлік азық болады деп тілеймін . Үйге: Табиғатты қорғауға байланысты ұрандар шығару. | Барлығы бүгінгі сабақта алған әсерлерімен бөліседі. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру