Ойыншықтарды қауіпсіз пайдалану ережелері 1 сынып
Сынып сағаты | № 4 | |
Сынып жетекші: | ||
Күні: | 22.09.2025 | |
Сынып: 1 | Қатысқаны: Қатыспағаны: | |
Сабақтың тақырыбы: | «Еңбек түбі береке» Қауіпсіздік сабағы (10 минут) № 4-сабақ «Ойыншықтарды қауіпсіз пайдалану ережелері» | |
Сынып сағатының мақсаты: | •Оқушыларға еңбектің адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру; •Еңбекқорлыққа, еңбекті құрметтеуге, адал еңбектің нәтижесін бағалауға тәрбиелеу; •Еңбек ету арқылы табысқа жетуге болатынын түсіндіру. | |
Қауіпсіздік сабағының мақсаты: | Ойыншықтарды қауіпсіз пайдалану ережелері Мақсаты: Оқушыларға ойыншықтарды дұрыс және қауіпсіз қолдану ережелерін түсіндіру. Қауіпсіздік ережелерін сақтау дағдысын қалыптастыру. | |
Қауіпсіздік сабағының міндеті: | Оқушыларға ойыншықтарды дұрыс және қауіпсіз пайдалану жолдарын үйрету,қауіпсіз және қауіпті ойыншықтарды ажыратуды меңгерту | |
Құндылықтарды дарыту: | ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ:Қазақстанның тарихын,мәдениеті мен дәстүрлерін, оның тәуелсіздігін және оны сақтаудың маңыздылығын түсіну; | |
Апта дәйексөзі: | «Еңбек – адамның айнасы, тірліктің алтын негізі.» | |
Сынып сағатының барысы:
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Ресурстар |
Сынып сағатының басы: 10 мин | ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалады 1.Ұйымдастыру кезеңі: (3мин) Сәлемдесу, сыныпты топқа бөлу («Еңбек», «Береке», «Тірлік» сөздері арқылы). Психологиялық ахуал: «Жылы лебіз» ойыны – әр оқушы еңбек туралы жақсы тілек айтады. ІІ. Кіріспе бөлім: (7мин) Мұғалім кіріспе сөз айтады: «Адамды адам еткен – еңбек. Адам өзінің еңбегімен, маңдай терімен өмір сүреді. Бүгін біз еңбектің қадірі мен жемісі туралы ой бөлісеміз». «Еңбек түбі – береке» бейнеролик көрсету. | Оқушылар әнұран орындайды. Оқушылар топқа бөлінеді Жұдырық түйістіру арқылы бір-біріне еңбек туралы жақсы тілек айтады. Бейнеролик көреді. | Көңілді әуен |
Сынып сағатының ортасы 20 | ІІІ. Негізгі бөлім (13мин) 1. Ой қозғау Сұрақ: «Сендер еңбектің жемісін қайдан көрдіңдер?» «Мақалды жалғастыр» ойыны: Еңбек – _ (қорған). Еңбексіз өмір – _ (сіз өмір). Бақыт кілті – _ (еңбекте). 2. Топтық жұмыс «Еңбектің адам өміріндегі маңызы» тақырыбында постер жасау. Әр топ қорғайды. 3. Шығармашылық тапсырма «Мен еңбекқормын, өйткені...» деген тақырыпта қысқаша әңгіме/эссе. Қолөнер немесе сурет арқылы еңбекке байланысты өз ойларын жеткізу. 4. Әңгіме-дискуссия «Еңбекпен келген табыс пен оңай жолмен келген табыстың айырмашылығы неде?» талқылау. IV. Қорытынды (7 мин) «Еңбек түбі – береке» тақырыбы бойынша түйін жасау. «Еңбексіз – өмір жоқ» деген қорытындыға келу. Рефлексия: «Еңбек маған не береді?» стикерге жазып тақтаға іледі. | Оқушылардың пікірлерін тыңдауу Оқушылар тапсырмаларды орындайды Әр топ өз жұмысын қорғайды. Оқушылар сұраққа жауап береді | Ақ қағаз, фломастерлер Тақырыптық слайдтар мен суреттер. Презентация немесе бейнеролик Постер жасауға арналған құралдар |
Қауіпсіздік сабағы 10 мин | Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру «Жылы сөздер» ойыны: Оқушылар бір-біріне жақсы тілек айтады. Тақырыпты таныстыру: Мұғалім сұрақ қояды: «Ойыншықтар не үшін қажет?» Оқушылар ойыншықтар туралы өз ойларын айтады. Негізгі бөлім 1. Түсіндіру жұмысы (бейнематериал немесе әңгімелеу) Ойыншықтарды дұрыс пайдалану ережелері: 1. Жас ерекшелігіне сай ойыншықтарды таңдау. 2. Ұсақ бөлшектері бар ойыншықтармен абай болу. 3. Өткір, сынғыш, қатты ойыншықтардан сақтану. 4. Ойыншықтарды ауызға салмау. 5. Жұмсақ ойыншықтарды таза ұстау. 6. Электронды ойыншықтарды ересектердің көмегімен қолдану. Топтық жұмыс: Оқушылар үш топқа бөлінеді: 1. Қауіпсіз ойыншықтар – Қауіпсіз ойыншықтардың тізімін жасау. 2. Қауіпті ойыншықтар – Қауіп туғызуы мүмкін ойыншықтарды анықтау. 3. Ереже құрастырушылар – Ойыншықтарды пайдалану ережелерін жазу. «Қауіпті немесе қауіпсіз?» ойыны Мұғалім әртүрлі ойыншықтардың суреттерін көрсетіп, оқушылар олардың қауіпті немесе қауіпсіз екенін анықтайды. Қорытынды бөлім 1. Рефлексия: «Мен үйрендім...» әдісі – оқушылар бүгінгі сабақтан алған негізгі ойларын айтады. | Оқушылардың тыңдау. Сұрақтарға жауап береді Оқушылар олардың мағынасын анықтап, не үшін қажет екенін түсіндіреді. Әр оқушы шешімдерін қорғап, түсіндіреді. Оқушылар сұрақтарға жауап береді Әр топ өз жұмысын постер түрінде дайындап, қорғайды. | Презентация Түрлі ойыншықтар (қуыршақ, машина, жұмсақ ойыншықтар, конструктор т.б.) Тақырыптық слайдтар. Құпия сөз жасауға арналған нұсқаулық парақшалар Тақырыптық бейнероликтер. |
Сабақтың соңы 5 мин | Оқушылар біз бүгін сіздермен қоғамдасғы өте өзекті екі тақырыппен таныстық, ой бөлісіп, пікір алмастық. Бүгінгі сынып сағатынан алған білімдеріңіз өмірлік азық болады деп тілеймін . «Еңбек түбі – береке» тақырыбында сурет салу. | Барлығы бүгінгі сабақта алған әсерлерімен бөліседі. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру