Дисфагия, асқазан-ішектік диспепсия синдромдары. Себептері. Симптомдары.


АСТАНА МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ” АҚ

ІШКІ АУРУЛАР ПРОПЕДЕВТИКА КАФЕДРАСЫ

4 ДӘРІС

Дисфагия, асқазан-ішектік диспепсия синдромдары. Себептері. Симптомдары. Диагностикасы. Балалардағы ерекшеліктері.

Абдахина Б.Б.

Дисфагия –

тамақты жұтудың бұзылуы

Себептері:

органикалық (өңештің қатерлі ісігі, жедел немесе созылмалы эзофагит,өңештің күйгеннен тарылуы, дивертикулдар);

функционалды (жүйке жүйесі импульстарының таралуының бұзылуынан пайда болады).

Органикалық дисфагия

біртіндеп үдее түседі;

бірінші қою тамақ сосын сұйықтау тамақ, соңынан сұйық тамақ өтпей қалады;

тұрақты келеді;

қосымша зерттеулер арқылы өңештің өзгерістері анықталады;

седативті дәрілермен басылмайды.

Функционалды дисфагия

кенеттен пайда болады;

ұстамалы түрде жүреді;

қою тамақ жақсы өтеді, сұйық тамақ өтпей қалады;

седативті дәрілермен басылады;

қосымша зерттеулер арқылы өңештің құрылымында өзгерістер анықталмайды.

Гипохлоргидрия синдромы - асқазан сөлінде тұз қышқылының қалыпты көрсеткіштен төмен болуы.

Симптомдары:

эпигастрий аймағында ауырсыну (ауырлық) сезімі;

тамаққа тәбетінің төмендеуі;

ауыздан жағымсыз иістің шығуы;

дене салмағының төмендеуі;

іштің кебуі;

іштің өтуі;

асқазан сөлін зерттегенде тұз қышқылының қалыпты көрсеткіштен төмен болуы.

Гиперхлоргидрия синдромы- асқазан сөлінде тұз қышқылының қалыпты көрсеткіштен жоғары болуы.

Симптомдары:

эпигастрий аймағында ауыру сезімі;

тамаққа тәбетінің жоғарылауы;

қыжылдау, ауызда қышқыл дәмнің болуы;

дене салмағының төмендеуі;

іштің қатуы;

асқазан сөлін зерттегенде тұз қышқылының қалыпты көрсеткіштен жоғары болуы.

Энтералдық синдром – ащы ішектің қабынуы кезінде пайда болады.

Симптомдары:

кіндік аймағындағы ауру сезімі;

іш өту (тәулігіне 5-6 рет);

нәжістің көлемі 200 грамнан жоғары болуы (полифекалия);

дене салмағының төмендеуі;

копрограммада креаторея; стеаторея; амилорея; лиентерея;

Колитикалық синдром – тоқ ішек қабынғанда пайда болады.

Симптомдары:

тоқ ішек бойымен ауру сезімі, ауру сезімі тамақ ішкеннен кейін, үлкен дәретке барардың алдында күшейе түседі, үлкен дәреттен кейін басылады, шап аймағына қарай тарайды;

іштің өтуі (тәулігіне 10-20 рет);

үлкен дәретке нәтижесіз бару (тенезм);

нәжіс іріңді, сулы, шырышты болады;

копрограммада көп мөлшерде лейкоциттер анықталады



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу