Тыныстық гимнастикалар
“АҚ” Астана Медицина Университеті
тақырып: Тыныстық гимнастикалар
Орындаған: Латипбаева М.
Топ: 517 ЖМ
Тексерген: Жанәділов Ш.
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Жоспар:
Тыныс гимнастикасы
Тыныс гимнастикаларының негізгі мақсаты
тыныс гимнастикасының түрлері
тыныс гимнастикаларының адам үшін маңызы
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Тыныс гимнастикасы бұл тыныс органдарына байланысты ауруларды, жүрек-қантамыр ауруларын, вегето-тамырлық дистониялар, еркектер мен әйелдердегі жыныстық бұзылыстар, қант диабетін емдеу мен алдын алуға сонымен қатар салмақ азайтуга бағытталған тыныстық жаттығулар жүйесі.
Тыныс гимнастикаларын орындау екі негізгі мақсатқа негізделген:
Тыныс жүйесіне мақсатқа сәйкес әсер ету арқылы қызметтік қорын жоғарылату.
Тыныс жүйесіне әсер ету арқылы қызметтік жүйелер мен әр түрлі органдарда өзгерістер жасау
Қазіргі кезде тыныспен байланысты гимнастиканың көптеген түрі бар;
Стрельниковой,
Бодифлекс, Тай-цзи ,
жауынгерлік өнер : (Ушу)
.Йога
шынықтыру құрамына кіретіндер: әдістер (К. П. Бутейко, Ю. Г. Вилунас, Н. А. Агаджаняна, Ю. Буланова, В. Ф. Фролова,
Йога-үнді мәдениетінің түсінігі, кең мағынада буддизм мен индуизмнің әртүрлі бағытында өңделген психикалық, физикалық және жан дүниелік практиканың жиынтығы , ал тар магынада үнді философиясындағы алты ортодоксальдық мектептің бірі. Басты мақсаты адам организмінің физиологиялық және психологиялық қызметін жәннәттағы психикалық және рухани жағдайға дейін басқару. Йога деген сөз санскриттен аударғанда түбірі йодж, йудж : жаттығу, біріктіру, байланыстыру, гормония, кеңес деген мағына береді.
Йоганың тиімділігі мынада:
созылмалы шаршау синдромының алдын алу , энергетикалық потенциал мен төзімділікті жоғарылату
Ағзадағы қан мен лимфа айналымды жақсарту
өкпе көлемін улкейту
Иммунитетті тұрақтандыру
зат алмасуды нормализациялап, салмақты бақылауға мүмкіндік береді
барлық бұлшықет топтарын, ең маңызды корсеттік бұлшықетті нығайтады және
Ушу(әскери өнер) немесе кунфу(шебер) екі мың жыл бұрын қытайда пайда болған, қытайдың жауынгерлік өнерінің мағынасы ретінде, және осының негізінде пайда болған қазіргі заманғы спортта, сауықтыратын тыныстық гимнастикаларда қолданады, Цигун(нэйгун)- Ушудың бағыты, медитативті және тыныстық жаттығулардың комплексін, диетологиялық және гигиеналық, рухани тәрбиенің ерекше түрін қамтиды.
Ушудың пайда болуының үш орталығы бар:
буддалық монастырь Суншань Шаолинь
Удан тауындагы дао храмдары
Эмэй тауындағы дао монастырлері
Дәстүрлі ушу жүйесі өзіне мыналарды қамтыйды:
жауынгерлік, спорттық, сауықтыру жаттығулары
жастар мен ересектерге денсаулықты нығайту , өзін қорғау дағдыларын
ағзаның қызметтік және энергетикалық мүмкіндігін кеңейтеді
адамның жеке қабілетін дамытып, моральды және рухани жетілдіреді
Бодифлекс бұл тыныс гимнастикасы, организмді жасарту мен сауықтыру үшін аэробты тыныс тынысты қолданады. Бодифлекс ертедегі ғылым мен тибеттік тыныс, йога негізінде синтезделіп алынған. Оның негізгі принцпі изометрикалық жаттығулардың диафрагмалық, анэробтық тыныс көмегімен май қабаттарын ыдыратып, бұлшықеттік массаны қалыптастыру.
Дәстүрлі медицина өз назарын біртіндеп тыныс гимнастикаларының мүмкіндіктеріне аударды, клиникалық сынақтарды тыныс органдарының, жүрек қантамырларының ауруларында, бронхылық астмамен, туберкулезбен, бронхитпен, пневмониямен, артериялық гипертензиямен ауыратын науқастарға комплексті ем ретінде қолданады. Жиі беткей тыныс ОЖЖ стимуляциялық, ал терең баяу тыныс тыныштандырғыш әсер етеді. оған Стрельниковтың тыныстық гимнастикалары жатады.
Күшті стрессте қолданатын тыныс
бұл жаттығуды отырып жасаған дұрыс, денені шамалы алға еңкейтіп, денені барынша бос ұстау керек.
Өкпеде тыныс қалмаған сияқты терең тыныс шығару керек.
Осыдан кейін бірден демалу керек, өкпенің ауаға толғанын сезінгенше.
Тынысты ұстап тұру, біртіндеп, баяу өкпені кеңейтетін ауыз арқылы тыныс шығару керек. (жаттығуды5-6 рет кайталап, су ішіп алу керек. )
Ұйқысыздық кезінде тыныс
Жаттығуды ванна қабылдап жатқан кезде қолданған дұрыс, себебі тынысты суға шығару керек.
Денені тіке ұстап, Терең демалып, тынысты бірнеше секундка ұстаймыз.
Бетті суға батырып, баяу тынысты шығарады, судың беті бүлкілдейді.
жаттығуды он рет кайталайды, немесе қабақтары ауыр болып сезінгенге дейін
Тыныстық жаттығулар дене тәрбиесі мен спорттың ажырамас бөлігі, адамның әрбір жаттығуы мен қимылы тыныс алу мен шығарудан тұрады. Тыныс тіршіліктің маңызды көзі. Тыныс ағзаға оттегінің түсуі мен көмірқышқыл газының шығуын қамтамасыз ететін және тіндер мен жасушаларға тіршілік үшін қажетті органикалық заттар мен қамтамасыз етеді.
Басында статикалық жаттығулар (арқамен жатып, бір жақпен, отырып және тұрып)
Ритмдік мұрындық тыныс бір темппен ауызды жауып(ұзақтығы 30-60секунд).
Мұрын арқылы тыныс алу мен шығару ойша санау арқылы 15-30-60с.ішінде.
Бір танау арқылы екіншісін қолмен жауып тұрады, кезекпен 3-4реттен (30-60с)
Құрсақтық тыныс. Кеуде клеткасын қимылдатпай ұстауға тырысып, тыныс алған кезде максимальді іштің алдыңғы қабырғасын алға шығарады, әсіресе төменгі бөлігін. Тыныс шығарғанда ішті тартады. 4-8-12 рет.
5. Кеудемен тыныс. Іштің алдыңғы қабырғасын қимылдатпай, тыныс алғанда кеуде клеткасын максимальді кеңейтеді. Тыныс шығырғанда оны жиырады. Мұрын арқылы демалу. Бақылау жасау үшін қол кеуденің екі жанында тұрады. . 4-8-12 рет
6. Жаттығу тыныстың ерікті кезегімен, және біртіңдеп тереңдетумен . Мұрын арқылы тыныс алу (30-60-120 с).
Тыныс гимнастикаларының маңызы
адамның жалпы өмірлік тонусын, қарсыласуын жоғарылатады, организмге тыныс жолдарының ауруына төзімділік пен шыныққандық береді.
мұрын арқылы тыныс алуды қалыптастырып, қақырықты жояды
Тыныс бұлшықеттерін нығайтып, кеуде клеткасы мен диафрагманың қозғалысын жоғарылатады.
Организмді оттегінің оптимальді мөлшерімен қанықтырады
Жүйкелік процестерді теңестіреді
Пайдаланылған әдебиеттер:
Элиаде М. Йога. Бессмертие и свобода. СПб.: Лань, 1999.
wuseitek@mail.ru www.songxizhongdao.kg
www.view/dyhatelnaya_gimnastika
https://www.wikipedia.org.dihatelnayagymnastika
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?