Толқындық қозғалыс


Толқындық қозғалыс

9 сыныпқа арналған физика пәнінен сабақ

Сұрақтарға жауап беріңдер:

Тербеліс дегеніміз не ?

Гармониялық тербелістер деп қандай тербелістерді айтады?

Тербеліс периоды деп нені айтамыз?

Жиілік нені көрсетеді?

Тербеліс амплитудасы дегеніміз не?

Резонанс дегеніміз не?

Еркін тербелістер деп қандай тербелістерді айтады?

Еріксіз тербелістер деген не?

Есептерді ауызша шешіндер:

1. Материалық нүкте 1 мин 300 тербеліс жасады. Тербелістер периоды мен жиілігін табыңдар.

0,2 с; 5 Гц

2. Материалық нүкте 10 кГц жиілікпен тербеледі. Периодын табыңдар.

10-4 с;

3. Маса секундына қанатын 600 рет қағады, ал ара қанатының тербеліс периоды 5 мс. Осы екеуінің қайсысы қанатын көп қағады және неше есе?

Маса; 3 есе

Минипрактикалық жұмыс

Мақсаты: Математикалық маятниктің периодын анықтау.

Құралдар: Математикалық маятник, сағат.

Толқындық қозғалыс

Тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бір бөлшегіне таралу процесі механикалық толқын деп аталады.

Бөлшектердің тербелісі толқының таралу бағытына перпендикуляр бағытта жүзеге асатын толқынды көлденең толқын деп айтады.

Бөлшектердің тербелісі толқының таралу бойында жүзеге асатын толқынды бойлық толқын деп айтады.

Толқын ұзындығы –Т периодқа тең уақыт аралығында толқын таралатын арақашықтық.

Басқаша айтқанда, толқын ұзындығы деп толқын ішінбегі бірдей қозғалатын және тепе-теңдік күйінен ауытқулары да бірдей болатын бір-біріне ең жақын жатқан екі нүктенің арақашықтығын айтамыз.

λ

λ толқын ұзындығының бөлшектердің Т тербелсі периодына қатынасы арқылы анықталатын физикалық шама толқын жылдамдығы деп аталады.

υ=λν

Есептер шығару

Берілгені

Талдау

Шешуі

Жауабы

Дыбыстың судағы жылдамдығы 1450 м/с. Жиілігі 200 Гц тербеліс көзі тудыратын судағы дыбыстық толқын ұзындығын табыңдар.

Берілгені

Талдау

Шешуі

Жауабы

Тербелмелі контурдағы конденсатордың сыйымдылығы С=750*10-12 Ф, ал катушканың индуктивтігі L=1,34*10-3 Гн радиоқабылдағыш толқын ұзындығы қандай электромагниттік тербелістерді қабылдайды? Жылдамдығы жарықтың жылдамдығына тең.

Физикалық диктант

1. Серпімділік маятниктің период формуласын жазындар.

2. Периодтың бірлігі.

3. Толқын ұзындығының формуласы.

4. Жиіліктің бірлігі.

5. Томпсон формуласы.

6. Амплитуданың бірлігі.

7. π –нің радиандық мәні

1. T=2П√m/k

2. c

3. λ=υT

4. Гц

5. T=2П√LC

6. м

7. 3,14

Үй тапсырма

§30, 25 жаттығу



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу