Сәкен Сейфуллин
Сәкен Сейфуллин
Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин 15 қазан 1884 жылы Жезқазған өңіріндегі бұрынғы Ақадыр ауданындағы Қарашілік қыстағында дүниеге келген. Қазақ жаңа әдебиетінің негізін салушы, мемлекеттік қайраткер.
Нілдідегі орыс-қазақ, Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде, Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқыды. 1914 жылы Қазан қаласында «Өткен күндер» атты тұңғыш өлеңдер жинағын бастырды. Омбыда қазақ жаситары ашқан «Бірлік» қауымы басшыларының бірі болды. 1917 жылы 9 наурызда «Асығып тез аттандық» өлеңін жазды. Кешікпей Ақмола қаласына ауысып, «Жас қазақ» революциялық ұйымын құрды, «Тіршілік» газетін шығарысты, 3 айлық педкурсқа оқытушы болды.1917 жылы қарашада «Кел, жігіттер» өлеңін жазып, Қазан төңкерісін қуана қарсы алды. Осы кезде Ақмола Совдепінің президиум мүшелігіне сайланды. 1918 жылы «жас қазақ марсельезасын» жазды, «Бақыт жолына» атты пьесасының премьерасы көрсетілді. 1918 жылғы 4 маусымда атардың көтерілісі болып, Ақмола Совдепі тұтқындалады. Атаман Анненковтың азап вагонында 47 күн ажалмен арпалысып, Сәкен 1919 жылғы 3 сәуірде Колчактың Омбыдағы түрмесінен қашып шығады.1920-1936 жылдары Ақмола атқару комитеті төрағасының орынбасары және әкімшілік бөлімінің меңгерушісі, Қазақ Кеңес Автономиялық Республикасы Орталы Атқару Комитеті Президиумының мүшесі, «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы, хaлық ағарту комиссарының орынбасары, ҚазКАСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы, Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылым Орталығының төрағасы, Қазақстан пролетар жазушылары ассоциациясының (ҚазАПП) басшысы, БК(б)П Қазақстан Өлкелік Комитетінің партия тарихы бөлімінің меңгерушісі, Қызылордадағы халық ағарту институтының, Ташкенттегі қазақ педагогикалық институтының директоры, «Жыл құсы» альманағы, «Жаңа әдебиет» журналы басшысы, Қазақтың мемлекеттік институтының доценті, «Әдебиет майданы» журналының редакторы, Қазақтың коммунистік журнлистика институтының профессоры қызметтерін атқарды. Осы кезде жаңа өмір жолында күреске шақырған «Асау тұлпар» өлеңдер жинағы, «Бақыт жолына», «Қызыл сұңқарлар» атты пьесалары жарық көреді. «Домбра» (1924), «Экспресс» (1926), «Тұрмыс толқынында» (1928) атты поэтикалық жинақтарында Қазан төңкерісінің жеңісі жырланды. Жаңашыл ақын поэзия мен драмматургияға көп жаңалықтар енгізді. Өлеңнің түрі мен мазмұнында түбегейлі өзгеріс жасап, қазақ халқының поэтикалық дәстүрін дамытты.ӨМІРБАЯНЫ
С.Сейфуллин өмірде де, әдебиетте де белсенді күрескер болды. «Көкшетау» (1934), «Қызыл ат» (1934), дастандарында заманалық мәселелер көрсетілген. «Қызыл атта» 30-жылдардың бас кезінде Казақстанның ауыл шаруашылығында орын алған асыра сілтеу оқиғалары сыналады. «Ақсақ киік» (1924), «Аққудың айрылуы» (1925) шығармаларында туған даланың табиғатын, адамның ішкі сезім күйлерін суреттейді. С.Сейфуллин проза, драмматургия, әдеби сын, әдебиеттану салаларында көрнекті еңбек етті.
«Жұбату» (1917) әңгімсі – Сәкеннің қазақ әйеліне арналған алғашқы прозалық, шығармасы. «Жемістер» (1935), «Біздің тұрмыс», «Сол жылдарда» туындыларында замандастар өмірі бейнеленген. С.Сейфуллин қазақ халқының патшалық езгіге қарсы күресін «Тар жол, тайғак, кешу» атгы тарихи-мемуарлық романында көрсетеді Публицистика саласының дамуына қосқан еңбегі баға жетпес. Қазақтың ескі әдебиет нұсқауларын жинау, зертгеу, бастыру ісімен де шұғылданды. Оның қатысуымен «Қазақтың ескі әдебиет нұсқаулары» (1931), «Батырлар» (1933), «Ақан сері-Ақтоқты», «Ләйлі-Мәжнүннің» қазақша аудармасы жарық көрді. «Қазақ әдебиеті» (1932) кітабы – осы саладағы алғашқы зерттеу еңбектерінің бірі. Халық әдебиеті материалдарын мол жинап, пайдаланған бұл зертгеуінде қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жанрлық жағынан жіктеп, идеялық-көркемдік талдаулар жасайды. С.Сейфуллин қазақ әдебиетінен мектептерге оқулық жазу існе де қатысқан. Қазақ әдебиетінің кадрларын даярлауға, алғашқы кітаптарын бастыруға көп күш салды.1936 жылы қазақ әдебиеті мен өнерінің Москвада өткен бірінші онкүндігіне қатысты. Қазақ жазушылары ішінен тұңғыш рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталып, шығармашылық еңбегіне 20 жыл толуы кеңінен мерекеленді.1938 жылы жолсыз жазага ұшырады. Ол туралы С.Мұқановтың «Сәкен Сейфуллин» пьесасы, Ғ.Мүсіреповтың «Кездеспей кеткен бір бейне» повесі, поэмалар, әдебиеттанушылық зерттеулер жазылды.ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Абай және Сәкен
Абайдың 1909 ж. өлеңдер жинағы шығып, қазақ сахарасына кең таралғанда көңіл кезі ашықтар, әсіресе ақындар мен оқушы шәкірттер дүр сілкінген болатын. АбайАбай ақындығына тәнті болып, елең арналағандар некен-саяқ. Абайды әдебиетіміздің атқанақтаңы, жаңа беті, үлгі-өнегенің асыл арнасы деп танығандар ете кеп болды. Абайдың өз төңірегіндегілер ғана емес, алып ақындықтың қуатты күшін алыстан сезіп-білгендер де қосылып жатты. Сол қалың дүрмектің арасынан Мағжан «Хакім Абайға» өлең арнап, жарқ етіп көрінді.
«Ай, жыл өтер, дүние көшін тартар, Өлтіріп талай жанды жүгін артар, Көз ашып, жұртың ояу болған сайын, Хакім ата, тыныш бол, қадірің артар», - деп шын өнердің мәңгілік екенін, оны дүниеге әкелген дарынның әрқашан қадір-құрметке бөленерін ізбасар ақын мықтап ұғынды. Абай ақындығына ден қойып, одан медет тілегендер көбіне халық қамы жайындағы кешелі ойлардан еріс алып, үлгі шашуға талпынды. Әрине, олардың ішінде Шәкәрімнің орны бөлек.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?