👈 қаріп өлшемі 👉

Қалқанша және қалқан серік безі.


СӨЖ

Тақырыбы: Қалқанша және қалқан серік безі.

Айырша безі.

«Астана Медицина Университеті» АҚ

Физиология кафедрасы

Астана 2013 жыл

www.themegallery.com

Жоспары:

Қалқанша безі

1

Қалқан серік безі

2

Айырша безі

3

4

Қалқаншамаңы безі (glandula parathyroideae, лат. glandula - без; гр. рага - маңы, қасы; thyreosқалқан) — қалқанша безі маңында немесе оның ішінде орналасқан кішкене денешік тәрізді ішкі секреция безі. Ол сыртынан дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Без паренхимасында жасушалар тізбектеліп немесе топталып орналасып, безді жасушалар бағандарын құрайды. Олардың аралықтарында қан тамырларына бай борпылдақ дәнекер ұлпасының жұқа қабаттары болады. Қалқаншамаңы безі жасушаларын паратироциттер деп атайды. Олар негізгі (базофилді) және ацидофилды (оксифилді) паратироциттер болып екі топқа бөлінеді. Негізгі паратироциттер қандағы кальцийдің деңгейін жоғарылататын паратирин гормонын бөліп шығарады. Ацидофильді жасушаларқызметін тоқтатқан, ескіру кезеңіндегі паратироциттер.

www.themegallery.com

Қалқан серік безі

Құрылысы: Бездердің екеуі қалқанша бездің жоғарғы жағына, екеуі төменгі жағына жабысып, оған жанаса орналасқан. Қалқанша безге жақын жабыса орналасқанымен құрылысы мен қызметі мүлдем өзгеше. Бездердің үлкендігі асбұршақтай, салмағы 20-50 мг. Ересек адамда әр бездің ұзындығы 6-8 мм, ені 3-4 мм, калыңдығы 1-2 мм. Салмағы ер адамда 30 жасқа дейін, әйелдерде 46-50 дейін өседі.

www.themegallery.com

Қалқан серік безінің құрылысы

Қызметі:

1) бездерден бөлінетін гормондар қан мен ұлпа сұйықтығындағы фосфор мен кальцийдің мөлшерін реттейді;

2) 1 құрамындағы кальций мен фосфордың ішекке тез сіңуіне әсер етеді

3) денеден кальций мен фосфордың зәр мен нәжіс аркылы шығарылуын қамтамасыз етеді.

www.themegallery.com

Қалқан серік безінің қызметі

www.themegallery.com

www.themegallery.com

Қалқанша без (glandula thyroidea, лат. glandula - без, гр. thyreosқалқан) - шеткі ішкі секреция безі. Қалқанша без сырты дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Қапшықтан қалқанша без ішіне таралатын дәнекер ұлпалы перделіктер без паренхимасын бөлікшелерге бөледі. Бөлікшелер көптеген көпіршіктерден ( фолликулдардан) тұрады. Фолликул қуысын құрамында күрделі протеин — тироглобулин болатын қоймалжың зат — коллоид толтырып тұрады. Фолликул қабырғасын екі түрлі клеткалар құрайды. Тироциттер және парафолликулалы немесе К-жасушалар. Тироциттер ұлпалардың дамуына, өсуіне, протеиндердің, көмірсулардың, майлардың, йодтың алмасуына әсер ететін, құрамында йод болатын тироксин және трийодтиронин гормондарын бөліп шығарады. Азық құрамында йод жетіспесе, онда жануарлар организмінде эндомиялық зоб ауруы өршиді. Парафолликулалы клеткалар қандағы кальцийдің мөлшерін азайтатын, құрамында йод болмайтын кальцитонин гормонын бөледі.

www.themegallery.com

Қалқанша безі

Қалқанша без барлық омыртқалы жануарларда болатын ішкі секреция бездерінің ішіндегі ең ірісі. Қалқанша без көмекейдің алдыңғы жағына орналаскан. Ересек адамдарда оның салмағы шамамен 30-60 г, пішіні таға тәрізді, бірімен-бірі өзара байланысқан екі бөліктен тұрады. Қалқанша безде іші шырышты затқа толы қуыстар бар. Шырышты заттан тироксин гормоны бөлінеді, ал оның құрамында йод болады. 50 жастан әрі қарай калқанша бездің салмағы мен мөлшері кішірейеді. Жаңа туған баланың қалқанша безінің салмағы 1-2 г.

Қызметі:

1) тироксин гормоны барлық зат алмасуға (нәруыз бен май) қатысады;

2) ағзаның өсуі мен дамуына әсер етеді;

3) жүйке жүйесі мен жүрек жұмысының қозуын арттырады. Қалқанша бездің қызметі бұзылғанда пайда болатын ауытқулар. Қалқанша безден бөлінетін гормондар жетіспесе, адам микседема (грекше «myxa» - шырыш және «oidema» - ісіну) ауруына шалдығады.

www.themegallery.com

Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі

Қалқанша безден бөлінетін гормондар жетіспесе, адам микседема (грекше «myxa» - шырыш және «oidema» - ісіну) ауруына шалдығады.Ауруды тироксин гормонымен емдейді.

Аурудың белгісі. Қалканша бездің ұлпалары өсіп, ұлғайып, салмағы 1 кг-ға дейін жетеді, сон-дыктан оны алкым ісуі дейді. Бұл ауруды емдеу және болдырмау үшін ас тұзына йод (100 кг ас тұзына 2,5 г йодты калий тұзы) қосады. Балабакша мен мектептерде балаларға дәрі береді. Дәрінің бір түйірінің құрамында 1 мг йодты калий бар.

Жас балаларда қалканша бездің гормоны жетіспесе, бойы әспей, жыныстық жетілуі тоқталады. Ми сыңарлары қыртысьшың жұмысы бұзылып, ақылесі кем болады. Мұндай ауруды кретинизм (фр. «сrtinismе» - жарымес) дейді. Ауру асқынбаса, емдеп жазуға болады.

www.themegallery.com

Қалқанша безден гормон көп бөлінсе, денеде зат алмасу күшейеді; жүрек соғуы жиілейді; қан қысымы көтеріліп, жүйке жүйесінің қозуы артады; тамақты көп ішкенмен салмақ қоспай, керісінше

арықтайды. Тез ашуланады және терлегіш болады. Көздері бадырайьш, шарасынаналға қарай шығып тұрады. Мұндай ауруды бадырақ көз немесе базедов ауруы дейді. Бұл ауруды неміс дөрігері К. А. Базедов сипаттап жазған.

Ауруды емдеп жазу үшін қалқанша бездің кішкене бөлігін кесіп алып тастайды. Жеке жасушаларын жою үшін рентген сәулесімен де емдейді

www.themegallery.com

Айырша без (грек, thymus — тимус) — омыртқалы жануарлар мен адам организмдеріндегі иммундық жүйенің қалыптасуы мен оның қызметінің толық атқарылуын қамтамасыз ететін без. Айырша без иммундық жүйенің орталық мүшесіне жатады. Ол көкірек қуысында орналасқан тақ көкірек бөлігінен және кеңірдектің екі қапталында жатқан жұп мойын бөлігінен түрады. Адам мен жануарлар организмдеріндегі жасушалық және гуморальдық (сүйықтық) иммунитеттердің қалыптасуында маңызды рөл атқаратын Т лимфоциттердің түрліше популяцияларын түзу арқылы айырша без денедегі иммуногендік қызметті реттеуге қатысады. Ол гуморальды фактор — тимозинді организмнің ішкі сүйық ортасына (қан, лимфа, ұлпа сүйығы) бөліп, шеткі лимфоидты мүшелер — лимфа түйіндері мен көкбауырдағы лимфоциттердің көбейіп жетіліп, әсерлі (эффекторлы) клеткаларға айналуын қамтамасыз етеді. Құрылысы жағынан айырша без лимфоидты-эпителиальды мүшелерге жатады.

www.themegallery.com

Айырша без

www.themegallery.com

Add your company slogan

www.themegallery.com

Thank You !


Материалдың толық нұсқасын қалай жүктеймін?

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Ұстаздардың жұмысын жеңілдететін жаңа платформа іске қосылды 20.10.2021, 0
» Баспана бағасы тағы қымбаттай ма - сарапшылар болжамы 12.10.2021, 0
» Жастарға баспана: жеңілдетілген бағдарлама шарттары айтылды 09.10.2021, 0

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы