Ақпараттық технологиялар ғасыры
Ақпараттық технологиялар ғасыры
Ақпараттық технологиялар ғасыры
Қазіргі әлемді ақпараттық және коммуникациялық технологиясыз, сонымен бірге интернет желісіз көзге елестету мүмкін емес. Соңғы кездегі жеке пайдаланылатын компьютерлердің өндірісте, бизнесте кеңінен қолданыла бастауы жалпы көпшілікке кәсіби ақпараттық технологияларды пайдалана білудің аса қажеттігін көрсетті.
Қазіргі электронды есептеуіш машиналардың арғы тегі – есепшот
Тарихи деректерге сүйенетін болсақ, есепшоттың жасы 2000-5000 жылдар шамасында, ал пайда болған жері не Қытай, не Египет.
Есепшотты гректер мен Батыс-Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суан-пан», жапондықтар «серобян» деп атады.
Electronic Discrete Variable Computer
Американдық ғалым Джон Фон Нейман 1946 жылы жазған «EDVAC машинасы туралы алдын-ала баяндамасында» электронды-машиналарды құрастыру мен басқарудың жаңа тұжырамдамаларын ұсынды. Осының негізінде 1949 жылы EDVAC (Electronic Discrete Variable Computer) пайда болды.
Алғашқы ЭЕМ
Бізде алғашқы ЭЕМ-дер 1951 жылы — МЭСМ (Малая электронная счетная машина) және 1952 жылдары — БЭСМ (Большая электронная счетная машина) жарық көрді. Оларды КСРО-ның ғалымы Сергей Алексеевич Лебедев жасады.
Ақпараттық технологиялардың дамуына үлкен септігін тигізген оқиға
Веб дизайн тарихы 1991 жылы алғашқы web-сайттың пайда болуынан басталды. Оның құрастырушысы Тим Бернерс-Ли HTML гипермәтіндік бейнелеу тілі негізіндегі World Wide Web жаңа технологиясы туралы жазды. Бұл ашылу ақпараттық технологиялардың дамуына үлкен септігін тигізді. Әлемдегі бірінші сайт алғашқы интернет-каталог та болды, кейін Тим Бернерс-Ли оған басқа сайттарға сілтемелер тізімін орналастырды.
Тим Бернерс-Ли - әлеуметтік желінің атасы
(отец всемирной паутины)Ақпараттық технологиялар
бүгінгі жетістіктеріТАСЫМАЛ КОМПЬЮТЕРЛЕР – жеңіл, ықшам, жұқа экранды ДК. Оны ноутбук деп те атайды. Тасымал компьютерлер – батареямен жұмыс істейтіндіктен оны адам өзімен бірге алып жүре алады. Тасымал компьютердің дербес компьютерден айырмашылығы оның микропроцессоры, экраны және клавиатурасы бір корпуста орналасқан. Жұмыс істеп болғаннан кейін экранды клавиатураға жақындату арқылы оны кітап сияқты жинауға болады.
ҚАЛТА КОМПЬЮТЕРЛЕР – оны жиі сандық көмекші деп атайды. Олар батареямен қоректенеді және тасымал компьютеріне қарағанда өте ықшам болады. Қалта компьютерлер дербес және тасымал компьютерлер сияқты қуатты болмаса да, оны телефон нөмірлерін, мекенжайды, ойындарды сақтау үшін қолдануға болады.
Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
1. Тарихи деректер бойынша есепшоттың жасы? A) 1000-1500 B) 2200-3000 C) 2000-5000 D) 3500-4500 E) 1500-30002. «EDVAC машинасы туралы алдын-ала баяндамасында» электронды-машиналарды құрастыру мен басқарудың жаңа тұжырамдамаларын ұсынған ғалым ? A) Тим Бернерс-Ли B) Сергей Алексеевич C) Ксенофонт D) Аристотель E) Джон Фон Нейман3. EDVAC (Electronic Discrete Variable Computer) пайда болған жыл? A) 1946 B) 1951 C) 1952 D) 1991 E) 19954. XXI ғ басты ерекшелігі ? A) Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар дамуы B) Мал шаруашылығының шарықтауы C) Авто көліктердің көбеюі D) Радио -теледидарлар заманы E) Жасылдандыруда
5. Ақпараттық технологиялардың дамуына үлкен септігін тигізген басты оқиға?
A) Қалта компьютерлер пайда болуы B) Тасымал компьютерлер пайда болуы С) World Wide Web жаңа технологиясы пайда болуы D) Apple тасмал компьютерлерінің шығуы Е) Дурыс жауап жоқ6. Тасымал компьютерлерінің басты сипаттамасы ? A) Жеңіл, ықшам, жұқа экранды B) Ауыр , ұзынша келген С) Салмағы орташа , экраны кішкентай D) Периодты, импульсті E) Периодсыз, импульсті7. әлеуметтік желінің атасы атанған тұлға ? A) Сергей Алексеевич B) Ксенофонт C) Джон Фон Нейман D) Тим Бернерс-Ли E)Аристотель
8. Алғашқы web-сайттың пайда болған уақыты?
А) 1992 В) 2000 С) 1995 D) 1991 Е) 1988 9. Тасымал компьютердің дербес компьютерден айырмашылығы ? А) Микропроцессоры, экраны жеке орналасқан В) Микропроцессоры, экраны және клавиатурасы бір корпуста С) Клавиатурасы , экраны бір корпуста D) Микропроцессоры, клавиатурасы бірге E) Экраны клавиатурасына қарағанда екі есе үлкен10. Бізде алғашқы ЭЕМ-дер қай жылы пайда болды ? А) 1991,1993 В) 1988,1989 С) 1951,1952 D)1994,1995 Е) 1971,1973Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?