Күш моменті. Айналатын дененің тепе теңдік шарты. Иінді таразылар


Күш моменті. Айналатын дененің тепе теңдік шарты. Иінді таразылар

Оқыту мақсаты: тепе-теңдік жағдайда тұрған дене үшін күш моменттер ережесін тұжырымдау; күш моментінің формуласын қолдана отырып есептер шығару.

Сабақтың мақсаты: Күш моментіне анықтама беру, айналатын деннің тепе-теңдік шартын түсіндіру; иінді таразылардың қолданылуы

Сабақтың тілдік мақсаты: күш иіні-shoulder strength, күш моменті-moment of force, тірек нүктесі-fulcrum, моменттер ережесі-Prahl moments, иінді таразылар-scales, рычаг-lever, блок-block, айналатын денелердің тепе-теңдік шарты-condition of equilibrium of a rotating body

Өткен сабақ материалдары: жай механизмдер, иіндік,блок, көлбеу жазықтық, механиканың алтын ережесі

Айналу осі бар денелердің тепе-теңдік шартын анықтау үшін күш моменті деген ұғым енгізіледі.

Қозғалмайтын тіреудің немесе біліктің (осьтің) төңірегеінде айнала алатын кез келген дене иіндік деп аталады.

Видео

Иіндіктің айналу осі өтетін О нүктесін тіреу нүктесі деп атайды. Тіреу нүктесінен иіндікке әрекет ететін күш орналасқан түзуге жүргізілген АО немесе ВО перпендикулярдың ұзындығын күш иіні деп атайды.

Айналатын денеге түсірілген күштің күш иініне көбейтіндісі күш моменті деп аталады: M=Fd

Мұндағы: М-күш моменті, F-күш, d-күш иіні.

Күш моментінің бірлігі үшін иіні 1 метрге тең 1ньютон күштің моменті алынады. Ол ньютон*метр=1H*1м

Күш моменті айналатын дененің тепе-теңдік шартын анықтайға мүмкіндік береді.

Иіндік тепе-теңдікте тұруы үшін сағат тілі жүрісіне бағыттас күш моменті сғат тілі жүрісіне кері бағыттас күш моментіне тең болуы керек:

М1=М2

Сонымен моменттер ережесі деп аталатын мынадай тәжірбиелік қорытынды туындайды: айналатын дененің тепе-теңдігін сақтау үшін, денені сағат тілі жүрісіне бағыттас айналдыратын күш моменттерінің қосындысы оны сағат тілі жүрісіне қарсы бағытта айналдыратын күш моменттерінің қосындысына тең болуы керек.

Екінші сөзбен айтсақ: біліктің сол жағындағы күштердің күш моменттерінің қосындысы біліктің оң жағындағы күштердің күш моменттерінің қосындысына тең болса, айналатын дене тепе-теңдікте тұрады.

Иінді таразылардың жұмыс істеу принципі айналатын дененің тепе-теңдік шартына негізделеді.

Бұдан кері қорытынды жасай аламыз: егер гір тастарының массасы өлшенетін дененің массасына тең болса, онда тең иінді таразы тепе-теңдік күйде болады.

P1=m1g және P2=m2g

M1=M2 немесе P1d1=P2d2

d1=d2 Ендеше

m1g=m2g немесе m1=m2

Иінді таразылар дененің массасын өлшеу үшін қолданылады.

Аса ауыр денелердің (жүк машиналарының, вагондардың, т.с.с.) массаларын өлшейтін таразылардың иіндері ұзындықтары әр түрлі жасалады.

Иіндері үшін он саны еселік болып келетін таразылар ондық таразылар деп аталады. Сонда ондық таразылардың тепе теңдік шарты былай жазылады:

gml=gML мұндағы: m-гір тасының массасы; М-өлшенетін дененің массасы.

L= l/100

m=M/100

Ауыр жүк машиналарының массасын өлшеуге арналған таразылар

Күш моменті ескерілетін жағдайларды ата:

Күш моментіне қатысты суретті көрсет

Pick the pictures where more friction would be useful or not useful.

useful

not useful

Суретке қарап есеп құрастыр

Суретке қарап есеп құрастыр

Бастапқы деңгей тапсырмалары:

Неге есіктің тұтқасын оның ортасына емес, шетіне қарай қағады?

Иіндік тепе-теңдік қалпын сақтау үшін, оның В нүктесіне қандай күш түсіру керек?

Бастапқы деңгей

3. Иіндіктің кіші иінің ұзындығы 5см, үлкенінікі 30см. Кіші иінге 12Н күш түссе, иіндікті тепе-теңдік қалпына келтиіру үшін үлкен иінге қандай күш түсіру керек?

4. Иіндіктің кіші иініне 300Н, ал үлкен иініне 20Н түсті. Кіші иіннің ұзындығы 5см, үлкен иіннің ұзындығын анықтаңдар. Суретін салыңдар

Орта деңгей

1. Иіндіктің ұштарына 40Н және 240Н күштер әрекет етеді. Тірек нүктесінен ең кіші күш әрекет ететін нүктеге дейінгі қашықтық 6см. Егер иіндік теңгерілген қалыпта болса, оның ұзындығын табығдар.

2. Ұзындығы 1м иіндіктің ұштарына 2Н және 8Н күштер әрект етедә. Тепе-теңдік жағдайындағы тіреу нүктесі қай жерде орналасқан?

Жеткілікті деңгей

1. Иіндік тепе-теңдікте болу үшін тіректі қай жерге орналастырған жөн?

Үйге тапсырма

1. Иіндік таразыны пайдаланып, экватордан полюске өткенде ауырлық күші өзгеретініне көз жеткізуге неге болмайды?

2. Тұрғы, сызғыш, иіндік, сым ілгегі бар массасы 10г гір, массасы белгісіз бір зат берілген. Заттың массасын анықтаңдар. Жауабын таразыға салып, өлшеңдер.

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу