Адамзат үшін ядролық сынақтың салдары


СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Тағамтану және гигиеналық пәндер кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Адамзат үшін ядролық сынақтың салдары.

Орындаған: Жұмағалиева Б.м

Тексерген: Нұртазина С.К

Семей 2015

Жоспар:

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

1. АТОМ КӨЛІ

2. «ХРУСТАЛЬДІ БАЛА»

3. «Құмырсқа - адам»

3. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе.

КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.

Қазақстандағы қарудың жиынтық ядролық қуаты бұрынғы Кеңес Одағының барлық ықтимал дұшпандарының аса маңызды стратегиялық объектілерінің барлығының тамтығын да қалдырмауға жетіп артылатын. Бұл қаруды қолдану миллиондаған халқы бар мыңнан астам қаланы, ол былай тұрсын, тұтас бір мемлекеттерді, тіпті континенттерді жермен жексен етуге мүмкіндік беретін.

1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді.

Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді. Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді.

Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып жіберген, кейбір үйлердің қабырғалары қирады. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды. Зерттеулерді, ғылыми экспедицияларды профессор Б. Атшабаров басқарды. Зерттеудің нәтижесінде радиацияның адамға тигізетін ықпалының ең қауіптісіиондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі.

1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары.

Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті. Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді. Мамангдардың айтуынша, соны бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты. Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азайтады.

АТОМ КӨЛІ

Аймақтағы Шаған және Ащысу деп аталатын екі өзеннің түйісер тұсында, 1965 жылдың 15 қаңтарында жер асты жарылысы болды. Осының салдарынан атақты Атом көлі пайда болды.

Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны аумағындағы атом көлі. Шығыс Қазақстан облысы, 22 тамыз 2009 жыл.

Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының бір буклетінде осы нысанға қысқаша сипаттама берілген: «Қуаттылығы 140 килотонна жарылыс жасалды. Осының салдарынан тереңдігі 100 метрден асатын, диаметрі 400 метрлік шұңқыр пайда болды. Атом көлі аумағында топырақтың радионуклидтік ластануы солтүстік бағытта 3-4 шақырымға дейін байқалады.

«ХРУСТАЛЬДІ БАЛА»

Бұрынғы Семей облысының орталығы Семей қаласында жеті жасар «хрустальді бала» Уәлихан Серікқалиев тұрады. Оның сүйектерінің осалдығы соншалық, болмашы қимылдан-ақ жиі сынады. Медицинада бұл сырқат «остеогенез» деп аталады. Уәлиханды сырқатынан жазу мүмкін емес, тек оның жан қиналысын жеңілдетуге ғана болады дейді мамандар. Оны тек әлдебір керемет қана жазуы мүмкін.

«Құмырсқа - адам»

Никита Бочкарев компьютерге жазуды басына киген осы құралдың көмегімен тереді. Семей, 23 тамыз 2009 жыл.

Қорытынды

Қазіргі заманда Қазақстан территориясындағы экологмялық проблемалар ядролық жарылыстардың зардабы мен әскери кешендердің іс әрекетіне,территориялардың қуаншылыққа ұшырауына, таза ауыз су жетіспеуіне, атмосфералық ауаның, топырақтың өсімдіктердің және тамақ қнімдерінің өндірістің химиялық заттармен ластануына байланысты. Қазақстан Республикасының әр азаматы табиғат байлығын тиімді пайдалану, қоршаған орта, жер,су тазалығын сақтау, олардың зиянды заттармен ластануына жол бермеу керек.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Г.С Оспанова Г.Т Бозшатаева «Экология»

2.М.Молдахметова, А.М. Ғазалиева «Экология негіздері»

3. bilimkozy.idhost.kz

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет !!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу