Адамгершілік
Адамгершілік
Адам - ең әуелі адамгершілігімен, парасатының биіктігімен көрікті.
Адамгершілік тәрбиесі оқушыларды адамгершілік ұғымы, мінез-құлық нормалары жайындағы біліммен кемелдеңдіреді.
Адамгершiлiк мәдениет - адамзат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасады, әрбiр дәуiрдiң өзiндiк қайшылықтарымен бiте қайнасып, жетiледi. Сондықтан да адамгершiлiктiң мәнiн абстрактылы түрде қарап, оны адамдардың табиғатымен, биологиялық ерекшелiктерiмен ғана байланыстыруға болмайды.
Адамзат тарихында адамгершiлiкке байланысты пайда болған категорияларға мыналар жатады:
жомарттық,
батырлық,
ерлiк,
әдiлдiк,
қарапайымдылық,
кiшiпейiлдiлiк,
адалдық,
шыншылдық,
ұяттылық,
ар мен намыс
Адамгершiлiк қасиеттер:
Адамның адамгершiлiгi - оның жоғары қасиетi, былайша айтсақ, кiсiлiгi. Оның негiзгi белгiлерiнiң бiрi - адамдық ар - намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға ұмтылу, соған дайын болу.
"Өзiң үшiн еңбек қылсаң, - дейдi Абай, - өзi үшiн оттаған хайуанның бiрi боласың. Досыңа достық- қарыз iс, дұшпаныңа әдiл бол”.
Адамгершілік туралы мақал – мәтелдер:
Адамгершілік болмай,
Әділдік болмас.
Адамның ұяты бетінде ,
Адамгершілігі ниетінде.
Жақсы ниет - жарым ырыс.
Қайырымдылық жасасаң,
Қайырын өзің көресің.
Ақылың болса, арыңды сақта,
Ар ұят керек әр уақытта.
Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені.
“Адамгершiлiк бiр адамның екiншi адамға сыйлай салатын заты емес, ол өзiнiң тәжiрибесi арқылы ғана жететiн адамның iшкi жағдайы”- деп адамгершiлiктiң құндылығына ерекше тоқталған. Тәрбие мәдениетi — өмiрдiң өзi сияқты күрделi де көп қырлы.
В.Соловьев
Махаббат, достық, бауырмалдық - адамның ең бір асыл қасиеттері.
Ғабит Мүсірепов
Ақын бойына адамгершілік қана жарасады. Екеуінің біріне ақау түссе - алдымен ақындық өледі.
Ғабит Мүсірепов
Еңбекке тәрбиелеу, патриоттық тәрбие, эстетикалық тәрбие, адамгершiлiк тәрбиесi, экологиялық тәрбие, дене тәрбиесi. Осы барлық тәрбиенiң өзегi- адамгершiлiк тәрбиесi, бiрақ ол жападан жалғыз әрекет етпейдi, ол осы аталған тәрбие түрлерiмен бiрлiкте, демек адамгершiлiкпен қоса барлық тәрбие түрлерiмен бiрiге келе адамгершiлiк мәдениетi мен сапалары қалыптасады.
Адамгершiлiк сапаларын индивидтiң өзi анықтап, адамгершiлiк ұстанымын да өзi қалыптастырады.
Адамгершiлiк
Жақсылық
Жамандық
Ы. Алтынсарин мынадай адамгершiлiктiң түрлерiн атап көрсетедi, 7 жақсы қасиет:
Бiрiншi: Имандылық.
Екiншiсi: Жоғарғы әдiлдiк.
Үшiншiсi: Адалдық, ақкөңiлдiлiк.
Төртiншiсi: Сыпайылық, момындық.
Бесiншiсi: Адал ниетпен өсиет беру.
Алтыншысы: Жомарттық, қайырымдылық.
Жетiншiсi: Дұрыс заңдылық
Адамгершiлiк iлiмінiң және адамгершiлiк тәртiптiң сәйкес келуi – азаматтың, оқушылардың жоғары адамгершiлiгiнiң дамығандығының айғағы. “Адамгершiлiктерiң жоғары болсын. Бұл сендердiң ең басты мiндеттерiң” деп жазды философ жазушы Ж.Ж.Руссо.
Адамгершiлiк құндылық – адамдық қасиетiнiң өлшемi. Оның жақсылыққа талпынуы, өзге адмға жанашырлық бiлдiруi. Айналадағы адамдарға қайырымы, өмiр сүру мәселелерi жайында iзденуі, өзiн-өзi танып сол арқылы дүниенi — әлемдi тануы.
Адамгершілік деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
Адамгершілік қайда және қалай қалыптасады?
Адамгершілік құндылық дегеніміз не?
Ж,Ж,Руссо адамгершілік туралы не айтқан еді?
Адамгершілік ұғымында бір-біріне қарама қарсы екі ұғымды ата
Қорытындылау сұрақтары:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?