20 ғасырдың басындағы қазақ мәдениеті


СӨЖ

Тақырыбы: “XX ғасырдың басындағы қазақ мәдениеті”

Орындаған: Юлдашов.Сан Чо

121 топ ЖМФ

Тексерген: Абдрахманова К.Ж.

Қарағанды 2010 жыл

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті

Қазақстан тарихы және саяси-әлуметтік пәндер кафедрасы

Кіріспе

Негізгі бөлім

1.XX ғасырдың басындағы қазақ мәдениетінің жаңадан қалыптасуына әсер ететін жағдайлар.

2. XX ғасыр мәдениеті

3. XX ғасыр ─ өрлеу кезеңі

4.Абайдан басталған қазақ мәдениеті

5. XX ғасырдың басындағы қазақ музыкасы

6. XX ғасырдағы сауатсыздықпен күрес

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Жоспары

Қазақ тіліне бұл термин арабтың «маданият» −қала, қалалық деген сөзінен енген. Мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму жолын өтті. XIX ғасырда мәдениет мәселелерімен тығыз айналысқан ғалымдардың бірі ағылшын ойшылы Эдуард Бернетт Тайлор (1832−1917) болды. Ол “мәдениет жөніндегі ғылым−реформалар жөніндегі ғылым” деп тұжырымдай отырып, жалпылама анықтама берді: “Мәдениет пен өркениет кең, әрі этнографиялық мағынада−білімнен, наным-сенімдерден ,өнерден, адамгершіліктен, заңдардан, салт-дәстүрлерден және қоғамның мүшесі ретінде адамның игерген дағдылары мен түрлі қабілеттерінен құралады”.

«Мәдениет дегеніміз не?»

1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалыс.

Демократиялық күрестің шегінуі.

Таптық күрестің қайтадан өрлеуі.

Баспа ісінің жолға қойылуы (Ұлттық-демократиялық мәдениеттің көрнекті өкілдерінің алғашқы өлеңдері 1905-1907 жылдардағы революциядан кейін шыға бастады.)

Діни мектептерді қайта құру жолындағы қозғалыстар басталды.

XX ғасырдың басындағы қазақ мәдениетінің жаңадан қалыптасуына әсер еткен жағдайлар:

Адамзат тарихында XX ғасыр мәдениетінің алатын орны ерекше. Өйткені, бұл кезең тарихи оқиғаларға, қантөгіс соғыстарға, сан-қилы дағдарыстарға толы сындарлы заман болды. Ғылым мен техниканың қарышты қадамы, жарқын болашаққа деген сенім өркениетті дамыған елдерде біртұтас жалпы адамзаттық мәдениеттің дамып, қалыптасуына әсерін тигізбей қойған жоқ. Ғасыр аяғында планетамызда парасаттылық пен ізгіліктің кеңінен өріс алуы жалпы адамзаттық мәдениеттің дамуына және оның ұлттық түрлерінің нәрленуіне, олардың өзара қарым-қатынастарының жаңа арнаға түсуіне ерекше әсер етті. Қазақ мәдениеті XX ғасырды әрі үмітпен, әрі түңілумен қарсы алды. Дүниежүзілік техникалық және демократиялық прогресс Азия орталығына да жете бастады.

XX ғасыр мәдениеті

Ұлттық идея темір тордағы халықты толғандырып, оны азаттық үшін күресуге ұмтылдырды. Әрине, ұлт азаттық күреске бүкіл Ресей империясын қамтыған революциялық және реформалық қозғалыстар да әсерін тигізді. Өзіне туысқан халықтардағы сияқты Қазақстандағы мәдениет қайтадан жаңғыру орыс экспансиясына қарсы шығудан басталды.

Әрбір ұлттық мәдениет бос кеңістікте емес, адамдандырылған қоршаған ортада әрекет етеді. Мәдени кеңістік оқшау, мәңгіге берілген енші емес. Ол тарихи ағынның өрісі болып табылады.

XX ғасырдың басында С.Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, М. Әуезов өздерінің алғашқы шығармаларын жариялады. Кейін бұлар кеңес өкіметі кезеңіндегі қазақ әдебиетінің негізін қалаушыларға айналды.

Қазақ халқы музыкалық мәдениеті: сазгерлер Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина Нүрпеисова, Тәттімбет, Қазанғап, Ықыластың өлмес күйлері жарық көрді.

Қазақ баспасөзінің дамуы күшейді. Мысалы,

1911 жылы бірінші қазақ журналы “Айқап” жарық көрді,өмір сүрген төрт жыл ішінде оның 88 нөмірі шықты.

1913-1918 жылдары “Қазақ” газеті шығып тұрды.

XX ғасыр ─ өрлеу кезеңі

Қазақ авторларының кітаптарын шығару ұлғайды. (Петербургте, Қазанда, Орынборда, Ташкентте Абай Құнанбаевтың, Ыбырай Алтынсариннің, Ахмет Байтұрсыновтың, Міржақып Дулатовтың, Әбубәкір Диваевтың және т.б. Ақын-жазушылардың шығармалары басылып шықты).

1912 жылы Семейде қазақ тіліндегі кітаптарды басуға мамандырылған “Жәрдем” баспаханасы құрылды.

Абайдан басталған қазақ мәдениетіндегі тың сарын XX ғасырдың бас кезінде ары қарай жалғасты. 1909 жылы Абай Құнанбайұлының шығармалар жинағы ресми баспадан шықты.

Демократиялық бағытта дами бастаған С.Торайғыров, С.Дөнентаев, Т.Ізтілеуов, М.Көпеев және т.б. Мұрасы шығыс әдебиетінен ерекше орын алды. С.Торайғыровтың Шәкірт ойы, Алты аяқ”, “Бір адамға”, “Адасқан өмір” шығармаларында қазақ ауылының өміріндегі өзгерістер сипатталады. Б.Майлиннің “Шұғаның белгісі”, С.Көбеевтің “Қамар сұлуы” халық арасына кең тарады. А.Байтұрсыновтың “Қазақ қалпы”, “Қазақ салты”, “Жиған-терген” өлеңдері қазақ халқын саяси оятуға арналған.

Абайдан басталған қазақ мәдениеті

XX ғасыр басындағы халық мәдениетіндегі жан-жақты дамыған сала─музыкалық мәдениет. Қазақ музыкасын дамытуға үлес қосқандар: Кенен Әзірбаев, Балуан Шолақ, Дина Нүрпейісова, Ыбырай Сандыбаев, Сүгір, қазақтың бұлбұлы Майра Шамсутдинова, Қали Байжанов, Манарбек Ержанов, Әміре Қашаубаев, т.б.

Естайдың “Майдақоңыры”, Динаның “Көңіл ашары” мен “Әскерге алу” күйлері шықты. Үкілі Ыбырайдың “Гәкку” әні сүйіспеншіліктің өзіндік әнұранына айналды. Мұхиттың “Зәуреші” нағыз “Реквием” саналды.(А.Жұбановтың сипаттамасы). Абай мен Мұсаның әндері еуропалық музыкалық мәдениет элементтеріне бай екендігімен ерекшеленеді.

XX ғасырдың басындағы қазақ музыкасы

XX ғасырдың бас кезінде өлке халқының негізгі көпшілігі оқи да, жаза да алмады.Сондықтан революциядан соң бірден ересектерді оқыту үшін сектептер мен курстар ашыла бастады.Әулие –Ата қалалық жқмысшы және солдат депутаттары кеңесі жылы қарашада сауат ашу мектебін ашу туралы мәселе қарап, бұл мақсатқа қажетті ақша қаржысын бөлу туралы шешім қабылдады. Жылдың бас кезінде Верныйда, Семейде, Ақмолада және т.б. жерлерде сауатсыздар үшін мектептер ашылды. XX ғасырдың басында бастауыш мектептер бойынша жан басына шаққанда бөлінген қаражат мөлшері: Торғай облысы 6,9 тиын, Ақмола2,5 тиын, Жетісу1,9 тиын, Сырдария1,8 тиын.

XX ғасырдағы сауатсыздықпен күрес

Көшпелі мал шаруашылығы мен суармалы егіншілік Қазақстан тайпаларының бірыңғай мәдениетінің негізін қалады.Қазақ халқының мәдениетіне көрші халықтардың, әсіресе, Еділ маңы, Сібір және Орта Азия халықтарының мәдениеті едәуір ықпал етті.Сондай ақ мұсылмандық мәдениет те айтарлықтай із қалдырды.XV-XX ғасырдың басында Қазақстанда қазақ далаларының ежелгі тайпалары мәдениетінің таңдаулы дәстүрлеріне негізделген бірыңғай мәдениет іс әрекетте болды.

Көрші халықтары мәдениетінің әсер етуі

Бүгін Қазақстан әлемдегі қарыштап алға басқан жас мемлекеттердің бірі. Қазақ халқының ата тарихы жарқын болашаққа ұмтылған елімізге рухани нәр берері анық. Оның тарихы қаһармандыққа толы шежіре. Кез келген халық өсіп тұрған ағаш сияқты, ал халықтың тарихы оның тамырына ұқсайды. Тамыр неғұрлым тереңге барса, соғұрлым ағаштың алатын нәрі де көп болмақ. Жер жүзін жаһандану үрдісі қамтыған уақытта өз кескін-келбетін, этностық құндылықтарын сақтап қалу оңай емес. Бұл мәселе қазақ мәдениетінің де алдында тұрған жағдай. Әміршілдік жүйе тұсында ұлттық негіздерінен ажырап, мазмұн жағынан пролетарлық, түр жағынан ұлттық қазақ өнері еңсе көтеріп, жаңаша ұлттық түр сипат қалыптастыра бастады. Отаршылдық дәуірінде және тоталитарлық үстемдік кезінде жазықсыз жазаға ұшыраған қазақ әдебиеті өкілдерінің еңбектері қайта жариялана бастады. Қара түнек заманда ел қамқоры болған азаматтар басын бәйгеге тігіп, ұлттық мүддені қорғап қалды. Олар өз пайдасын емес, ел-жұрттың бақытын аңсады. Бүгінде сол бақыт, еркіндік халықтың өз қолында.

Қорытынды

А.К. Ақышев “Қазақстан тарихы” очерктері, 1994 жыл “Дәуір” баспасы.

“Қазақтың дәстүрлі мәдениеті

“Мәдениеттану”

“Қазақстан тарихы” Шың кітабы,2005 жыл.

http/www.google.kz

Қолданылған әдебиеттер:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу