kz


14 наурыз – Көрісу күні

- Ата, бір жасыңызбен!

- Бар бол, қарағым... Айналайын...


14 наурыз - Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәтті-пәттісімен қосып үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір–біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман-есен.....
kz
Толық

Мұғалімнің ҰБТ –ге дайындық іс-әрекетінің тиімділігін арттырудың психологиялық жолы

Мақсаты: ҰБТ-ге дайындайтын мұғалімдердің бойындағы стресс,қобалжудан арылту,психологиялық көмек беру.
Ж О С П А Р:
І.Мұғалімдерге ҰБТ-ге дайындық кезеңінде психологиялық көмек беру жолдары.
ІІ .Мұғалімдерге арналған психологиялық жаттығулар.
ІІІ Қорытынды.
kz
Толық

Жаңа жылдық сыйлық (әкесінің қызына жазған хаты)

"Жаңа жыл мерекесі таяп қалды. Ал мен саған әлі не сыйларымды білмеймін. Сен көп нәрсені: ойыншықтарды, көйлек немесе мазмұны жақсы кітаптарды ұнататыныңды жақсы білемін.

Бірақ биыл мен саған тозбайтын және мәңгілікке жаныңда болатын сый жасағым келіп отыр. Әр жыл сайын мені есіңе салатын ерекше сыйлық болсын деп едім.

Не сыйласам екен... Көп ойланып, маған оңай шешілмеген жұмбақтың жауабы, болашағыңа азық болатын өмірлік шындықпен бөліскенді жөн көрдім. Бұл сый - шын жүрегіммен табысталатын сыйлықтардың бірі. Егер осы сыйлығымды ықыласпен қабыл алып, оны керегіңе жаратсаң, өмірдегі барлық жетістіктің есігі айқара ашылады. Тағдыр дайындап қойған қиындықты жеңіп, қуаныш пен жеңістің тәтті дәмін сонда шын сезінесің.

Саған ешкім ешнәрсе қарыз емес.
Қалайша? Бұл қағида менің өмірімді қалай жеңілдетеді дейсің ғой?
Иә, сен бұл нәрсені әзірше түсінбеуің мүмкін. Балапаным.....
kz
Толық

Бақыт

Мен бақытты көрсем деуші едім.
Біздің қақпаның алдындағы үлкен қара жолмен күнде бір қайыршы шал өтетін еді.
Шал ұзын асасын жоғары көтеріп алып:
— Е, азаматтар, бақытты болыңдар! — дейтін еді.
Менің бақытты көргім келді.

Күн батушы еді, шал қаракөлеңкеде үйреншікті жолыменен күнде бір қалыпта кетіп бара жататын еді. Мен біраз қарап тұрар едім де, қараңдап кетіп бара жатқан сыры белгісіз, жұмбақ қайыршының аузынан шыққан....
kz
Толық

Google Translate машинасын қазақша сөйлетуге әрбір қазақ үлес қоса алады

Орталық коммуникациялар қызметінің бүгінгі брифингі Google Translate+Kazakh жобасына арналды.


Google Translate – бұл Google компаниясына тиесілі ең танымал тегін машина-аудармашы. Бұл аударма құралын күніне 200 млн. адам пайдаланып, 1 миллиардтан астам аударма жасайды.


Аталмыш сервис 2001 жылы іске қосылды. Осы уақыт аралығында бұл бағдарлама 81 тілді қамтыды, соның ішінде екеуі түркі тілдері: әзірбайжан және түрік тілдері. 2 жыл бұрын Google Translate-ке қазақ тілін қосу жұмыстары басталып.....

kz
Толық

Оқытудағы жаңа тәсілдер. Диалогтік оқыту дегеніміз не?

[quote]
Қарағанды облысы
Ұлытау ауданы
«№11 Қоскөл орта мектебі» КММ
биология пәні мұғалімі Тортаева Айгуль Сериковна
Әріптестеріме өткізген коучинг – сессия. Өткізілген күні 21.11.2014
[/quote]

Тақырыбы: Оқытудағы жаңа тәсілдер. Диалогтік оқыту дегеніміз не?
Мақсаты: Диалогтің маңызын ашу, сабаққа оқыту нысаны ретінде әңгімелесуді енгізу. Барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аудару болып табылады.
Оқыту нәтижелері: Коучинг соңында мұғалімдер:
1. Оқыту мен оқудағы тілдің......[/quote]
kz
Толық

Онлайн нөмірін қайта тіркеу – алғаш рет Қазақстанда!

Еуропалық Tele2 операторы www.tele2.kz сайтында онлайн нөмірлерді қайта тіркеу бойынша жаңа қызметтің іске қосылғандығы туралы хабарлайды.

Қызмет белгілі мерзім аралығында Tele2 нөмірін қолданып, бірақ Қазақстан Республикасының ұялы байланыс қызметін көрсету ережелеріне сәйкес белгілі бір себептермен нөмірді тіркеуге үлгермеген абоненттердің қолайлылығы үшін жасалған. Енді нөмірді ұялы оператордың сайтында арнайы тарауда қайта тіркеуге болады. Абонентпен ұсынылған деректер Tele2 клиенттерге қызмет көрсету Департаментіне жіберіледі және келесі.....
kz
Толық

НҰРЛЫ ЖОЛ - БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ

Құрметті қазақстандықтар!


Бүгінде бүкіл әлем жаңа сындармен және қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Әлемдік экономика әлі де жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс салдарынан айыға қойған жоқ. Қалпына келу өте баяу және сенімсіз қадамдармен жүруде, ал кейбір жерлерде әлі құлдырау жалғасуда. Геосаяси дағдарыс пен жетекші державалардың санкциялық саясаты әлемдік экономиканы қалпына келтіруде қосымша кедергілер туындатуда.

Мен өзімнің тәжірибемнен алдын ала сезіп отырғанымдай, таяудағы жылдар жаһандық сынақтардың уақыты болады. Әлемнің бүкіл архитектурасы өзгереді. Барлық елдер осы күрделі кезеңнен лайықты өте алмайды. Бұл шептен тек мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар ғана өтетін болады. Қазақстан, әлемдік экономиканың бір бөлшегі.....
kz
Толық