18 сәуірде біз Семейден Аягөзге бет алдық. Казак бекеттері арқылы өтетін жол (олар станция қызметін де атқарады) сусыз сортаң далада жатыр. Біз мұнда бірінші рет көк шөп көрдік. Біз шыққан күні жылы болды, бозторғайлар өздерінің әдеттегі әніне салуда. Сулы шалғындарда бізге әртүрлі үйректер кездесті, әсіресе, Каспий теңізінде болатын тұрпан немесе атайка деп аталатын түрі жиі кездесті: олар тұзды суды жақсы көреді және осындай шөл далаларда ұшырасады, көбіне топталып.....
Адам өміріндегі ананың алатын орны ерекше. Түн ұйқысын төрт бөліп, өмір мен мейірімін сыйлаған ананы көзі тірісінде қадіріне жете білдік пе? Жұмақ - ананың табанының астында. Егер алыста болсаңыз, телефон шалып жағдайын біліңіз.Қым-қуыт тіршілік деп жүріп анаңызды бағалай алдыңыз ба? Әлде болмашы затқа араздасып қалдыңыз ба?
Өз уақытымызды, энергия мен ақшамызды қалай жарату керектігін бізден басқа ешкім шешпейді. Алайда, кез келген күш салынып істелген іс, жаратылған ақша мен энергия бізді бақытты ете бермейді.
Бірдеңені бастамас бұрын немесе сатып алмас бұрын төмендегі сұрақтарға шынайы жауап бере отырып, шешім қабылдауға тырысыңыз.
1. Егер мұны істесем, өзім үшін маңызды адамдармен қарым-қатынас жасай алам ба? Басқа адамдармен жақсы қарым-қатынас бізді бақытты етеді, осы маңызды шешімді қабылдасам, сол адамдармен.....
Ашура сөзі оныншы мағынасына келеді, өйткені Аллаh Тағала Пайғамбарымыздың үмметіне он үлкен кереметтер берген: 1) Режеп айы, 2) Шағбан айы, 3) Рамазан айы, 4) Қадір түні, 5) Ораза айты, 6) Зилхиджа айының он күні , 7) Арафа күні, 8) Құрбан айт күні, 9) Жұма күні, 10-Осы Ашура күні.
Бұл күні үйге ұсақ-түйек заттар алынса, бір жыл бойы үйде береке болады. Пайғамбарымыз Хадис шеріпінде «Кімде кім Ашура күні отбасының нәпақасын мол қылса, Аллаһ Тағала да.....
Жоғарғы әр түрлі шежіре кітаптардың сөзінен біздің қазақ Нұх пайғамбардың Яфас деген баласының нәсілінен, қытайша Тукю - біздің тілде түрік аталған халықтан екені анық болды. Түрік деген «дулыға» деген сөз екен. Онан соң бір кезде ғун, яки хун деп аталыпты. Оны Нәжиб Ғасымбек Орхон өзеніне қойылған аттан қойылды дейді. Онан кейін әр түрлі атпен бөлектеніп кетсе де, біз ұйғыр атынан шыққан елміз. Бұл ұйғыр деген «бірігіп қосылған» деген мағынада деп шежіре жазушының бәрі айтқан....
1. Қазақ тілінде 37 дыбыс, 42 әріп бар. 2. 40 әріп, 2 таңба бар. 3. Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар: - а, ә, о, ө, ы, і, ұ, ү, е, э, и, у. 4. Жуан дауыстылар - а, о, ы, ұ. 5. Жіңішке дауыстылар - ә, ө, і, ү, е, э. 6. Ашық дауыстылар - а, ә, о, ө, е. 7. Қысаң дауыстылар - ы, і, и, ұ, ү, у. 8. Еріндік дауыстылар - о, ө, ұ, ү, у. 9. Езулік дауыстылар - а, ә, и, е, э, ы, і.
10. Қазақ тілінде 25 дауыссыз дыбыс бар: - б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, т, с, ф, х, Һ, ц, ч, щ, ш. 11. Қатаң дауыссыздар - п, ф, с, ш, к, қ, т, ч, щ, ц, х, Һ. 12. Ұяң дауыссыздар.....
Сарыла күткен сары күз де келіп жетті. Жетті дегенім бергі жағы, күз көңілі қыз көңіліндей құбылмалы емес пе?! Таң намазынан кейін күн шапағы құдды бір ақшамға дейін нұр шашып тұратындай көрінеді. Бірақ, артынан сұрғылт бұлттар күн көзін бірде қымтап, бірде жайына қоя салады. Кешке дейін мың құбылып, кейде аспан тесіліп қалғандай шелектеп нөсер құяды дейсің. Түс ауып нөсерлетіп тұрған осындай кеште, төрт қабатты үйдің үшінші қабатында терезеге телміріп мен тұрмын. Кенет аулада көктің көз жасына рахаттана шомылған бойжеткен мен бозбаланы көзім шалды. Екеуі де төгіп тұрған нөсерге назданар емес, керісінше көңілдері көңшіп, әлгі бойжеткен бозбаланың белінен қысады. Дәл сондай жауапты жігіттен күткен қыз басын жігіттің құшағымен тұмшалауда. Жігіттің қалағаны да осы болар. Қызды бар құшағына сыйдырып, малмандай су болған шаштарын алақанымен тарағандай басынан қайта-қайта сипайды. Бір құшаққа сыйысып, бір-бірінен демеу тапқан мына екі жас неткен....