Шәкерім Құдайбердіұлы: ҮШ ЖҮЗГЕ БӨЛІНУІ

Шәкерім Құдайбердіұлы: ҮШ ЖҮЗГЕ БӨЛІНУІ

Біздің қазақтың үш жүзге бөлінгенін қазақтар былайша айтады. Әз-Жәнібек қазақты Қашқардағы Шағатай нәсіліне қаратқан соң, кешікпей сол кезде көшпелі басқа елдерді Жүніс ханның Ахмет деген баласы билеп, оның ағасы Жәнеке, шын аты Махмұд деген Ташкентте үлкен хан болыпты. Сонда Ахметхан қазақтың әскерге жараулысын үшке бөліп - Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз деп, қалмақты шаба берген соң, қалмақтар Ахмет ханды Алаши қойыпты, мағынасы - жан алғыш дегені. Оны естіген соң Ахмет: «Қалмақ бұл атты қорыққан соң қойды, енді қалмақты шапқанда «Алашылап шабыңдар» деген соң, қазақтар Алашилап шауып, сол қазаққа Ұран болыпты. Алаш - Алаш болғанда, Алашы хан болғанда, қалмақты не қылмадық деп, қазақтың мақтанғаны сол.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады