Қазақша өлең: Күләш Ахметова (Азан) » ZHARAR © 2016 | күләш ахметова Азан өлең стихи на казахском куляш ахметова казакша олен, күләш ахметова өлеңдері сайты, стихи на казахском языке куляш ахметова, куляш ахметова олендери, Азан




  • »

Қазақша өлең: Күләш Ахметова (Азан)

Қазақша өлең: Күләш Ахметова (Азан) казакша Қазақша өлең: Күләш Ахметова (Азан) на казахском языке

Шам қаласы. Ояндым таң алдында.
Таң алдында бөленді санам нұрға.
Ғарыш жақтан ғажап саз құйылып тұр!
Құдірет бары білінді маған мұнда.
Таң шапағын көруден артық бар ма?
Періштелер ұша ма қалқып таңда?
Алагеуім кез еді , елең-алаң,
Өн бойымды ұлы әуен балқытқанда.
Дұға деуге болады, тілек деуге.
Нүрлы рухқа толғандай жүрек, кеуде.
Ұлы әуез бе,
Әуеден жіберілген
Жан әлемін адамның реттеуге.
Қайдамын мен?
Қай мезгіл?
Нешік халім?
Жүргем жоқ па жұмақтың кешіп бағын.

Жат өлкеде жалма-жан есіме алдым
Мейманхана жанында мешіт барын.
Сыры - терең. Сырты - саз. Сұсы - мықты,
Құдіретін құранның ішім ұқты.
Мешіттерге кірмеген мен жазғанға
Бола кетті мезетте түсінікті,
Таң намазы уағы-ау. Бұл әлі азан.
Қасиетті ай еді рамазан.
Құдай деген жердегі пенделерге
Құран жолы - ғұмырлық ғұлама заң.
Сүрелері аяттың жан баурады.
Рухымда, тәнімде таң лаулады.
Шам қаласы шам жаққан жүрегімде
Аллаға деген сенім мәңгі орнады!
Лә-иллаһа-ил-Аллаһ!


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 201
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .