» » » Өлең: Күләш Ахметова (Самғау)

Өлең: Күләш Ахметова (Самғау)

Өлең: Күләш Ахметова (Самғау) казакша Өлең: Күләш Ахметова (Самғау) на казахском языке
Бақытым — далам деймін,
Қол қоямын.
Жаз гүлдеп, күзде бірге сарғаямын.
Ғажапсың,
Қасиетті де,
Данасың да —
Даласы аруананың, желмаяның!
Алатау, Қаратаудан сыр аңғардым,
Қалдырған қазынаңды,
Мұраңды алдым.
Мәстек пен жабыларды есіртпеген
Даласы қырандар мен құландардың.
Ақынға ақыл бердің,
Билік бердің,
Сүйінсең,
Сыбағалы сыйлық бердің!
Тұлпарды тұсамаған туған елім,
Даласы таланттардың, жүйріктердің!
Мен-дағы сөз тиген соң сөйлеп бердім,
Сөзіммен қарымдымын,
Қайраткермін!
Айбынды биігі мен айдыны бар
Даласы аққулардың, ләйлектердің!
Адамның мәңгі арманын, мәңгі ұранын
Бейнелеп,
Аштың оның нұрлы мәнін.
Махаббат,
қуанышты күйге қосқан
Даласы жүйрік, шешен домбыраның!
Күйіне домбыраның бебеулеген,
Қаламын таба алмай дәл теңеу де мен.
Әлемнің жүйріктерін жарыстырған
Даласы даңқты айдынның Медеу деген.
Зулайды поездармен дала бірге,
Үйренген жылдамдыққа бар өмірде.
Осынау мекенінен жүйріктердің
Ғарышқа жол тартады корабль де.
Құмай да, жез киік те — бәрі осында,
Дәл мұндай кең өлкені табасың ба?
Мен қалай ілби басып күн өткізем
Ылғи бір пырақтардың арасында?!
Ілесіп мезгіл деген мәңгі ағысқа,
Жасымнан кеудем толып толғанысқа,
Өнердің бәйгесінде
Тәуекел деп
Бастап ем бір қиын жол мен де алысқа.
Ілес деп қанат қақса құстар маған,
Ұшады ұясынан ішкі арман — ән!
Арнаған маған да бір сөрең бар-ау,
Самғауға, самғатуға құштар далам!

Автор: nurgul95 | 149 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Күләш Ахметова (Бірге туған үш бала)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Бірге туған үш бала)
Өлең: Күләш Ахметова (Таң шапағына құштармын)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Таң шапағына құштармын)
Өлең: Күләш Ахметова (Кенен)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Кенен)
Өлең: Күләш Ахметова (Сарыағаш саздары)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Сарыағаш саздары)
Өлең: Күләш Ахметова (Алатау)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Алатау)
Өлең: Күләш Ахметова (Өз елім)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Өз елім)
Өлең: Күләш Ахметова (Қар жауып тұр қалада)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Қар жауып тұр қалада)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Сыздыққа)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Сыздыққа)
Өлең: Әбіш Кекілбайұлы (О табиғат өкпелімін өзіңе)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Әбіш Кекілбайұлы (О табиғат өкпелімін өзіңе)
Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Кім ұрлады сендегі қуанышты)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Кім ұрлады сендегі қуанышты)
Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Жазылмаған жырым сенсің)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Жазылмаған жырым сенсің)
Қазақша өлең: Күләш Ахметова (Қазақстаным)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Күләш Ахметова (Қазақстаным)
Қазақша өлең: Күләш Ахметова (Азан)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Күләш Ахметова (Азан)
Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Алатау)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Алатау)
Қазақша өлең: Күләш Ахметова (Жан дала – жәннат дала)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Күләш Ахметова (Жан дала – жәннат дала)
Қазақша өлең: Жамбыл Жабаев (Сыздық Сұлтанға)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Жамбыл Жабаев (Сыздық Сұлтанға)

KZ / Өлеңдер жинағы, күләш ахметова Самғау өлең стихи на казахском кулаш ахметова олен казакша, күләш ахметова өлеңдері, кулаш ахметова олендери, кулаш ахметова стихи на казахском, Самғау, күләш ахметова Самғау өлең стихи на казахском кулаш ахметова олен казакша күләш ахметова өлеңдері кулаш ахметова олендери кулаш ахметова стихи на казахском Самғау, Өлең: Күләш Ахметова (Самғау) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке