Қазақша өлең: Шортанбай Қанайұлы (Дария құйсаң толар ма?..) » ZHARAR © 2016 | шортанбай қанайұлы Дария құйсаң толар ма өлең стихи на казахском шортанбай канайулы казакша олен, шортанбай қанайұлы өлеңдері сайты, стихи на казахском языке шортанбай канайулы, шортанбай канайулы олендери, Дария құйсаң толар ма




  • »

Қазақша өлең: Шортанбай Қанайұлы (Дария құйсаң толар ма?..)

Қазақша өлең: Шортанбай Қанайұлы (Дария құйсаң толар ма?..) казакша Қазақша өлең: Шортанбай Қанайұлы (Дария құйсаң толар ма?..) на казахском языке

Дария құйсаң толар ма?..
Сүмбіле туып күн болмай,
Көкрай шалғын болар ма?..
Кәрілік пенен мінезге
Білсеңіз, бағым болар ма?
Сүтке біткен мінезге
Сүйекпен кетпей болар ма?..
Ерден қайыр кетпесе,
Өлтірмейді есікте,
Өлшеп берген несіпке.
Сөйлес деген мейманга
Сез қатқанша кешікпе.
Халықпенен қас болып,
Оңбас түске өшікпе.
Ердің құны сот емес,
Қисабын тапқан сабазға,
Төрден орын тимейді
Патша болса да малы азға.
Мойнын бұрып сөз қатпас
Көңілі қалған аразға...
Шынарға біткен мақтадай
Шырайлы болса алғаның,
Халал сүт емген жолықса
Болар ма еді арманың?
...Бай бол - малың не керек?
Патша бол - тағың не керек?
Жалғыз-ақ ойла дүниені
Сапардан жалғыз қалғаның.
Сөзіміз бітті, мен болдым,
Енді шықпас әңгіме.
Бәйіт айтып, баян қып,
Жанастырдым әрнеге.
Мәселе кітап шығардым
Кейінгі қалған пәндеге.
Бес ауыз сөз айттым деп
Мақтандың, тілім, сен неге?
Қой, көмейім, тәубе қыл,
Асылық қылма иеге!
Жасың жетті алпысқа,
Жеті ғалам астында
Даусың кетті алысқа.
Өзіңнен өрнек жайылды
Жақынға, туған, қалысқа.
Юзанысы зар көрген
Өзімнен қалсын балаға,
Кетпесе сөзім далаға.
Жоғалтпаса өзімді,
Жоқ қылмаса сөзімді,
Мен риза аллаға.
Бұ бәйітті шығарған
Біз, бейшара ғаріп Шортанбай.
Есте де болар әр топта -
Мұны білген (қоймас) ойламай...
Сөзім қалсын артымда,
Бір күн болар қиямет.
Дұға қылып, қол жайғай
Мұны есіткен әлеумет.
Шортанбай әл үстінде жатқанда әмме отырған халайық: «Біздерге бір насихат айтыңыз»,- дейді. Сонда айтқаны:
Адамның жалған дүниесі,
Дүние - жолдас қимасы.
Дүниені жолдас демеңдер,
Көп болар-ды күнәсі.
Өлгеніңше тою жоқ,
Түңілмей ырза болу жоқ.
Жалғанның арты жақын деп,
Жегенің қазақ қою жоқ.
Сәлем айтып кетейін,
Ағайын мен туғанға,
Бала менен қатынға,
Насихат шашып кетейін
Аз ғана сөзді артыма.
Не ғаріптік десеңіз,
Бүгін менің басымда:
Жетім болып ұл қалды,
Жесір қатын тұл қалды.
Ала көжеге қаңсыған,
Қаратауда халық едім,
Қожа емес едім, сарт едім,
Көк есекті мінуші ем,
Масақ теріп жүруші ем,
Арқаға шығып нан жедім,
Юзанысы - тілек.
Нан жеген соң дәндедім
Қазақтың жүйрігін мінсем деп,
Сұлу болса сүйсем деп,
Күннен күнге сәндендім.
Арқадан қылдым жайлауды,
Әркімнен алдым байлауды.
Қиямет күн болғанда
Қандай жерде мекенім.
Мен ғаріптің сайлаулы?
Әмме алдына шай қойды, шайдың жарымын іше алмай, шыны-аяқты жерге қойды, бұ сөзді айтады:
Қалықтаған сұңқар ем,
Қанатым сынды ұша алмай,
Қиядан қуға түсе алмай.
Нәпсім, қарар таптың ба
Дүниеге тоймайтын,
Бір шыны шай іше алмай,
Жалғаннан дәмім таусылды...
Билер, пара жемеңдер,
Жалғанда жолдас демеңдер.
Ақирет қамын іздеңдер.
Жалған бетті кезбеңдер.
Кісі хақын алмаңдар,
Аузыңа харам салмаңдар.
Дүние жиып өткен жоқ
Бізден бұрынғы пайғамбар.
Сөзін айтайын үлкендер:
Әлің келсе, Меке бар,
Артық дәулет біткендер!
Старшын, болыс болам деп,
Ысырап қылып малды төкпеңдер!
Таяндың енді өлімге,
Алты табан көріңе.
Сатып алған күнәнің
Кешуі болмас күнінде.
Ұл атаны сыйлайды,
Ендігі туған балалар,
Атаңның сөзін бұзбаңдар!
Сәлем айттым бәріңе:
Қызмет етіп жүріңдер
Басшы біткен кәріңе.
Өлгеннен соң қоймайды
Тірідегі халіңе.
Үлкендер, саған айтайын:
Мал басына бармаңдар,
Ақирет қамын қармаңдар,
Дүниенің боғы үшін,
Сірә, тіпті азбаңдар!
Тентек болма балаға,
Безер болма келінге.
Қадірің кетер еліңе,
Қарауыл қой сөзіңе.
Қанша нәрсе ереді
Өлгеннен соң өзіңе.
Қарай алмай жүрерсің
Таңда махшар күнінде
Құдайдың жүзіне.
Атаның тілін ұлы алмас,
Ананың тілін қызы алмас.
Айта беріп қайтейін,
Өлінің тілін тірі алмас.
Жақыннан шыққан жақсыны
Ағайын жұрты көре алмас.
Заман ақыр белгісі -
Бірге туған бауырың
Тату да болып жүре алмас...
Қызмет етпей мен өттім
Ата менен анама,
Қарнақтағы сәлем айт
Үш қайтара бабама.
Бабама қол бермедім,
Меке жүзін көрмедім.
Қайғылы болып барамын
Жалғанда жеген парадан.
Және сәлем айтайын
Бауырлас туған ініме,
Дүние деген осы ғой,
Жалғыз маған ерді ме?
Не деп жауап береміз
Қияметтің күнінде?
Жұрт тамаша болушы ед
Жалғыз ауыз сөзіме.
Дүние ыстық көрінді
Құрғыр менің көзіме.
Жалғанға тіпті тоймадым,
Өлмеймін деп ойладым.
Дүниенің боғы осы деп,
Өлгенімше сайрадым.
Тәубе қылмай жасымда,
Қанша пәле болады
Қиямет күн басымда?
Қасықтап жиған көп малым
Қалды менің артымда.
Жігіттің жасы жиырма,
Өлім деген қиын ба?
Жұртты жеген Шортанбай
Төрт қарыс бөз бұйырмай
Қалды менің артымда.
Дұғай сәлем айтайын
Бесатаның ұлына!
Дүние малы ермеді
Өлген ердің соңына.
Жалған жақсы көрінді
Мен байғұстың сорыма.
Опасы жоқ сұм дүние
Оттан ыстық болар ма,
Қалды ма көрдің астында?
Қарындас ермес қасыңа,
Тіріде көрген ағайын,
Дұға қылып жүріңдер
Өлгеннен соң басыма.
Дұғай сәлем айтайын
Карсон менен кернейге?.
Қазақтан алған қарызым
Көлденең тұрды көмейге.
Ақын, шешен көрсем деп,
Айласпаңдар мендейге!
Дұғай сәлем айтайын
Тобықтыда Құнанбай!
Кімнің тағы қалады
Өлгеннен соң суалмай?
Осы дәулет барында
Талап қылсын Мекені
Ақиреттен құр қалмай.
Аз ғана қорған болып өт
Ағайын мен туғанға.
Жалғанда жиған нәрсенің
Пайдасы жоқ қу жанға.
Түпнұсқада бұл жол
«Қарсу менен керейге» деп берілген
Дұғай сәлем айтайын
Көппай менен Нұрланға!
Харамды мал демесін,
Зәбір болар иманға.
Қазақтан пара алмасын,
Ұмытпай жүрсін алласын,
Құдайдан қапы қалмасын,
Өлгенді менен барласын.
Дұғай сәлем айтыңыз,
Шорман ұлы Мұсаға!
Дәулеттің барында -
Қорқынышты жер алдында,
Тәубесіз өтіп кетпесін
Бес күндік жалған қызыққа.
Дұға сәлем айтайын
Қуандықта Қоңырға!
Қуанбасын көңілге,
Мал деген хайуан доңызға.
Тура келген ажалға
Дәулеті ара болар ма?
Ақиретте көз салсын
Баратұғын орынға.
Білсін алла жарлығын,
Алдында өлім барлығын,
Құдай досты Мұхаммет,
Оның да алған жалғызын.
Көргенімше күн қанша,
Мұхаммет өтті, Мұстафа,
Дүниеге тоймаған,
Өлгенінше шайнаған,
Енді де болдым бек қапа.
Дұғай сәлем айтыңыз
Қатын менен балаға,
Тапсырдым енді жалғызды
Расул алла құдаға.
Дүниенің боғы үшін
Мендей болып қаңғырып
Көп шықпасын далаға.
Қастық қылмасын жақынға,
Қайырлы болсын халқына,
Не ғаріптік десе де,
Енді түсті басыма,
Жетім қалды-ау жасында!
Дұғай сәлем айтайын
Жесір қалған қатынға,
Тоқтасын сөз бен ақылға..
Қайғының ісін салмасын
Жалғызының басына,
Қалмасын көздің жасына.
Ә, дариға, жалған-ай
Жалғанның енді қалғаны-ай,
Шортанбайды алғаны-ай,
Қайғыны басқа салғаны-ай,
Не шара бар, құдайдың
Әзелде жазған пәрмені-ай!
Таты да сәлем айтайын
Қалың жатқан Сарымға,
Бай менен жарлы көп жедім,
Құдайдың берғен бағында.
Өлімнің жақын екенін
Біле алмап едім алдымда.
Шүкір де қылмай қайтейін,
Ажал келсе тұрмайды
Патшалар да тағында.
Тәубе деп қылмай қапы өттім,
Өлерімнің шағында.
Құдайдың ісі бұзық па,
Әуелде менің ғұмырым
Құдіреттің жазған сызықта.
Ұл атадан айрылған,
Әркім де біздей қайғырған...
Әмме отырған халайық.
«Ендігі заманның адамдары қандай болар, біздерге бір жауап айтыңыз?»- дейді. Сонда айтқаны:
Бір насихат айтайын,
Тыңда мұны, балалар!
Есіткендер ұмытпа,
Қайсыңда сенің сана бар?
Жақсың аттан жығылса,
Жаманың тұрып табалар.
Ендігі сорлы бейшара
Қорыққанға барып паналар.
Қария қалды ақылдан,
Қастық шықты жақыннан
Ендігі күнің кем болған,
Тәубе қылмай қапы өттің
Әуелгі бұрын жасыңнан.
Бай кедейді көрмейді,
Кедей байға ермейді,
Қызметін бір күн қылмаса
Майлы сорпа бермейді -
Әне байдың қайыры!
Бұрынғы өткен адамның
Міне, келді тайыры
Жалғанда қылған ісінің
Алдыңнан шығар ғайыбы.
Байды құдай атқаны -
Жабағы, жүнін сатқаны.
Кедейің қайтып күн көрер,
Жаз жатақта жатқаны.
Жаздай арық қазады,
Күздей пішен шабады.
Оны-мұны жиғанын
Шығын деп тілмаш алады.
Жалғыз сиыры бар болса,
Соғымына сояды,
Қағаздатып бұзауын
Ноғайына қояды.
Кедейге салып шығынды
Негізі байдың тояды.
Қылымсыған қатыны
Қызыл көйлек киеді,
Өзінің байын менсінбей,
Көрінгенді сүйеді.
Осы мінез болған соң,
Дозаққа пенде күйеді.
Ендігі байға мал бітсе,
Елубасы, онбасы.
Шайдан басқа асы жоқ,
Жақыннан басқа қасы жоқ,
Ендігінің мырзасы.
Әмме отырған халайық: «Мына Асан қожаға ғарыз айты-ңыз?»- дейді. Енді айтқаны:
Сөз айтайын Асанға,
Дүниеңе мақтанба!
Япырмау, неге мақтандың,
Дәулетің судай тасқанға?
Дүниеқордың маясы.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 587
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .