Қазақша өлең: Шәді Жәңгірұлы (Замана толғауы) » ZHARAR © 2016 | Шәді Жәңгірұлы Замана толғауы өлең стихи на казахском шади жангирулы жангиров казакша олен, шади жангирулы жангиров казакша олендер, Замана толғауы, замана, замана өлеңі, замана толғауы өлеңі




  • »

Қазақша өлең: Шәді Жәңгірұлы (Замана толғауы)

Қазақша өлең:  Шәді Жәңгірұлы (Замана толғауы) казакша Қазақша өлең:  Шәді Жәңгірұлы (Замана толғауы) на казахском языке

Біссіміллә, деп сөз бастайын,
Жүректен шыққан сөзімді
Ортаға жайып тастайын.
Жаратқан Ием құдірет
Ақ жолыңды нәсіп ет,
Бойыма қуат дарытып
Тілегімді қабыл ет.
Ақиқатқа жол нұсқап
Тиегін ашып тілімнің,
Мынау бейбақ құлыңның
Айтқан сөзін асыл ет.
Қолдаушы болсын досыңыз
Расул-АЛЛА Мұхаммед,
Пайғамбардың достары
Төрт Шадияр атанған,
Әбубәкір, Омар мен
Осман, Әли Әзірет,
Жолына сап біздерді
Қолдауын АЛЛА нәсіп ет.
Жарты әлемді аралап
Ислам дінін таратқан,
Пайғамбардың туысы,
Қожалардың бабасы
Ханафия – Мұхаммед,
Әзірет пірім қолдай гөр.
Сан мыңдаған сахаба
Қол – басшысы Құттықожа,
Ту ұстаушы Укаша
Ерқоян Ата Садуақас,
Сақаба пірлер қолдай гөр.
Алланың Шері атанған
Әзірет - Әлиден тараған,
Мұсылманның Пірлері
Шах – Ысқақ-баб, Хорасан.
Әулие – Ата - Қарахан
Ислам дінін алып кеп,
Елімізге таратқан
Әулие Бабтар қолдай гөр.
Қысылғанды желеген
Аян беріп жебеген,
Баба – Түкті - Шашты - Әзиз
Әулие бабам қолдай гөр.
АЛЛАның ерке құлы еді
Қырық – Шілтенге Пір болған,
Рухтардың патшасы
Ғаусыл - Ағзам атанған,
Абдул - Қадыр Әзірет
Әулие Пірім қолдай гөр.
Жар бола гөр, йя АЛЛА
Жиылған осы қауымға,
Лә - илләһә - илАЛЛА
Мұхаммада Расул – Алла.
Һақ - тағалам қолдасын
Қыдыр болсын жолдасым,
Періштелер қаумалап
Тілекшім боп қол жайсын.
Ыбырахим - Шайық Әулие
Қолдаушы бол біздерге,
Арыстан – Баб Салмани
Әулиелердің Сұлтаны
Құл - Қожа - Ахмет - Яссауй.
Сын сағатта Халықты
Алып қалған қырғыннан,
Шынғысханды тоқтатып
Ұрпағына Пір болған,
Яссауйдің ағасы
Садыршайх баласы,
Зарнуһи – Әулие - Данышпан
Әзірет Пірлер қолдай гөр.
Тарихат жолын ұстаған
Ғұламалар ілімді:
Садыршайх, Зеңгі – Ата
Бахауаддин, Құсшы – Ата,
Мауланайы – Сафиаддин
Тілеулі – Ата Захиаддин,
Ыбрайымшайх - Қауғани
Бұрханшайх, Оқшы – Ата,
Үсеншайх, Бақсайыс
Сунақ Ата, Әлқожа,
Бәйменқожа, Айқожа
Шерахан ата Әулие,
Қарашайх бабалар
Дұғасымен қорғаса.
Алға басар ісіміз
Әулие Пірлер қолдаса,
Тілесең, АЛЛА жар болар
Тілегімді қабыл ал.
Тура жолдан тайғандар
Күніне көрген зар болар,
Көмек берсін біздерге
Жатқан Қазақ жерінде,
АЛЛАның сүйген құлдары
Үш – жүз алпыс Әулие.
Шарапатын тигізсін
Жиналып келген бәріңе,
Талай науқас жандарды
Дауасыз дерттен құтқарған,
Бір Аллаға сиынып
Шипа сұрап тілейік
Әзіреті Хәкім Лұһманнан.
Пайғамбардың әулеті
Әзіреті Әли ұрпағын,
Шариғаттың заңында
Дін егесі Қожа деп,
Мұсылмандар Пір тұтқан.
Бір Аллаға сыйынып
Пірлеріне бас иіп,
Асанқайғы бабамыз
Жер ұйықты іздеген.
Қорқыт – Ата қобызбен
Күнрентіп күй төккен,
Қобыланды, Алпамыс
Сейдақ – батыр, Жас – Сауран.
Ақсақ Темір көреген
Қара - Керей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай
Райымбек пен Қарасай,
Албан, Қапал, Сыпатай
Шапырашты - Наурызбай,
Көреген хан Абылай
Ер - Жалаңтөс - Бахадүр,
Өтеген, Есет, Байғозы
Бұхарбай мен Ағыбай,
Жәнібек, Тархан, Ертөлек
Кенесары, Наурызбай,
Қарабура, Жанқожа
Жақып батыр, Еркөкен,
Жаудан елін қорғаған
Қысылғанда жандары,
Әзіреті Әли пірім деп
АЛЛАадан медет сұраған.
Төле, Қазбек, Әйтеке
Ел бірлігін қолдаған,
Бұхар жырау Қазтуған
Ақтамберді, Доспанбет
Жырдан дауыл тұрғызған.
Мәшһүр, Жүсіп, Шәкәрім
Кенен, Жамбыл, Сүйінбай
Елдің мұңын жырлаған,
Әл – Фараби Дулати
Баба – Машын Сүлеймен,
Хакім, Абай, Құнанбай
Бекет – ата, Бәйдібек,
Байдалы – би, Баянбай
Мейрам сопы Ақ – йшан,
Марал – йшан, Құлболды
Арқалы бақсы Қойлыбай,
Айтжан-ата Дамулла
Ташмұхаммед Қажылар,
Әубәкір Қарылар
Камал әулие - Қары-Ата,
Қосым йшан Әулие
Мүсірәлі Әулие,
Пірлеріне қол беріп
Шариғат жолын ұстаған,
Бабаларым қолдай гөр.
Оңтүстік пен солтүстік
Батыс, шығыс өңірде,
Жатыр талай бабалар
Қорған болған еліне,
Арқалы туған батырлар.
Дуалы ауыз билерім,
Орақ тісті ақындар,
Жырауменен жыршылар
Рухыңменен жебей гөр.
Жаратқан АЛЛА жар болып
Тура жолдан тайдырма,
Ібіліспен жолдас қып
Айналдырма азғынға.
Адастырып ақ жолдан
Имансыз етіп қалдырма,
Һақ жолыңды сілтей гөр
Адасып жүрген қауымға.
Бабалар салған сара жол
Имам – Ағзам мәсһабы,
Халқымның салт – дәстүрін
Шариғатпен ұштады.
Асыл текті Аталар
Дінін берік ұстады,
Аманат етіп ұрпаққа
Тура жолды нұсқады.
Арада жылдар өткенде
Қатты батты жаныма,
Замананың қыспағы
Ата жолдан адастық.
Осы емей немене
Бастан бақтың ұшқаны,
Жолын таппай шатасып
Халқым кетті адасып.
Алдамшылар көбейді
Әулиемін деп таласып,
Сең соққандай сенделіп
Ата жолын ұмытты.
Теріс жолға бұрылып
Көрінгенді Пір тұтты,
Әйел де Пірге айналып
Мазар басын шу қылып
Мазалады Рухты.
Жүректен шыққан сөздердің
Бәрін тура санама,
Жын сөзі ме, кім сөзі
Оны да оймен сарала.
Кәлима айтып әуелі
Өзіңді өзің тазала,
Әулие кірсе түсіңе
Көрінгенді Пір тұтпа.
Әулиелерді құрметтеп
Ұрпағын іздеп жағала,
Батасын алып Пір тұтсаң,
Қолдайды сені бір АЛЛА.
Жолдан тайып кетсеңдер
Имансыздық етсеңдер,
Жетегінде шайтанның
Қаларсың бір күн далада.
Пірсіздерге Пір шайтан
Болмас онда еш Иман,
Талай жанды азғырып
Дұрыс жолдан тайдырған.
Сақтасын Алла сақтасын
Жын – шайтанның кәрінен,
Қырық саққа бөлінген
Жалған діннің бәрінен.
Діннің жолын ұстанған
Жалған Пірлер көбейсе,
Дін бөлінер сан-саққа,
Дұрыс жолдан адасып
Кетер Халық жан-жаққа.
Ей, жиналған қалайық
Өткенге көз салайық,
Сөзіне ермей әркімнің
Шындыққа тура қарайық.
Сан ғасырдан жалғасқан
Ата салтын бұзбайық,
Бұрынғы өткен Бабалар
Қадір тұтып дәстүрді,
Әулиелерді құрметтеп
Ұрпақтарын қадірлеп,
Дін егесі Қожа, деп
Пірге қолын тапсырды.
Дін егесі, Пірің болса қасыңда
Һақ жолынан барынша
Адаспайсың расында,
Пірлердің де, Пірі бар
Киесі мен құпиялы сыры бар,
Деп айтылған ілгеріден
Халқымыздың салтында.
Күйші атасы деген бар,
Жыршы атасы деген бар,
Күй мен жырдың иесін
Пірге теңеп айтпаған.
Пірдің сырын білмеген
Нағыз Пірін танымас,
Пір, деп айтқан Халқымыз
Қасиетті Құранмен
Діннің ғана егесін.
Дін жолында ғұламалар білімді
Ұстаздарын, хазіреті–Пір, дейді,
Һақ Ислам шариғаты Заңында
Әзіреті Әли әулетінен шықпаған
Нағыз Пірдің санатына кірмейді.
Деп айтыпты, Дін-Ислам Пайғамбар.
Парыз болды Мұсылманға айтқандары
Бір АЛЛАға сыйынған,
Асыл текті Халқымыз
Дін Исламға жат емес.
Ата дәстүр салтымыз
Ата жолын іздесең,
Дін Ислам Һақ жолы,
Осы жолдан айныма
Болар саған бақ жолы.
Дін егесі Мұстафа-
Расұл – АЛЛА Мұхаммед,
Қорғаушысы Құранның
Алланың Шері атанған,
Әлемге Дінді таратқан
Шадияр Әли Әзірет.
Һақ жолында Піріміз
Әзіреті Мұхаммед-
Ханафия ұрпағы,
Қожалардың баршасы
Күнге дейін қиямет,
Жаратқан Йем жар болып
Түркі тілдес Халқыма
Осыны лайым нәсіп ет.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 325
Рейтинг:
(голосов: 0)

KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы, Шәді Жәңгірұлы Замана толғауы өлең стихи на казахском шади жангирулы жангиров казакша олен, Шәді Жәңгірұлы өлеңдері сайты, стихи на казахском языке шади жангирулы жангиров, шади жангирулы жангиров казакша олендер, Замана толғауы, замана, замана өлеңі, замана толғауы өлеңі, Шәді Жәңгірұлы өлеңдері, шәді жәңгірұлы өлеңдері, Шәді Жәңгірұлы Замана толғауы өлең стихи на казахском шади жангирулы жангиров казакша олен, Шәді Жәңгірұлы өлеңдері сайты, стихи на казахском языке шади жангирулы жангиров, шади жангирулы жангиров казакша олендер, Замана толғауы, замана, замана өлеңі, зам, Қазақша өлең: Шәді Жәңгірұлы (Замана толғауы) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .