Олжас Отар (Бекіну)

 Олжас Отар (Бекіну)

«Лә Иләһә илләллаһ,
Мұхаммәдур Расулуллаһ»,
Имам Ағзам — мазһабым.
Мұсылманмын асқақ үн.
Шайтанның еріп соңынан,
Бұлт шалмасын аспаным.
Бір Аллаға сыйынам,
Қолдай алар басқа кім?
Бір Алланың арқасы,
Сандығын жырдың ашқаным.
Құдайдан тілеп медетті,
Қысылғанда саспадым.
Құлшылық қылсам күн-түні,
Жалындап өтер жас шағым.
Алланы танып өтейін,
Өмірде мынау қас-қағым.

* * *

Мұсылман болып бір беті.
Кәпір болып бір беті.
Өзгеріп кетті бүгінде,
Қазағымның келбеті.
Қайда кетіп барасың,
Мұхаммедтің үмбеті.
Орындалмай жатыр ғой,
Пайғамбардың сүннеті.
Қайда кеткен халқымның,
Құранға деген құрметі.
Жұртыма менің жұқпасын,
Күпірліктің індеті.
Мойынсұну Аллаға,
Мұсылманның міндеті.
Мұсылманды түбінде,
Мойындайды жер беті.

* * *

Ақылды жан алданбас,
Ақылсыз жан қорғанбас.
Бұхар жырау айтқандай,
«Алла деген ар болмас,
Хақтың жолы тар болмас».
Құдайға мойын бұрмасақ,
Қысылтаяң күн туса,
Жаратқан Өзі жар болмас.
Бес уақыт намаз оқысаң,
Ақырет күні инша Алла,
Тозақта жаның қор болмас.
Бір Құдайдан қорық та,
Жайнамазбен бол жолдас.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі