Бақытгүл Бабаш (Бәйшешек-сезімім тым ерте солар ма?)

 Бақытгүл Бабаш (Бәйшешек-сезімім тым ерте солар ма?)

Бәйшешек-сезімім тым ерте солар ма?
Бәрін де ұмытам, сен енді оралма!
Бітпейтін керістен болды ма жауыр Түн?
О, неге өткеннің наласы ауыр тым?
Өткеннің наласы өртесін тек мені,
Бұл көктем біздерді бөлуге кеп пе еді?
Кінәсі жоқ күннің, жердің де, аспанның,
Ақырғы беті бұл біз жазған дастанның.
Сен берген шербеттен у татып тұр әлі.
Жүрегің деп сенгем жырымның тұрағы.
Өзіңсіз өмірге симаймын мен енді,
Қазір-ақ кетер ем, қимаймын өлеңді!
Өлеңді, көбелек ернінде көз ілген,
Аяймын, түндерде таба алмай төзімге ем.
Кінәлі емес ол сүймесе сүйгенім,
Ешкімге керексіз, дерексіз күйдемін.
Көктемнің келгені мұнша ауыр болар ма?
Жас болып тама сал жанардан. Оралма!
Бейуақта бұзды кім махаббат қамалын?
-Қош!- деуден басқаға қалмады амалым...

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?