Қазақша өлең: Бауыржан Қарағызұлы (Қоңыр күз. Саябақ. Қыз мұңы) » ZHARAR © 2016 | бауыржан қарағызұлы өлеңдері, бауыржан карагызулы олендери, стихи на казахском языке бауыржан карагызулы, акын бауыржан карагызулы, Қыз мұңы, Саябақ., Қоңыр күз.




  • »

Қазақша өлең: Бауыржан Қарағызұлы (Қоңыр күз. Саябақ. Қыз мұңы)

Қазақша өлең: Бауыржан Қарағызұлы (Қоңыр күз. Саябақ. Қыз мұңы) казакша Қазақша өлең: Бауыржан Қарағызұлы (Қоңыр күз. Саябақ. Қыз мұңы) на казахском языке

Неге, неге???
Неліктен сол күбірге құлақ түрдім?!
Айтсаңшы, керең тағдыр сұрап тұрмын?!!
……………………………………………
…Ол сыйлаған заттарды, көйлектерді
өртедім, жырттым бәрін лақтырдым!
Қоңыр Күз
тек сен қана түсінесің,
Мен тағы..,
тағы, міне..,
жылап тұрмын…

Осыған кім кінәлі?! Түн…
Түн кінәлі!
Неменеге мына Жел жұлқынады???
«Сүйеді… Жо-жоқ.., мені сүймейді ол,»
Ұмытты…
…Сағынады мүмкін әлі)))???

Есімде тымық түнде, тұнық таңда…
Жанымды жалғыз сөзі жылытқанда…
Ол және Мен, күллі әлем талықсыған,
Ол шомылып мендегі қылықтарға…
Мен…
Құрып қалғыр!!!
«…Қайда асығып барады мына адамдар!??»
«Обал» деген ұғымды ұмытқан ба??!

О, Тәңір-ай!
Жас емес..!
Жас емес, қан жылайды қас-қабақта,
Қисық жол кесірлікке бастамақ па?!
Білмейтін, ешкім мені танымайтын,
Қаңғып кетсем қайтеді басқа жаққа??!

Қоңыр күз-ау,
Қоңыр күз…
Мұңымды, сорымды да аймалаған,
Сөйлеші, қайтем енді, қайда барам??!
Мен – сары жапырақпын…
Мен қызбын, ақымақпын, кешіре сал,
Жалғыздық жылатарын ойламаған!

Келер күз…
Келер күз нені маған бұйыртады??
Былтырғым қайталанды биыл тағы…
Шынында бұл Уақыт өтірікші,
Алдайды, құр қиялға сыйынтады!

Неліктен селт етпейді бұл адамдар??!
Құдай-ау, Ұят өліп, жылағанда Ар.
…Қоңыр Күз, мұңлы аспан, жапырақтар,
Ол жайлы менен енді сұрамаңдар!


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 226
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .